kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары: ?олданбалы курс. Функция та?ырыбын ?айталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

?олданбалы курс ?шін саба? жоспары.Жас м??алімдерге к?мек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары: ?олданбалы курс. Функция та?ырыбын ?айталау»

«Функция » тақырыбына сабақ жоспары


К.Т.Толекова Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы ОМ



Сабақтың тақырыбы:   Функция тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты: Аталған тарау бойынша алған білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.
Сабақ міндеті:

а) Білімдік: Оқушының тақырып бойынша математикалық білімін,өзіндік ізденісін дамыту;
ә) Дамытушылық:   Оқушының танымдық қызығушылығын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тақырыпқа сәйкес  білімдерін тереңдетуге күш салу;
б) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, дәлдікке, өз жетістігін бағалай білуге, қарым-қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту сияқты рухани тәрбие негізін қалыптастыру.

Сабақ типі: Тарауды жинақтау және білімді бағалау.

Сабақтың түрі:   Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі: Жарыс

Сабақта қолданылатын технологиялар: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.

Көрнекілігі: карточкалар,графиктер, фишкалар,компьютер,интерактивті

тақта,слайдтар,бағалау парағы..

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды топқа бөлу. Әрбір топ- вагон. (І-вагон, ІІ- вагон )

2. Жол серігін тағайындау.

3. І-станция:  Функция

ІІ-станция:  Бекіту

ІІІ-станция:  График

ІV-станция:  Ізденушілер

V- станция:  Тапқырлар

VI-станция: Қорытынды

1. Қызығушылығын ояту.

Тақтада  Г. В. Лейбниц суреті  көрсетіледі.

Бес жолды өлең (синквеин )

Кім? Не?-ғалым

Қандай?-Ойшыл,талантты

Не істейді?- жазады,шешеді, ізденеді.

Сөйлем-Ғалымдардың аты тарихта қалады.

Синоним-математик.

“Функция” терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі,математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц  болатын. “Функция” сөзі латынның functio  сөзінен шыққан,қазақша орындау,атқару дегенді білдіреді.

І-станция:  Функция. (Ой қозғау)

Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады.Егер қойылған сұраққа өз кезегінде жауап бере алмаса,жауап беру қарсы топқа беріліп,дұрыс жауап берілсе, фишканы сол топ алады.

1. Сызықтық  функцияның формуласын жазыңдар. (у=кх+І )

2. Тура пропорцианалдықтың формуласын жазыңдар. (у=кх)

3. К-қалай аталады ? (Бұрыштық коэффициент)

4.Сызықтық функция мен тура пропорционалдықтың қандай ұқсастықтары бар?

(Олардың графиктері түзу сызық)

5.Сызықтық функция мен тура пропорционалдық функцияларының қандай айырмашылығы бар?(Сызықтық функцияның графигі координаталық осьтерді қияды, ал тура пропорционал функцияның графигі координаталар жүйесінің бас нүктесі арқылы өтеді)

6.  у=І функциясы қалай аталады?  ( Тұрақты функция)

7. Тұрақты функцияның графигі қалай орналасады? (ОХ-осіне параллель болады)

8.Сызықтық функциялар графиктерін бір координаталық жазықтыққа салсақ, олар қалай орналасады? (Қиылысады,не параллель болады)

9.Қандай жағдайда екі сызықтық функцияның графигі қиылысады? (Бұрыштық коеффициенттері әртүрлі болғанда)

10.Қандай жағдайда екі сызықтық функцияның графиктері параллель болады? (Бұрыштық коеффициенттері бірдей болғанда)

11. Қандай жағдайда түзулер ординаталар осінде бір ғана нүктеде қиылысады?

(І-дің мәні бірдей болғанда)

  1. Сұрақ: Жиын мен оның элементі арасындағы қатынас символдық түрде қалай белгіленеді және аталады? Жауабы: х Е, х – элемент, Е – жиын, «» - жатады. Оқушыға ескерту: «тиісті» деген міндеттейтін мағынада қолданылады, сол себептен «» белгілеуін атауға жарамсыз. Мысал: Е жиыны 200,500,5000 теңгелерден, ал F жиыны 200,100,1000 теңгелерден құрылған болсын. Әрине, 200 теңге Е және F элементі болуы міндетті екендігі байқалмайды.

  2. Сұрақ : Сол мысалдарды қалай қорытындылауға болады? Жауабы: Біріктірілген өзара бөлек заттарды бір зат ретінде қарастырып, оны жиын деп атайды. Жиынды құрайтын заттарды осы жиынның элементтері деп атайды.

  3. Сұрақ: Сандық жиын деген не? Жауабы: Элементтері тек сан ғана болатын жиынды сандық жиын деп атайды

  4. Сұрақ : Сандық жиынға мысал келтіріңіз Жауабы: натурал,бүтін, рационал,нақты сандар жиындары

Мағынаны тану:

ІІ-станция: Бекіту.

№1409

Х=3; 4;  0 мәндеріне сәйкес функцияның мәнін табыңдар:

І-вагон:                                           ІІ-вагон:

1) ғ(х)=2,1х-7,5                              1) ғ(х)= 0,5х+2

2) ғ(х)=2х-1                                 2)ғ(х)=8,6х-25,8

ІІІ-станция:   Графиктер.

І- вагон:

№1414

Кестені толтырып ,сызықтық функцияның графигін салыңдар:

І-вагон:

у=-0,6х-3

а) х-тің 0-ге,-2-ге,3-ке тең мәндеріне сәйкес  у-тің мәндерін табыңдар.

ІІ-вагон:

у=х-4

а) у-тің  4-ке, -6-ға  тең мәндеріне х-тің  қандай мәндері сәйкес? 

ІV-станция:   Ізденушілер.

№1415   І-вагон:

Берілген функцияның  анықталу аймағын табыңдар:

а) у=

№1417

Функция графиктерінің координаталар осьтерімен (Ох; Оу) қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:

а) у=0,25х+2

 

№1415  ІІ-вагон:

Берілген    функцияның  анықталу аймағын табыңдар:

а) у=

№1417

Функция графиктерінің координаталар осьтерімен (Ох,Оу) қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:

а) у=5х-10

Ой толғаныс:

 

V-станция:  Тапқырлар:

Ой толғаныс әдісі бойынша “Семантикалық картаны”толтырады:

 

 

Р/с:

 

Функциялар:

 

Графиктері түзу сызық

 

Санақ басы арқылы өтеді

 

Координаталық

осьті қияды

 

Ох осіне параллель

1

у=кх+в сызықтық функция

+


+


2

у=кх тура пропорционалдық

+

+



3

у=l

 

+


+

+

 

VI- станция:  Қорытынды.

Фишкаларды санау. Оқушыларды бағалау.Топ оқушыларының жинаған фишка санына байланысты жеңімпаз вагон анықталады.

Үйге тапсырма беру.

Семантикалық карта.

 

 

 Р/с:

 Функциялар:

Графиктері түзу сызық

Санақ басы арқылы өтеді

Координаталықосьті қияды

Ох осіне параллель

 

1

 

у=кх+в сызықтық функция





 

2

 

у=кх тура пропорционалдық





 

3

 

у=l





 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Саба? жоспары: ?олданбалы курс. Функция та?ырыбын ?айталау

Автор: Толекова Кульниса Туруспековна

Дата: 21.06.2016

Номер свидетельства: 335582


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства