?лтты? біры??ай тестілеуді? (?БТ) басты ма?саттарыны? бірі-о?ушыларды? теориялы? м?селелерді т?сініп, іс ж?зінде пайдалана білуін дамыту, демек шы?армашылы?пен е?бек ете білкі, о?ушыны? ойлау белсенділігі ?алыптастырып, тере? ойланып, к?рделі м?селелерді шеше алатындай болу ?ажет. Б?гінгі та?да ?з п?нін тере? білетін ?рбір м??алімні? алдына ?ой?ан ма?саты мен міндеті ш?кірттеріні? ой-?рісін ке?ейтуге, адамгершілік асыл ?асиеттерін ?алыптастыру?а ерекше м?н беруінде болып отыр. ?дістемелік жа?ынан ?стазды? шеберлігі жетілген білгір маман ?з п?нін тере? білуімен ?атар саба?ты? білімділік ж?не шы?армашылы? е?бегін артыруды басты назарда ?стауы керек. Б?л п?нді о?ытуды? жа?а ?дістерін, тиімді т?сілдерін іздеуге итермелейді.
?азіргі кезде барлы? ?стаздар ?ауымын тол?андырып ж?рген талапты? бірі-жетілдірілген саба? т?рлерін ?ткізу барысында о?ушыларды? шы?армашылы? ойлауы ар?ылы ой-?рісін арттырып, ?з бетінше ізденуге, п?н ерекшеліктерін жете т?сінуге, саба?ты толы? ?абылдай білуге т?рбиелеу болып табылады. Сонды?тан м??алім о?ушы ?абілетіні? дамуына ба?ыт-ба?дар беріп, білім негізін ?алау?а жол сілтеуі керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды ?БТ-?а дайындауды? тиімді жолдары»
«Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Нуртулеуова А.Ж.
2014-2015 оқу жылы
Ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) басты мақсаттарының бірі-оқушылардың теориялық мәселелерді түсініп, іс жүзінде пайдалана білуін дамыту, демек шығармашылықпен еңбек ете білкі, оқушының ойлау белсенділігі қалыптастырып, терең ойланып, күрделі мәселелерді шеше алатындай болу қажет. Бүгінгі таңда өз пәнін терең білетін әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты мен міндеті шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, адамгершілік асыл қасиеттерін қалыптастыруға ерекше мән беруінде болып отыр. Әдістемелік жағынан ұстаздық шеберлігі жетілген білгір маман өз пәнін терең білуімен қатар сабақтың білімділік және шығармашылық еңбегін артыруды басты назарда ұстауы керек. Бұл пәнді оқытудың жаңа әдістерін, тиімді тәсілдерін іздеуге итермелейді. Қазіргі кезде барлық ұстаздар қауымын толғандырып жүрген талаптың бірі-жетілдірілген сабақ түрлерін өткізу барысында оқушылардың шығармашылық ойлауы арқылы ой-өрісін арттырып, өз бетінше ізденуге, пән ерекшеліктерін жете түсінуге, сабақты толық қабылдай білуге тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан мұғалім оқушы қабілетінің дамуына бағыт-бағдар беріп, білім негізін қалауға жол сілтеуі керек. Мұғалім оқушыларға білім беру кезінде оқушының бұрыннан меңгерген біліміне сүйеніп, шешуді керек ететін, әлі де болса сол мәселені толық шешу үшін оқушы тарапынан өзіндік ойды, дербес әрекетті, қажет ететін шығармашылық ойлауға алып келу керек.Біріншіден, мұғалім сабақтың тиімділігін арттыру үшін, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіруге байланысты сабақтың әдістерін, формаларын үнемі өзгертіп, түрлендіріп отыру керек. Екіншіден, сабақтың сапалы ұйымдастырылуы-табыс кілті. Табыс өзінен-өзі келмейді, көп күш жігерді жұмсауды қажет етеді. Сабақтың сапасы, әсіресе сабақ үстінде оқушының қабілеті мен ой-күшін дамытуға көп көңіл бөлу арқылы мұғалім шешуін талап ететін проблемалы жағдай туғызады.Сөйтіп, өтілетін тақырыпқа проблема құра отырып, оны шешу жолдарын оқушылар еншісіне беріп, оларды өздігінен ойланып жұмыс істеуге, шығармашылықпен еңбек етуге тәрбиелеу болып табылады. Бір сөзбен айтқанда ҰБТ-ке дайындауда есептің құрылымын меңгерту, алған теориялық білімдерін шығармашылықпен қолдана білуге үйрету, олардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және логикалық таным әрекетінің даму барысын қалыптастыруды жүйелі,бірізді жүргізу керек .Ол үшін мен төмендегідей жұмыс жоспарын ұсынамын:
Оқушыларды деңгейіне қарай топтарға бөлу.
Ең алдымен тақырыптарды түсіндіру жоспарын жасау.
Әр тақырыптағы тапсырмалар бойынша түсінік беру.
Тақырып бойынша есеп шығарту.
Осы тақырыптар бойынша тест нұсқаларын шығару.
Тақырып бойынша жинақталған дидактикалық материалдармен жұмыс жасату.
Тақырып бойынша есеп шығаруды жеңілінен бастату керек, олардың ішінде оқушылардың зейінін берілген тақырыптағы оқып үйренетін заңдылықтардың немесе жаңа ұғымдардың басқа ұғымдармен байланысын анықтауға назар аударту қажет. Содан кейін біртіндеп қиынырақ есептерге көшкен дұрыс.
Осыдан кейін есептің барлық түрлерін шығартып машықтандыру керек. Оқулықтағы есептер осы негізде құралған. Кітаптағы әрбір тақырыптың бас жағында А тобының жеңіл есептері беріледі. Келесі В тобының есептері мазмұны жағынан да, шығару тәсілі бойынша да қиындай түседі. Күрделі есептер, әдетте, С тобында беріледі де бұл негізінен қабілеті жоғары оқушыларға арналған. Жалпы жаңа өтілген тақырыпты пысықтау барысында, ең алдымен А тобының материалдарын толық меңгеріп алу қажет. Онсыз келесі В,С топтарындағы есептерін шығару және келесі тақырыпты меңгеру мүмкін емес. Тек А және В тобының есептерін шығарумен шектелген және оны толық меңгерген оқушылар ҰБТ-тегі тапсырмалардың 60-70% -ын дұрыс орындайтыны анық.
Есеп шығаруда мынадай схеманы ұстау тиімді екенін көрсетеді.
1.Есептің шартымен танысу. Бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет. Тапсырманы аяғына дейін оқуға үйрету. Оқушы есепте қарастырылып отырған мәселелерді толық ұғынып, қойылған сұрақтарды анық түсіну керек.
2.Есептің мазмұнын толық түсініп, талдап, қажет болса сұлбасын салу.
3. Алған білімдерін қолдана отырып, есепті шешудің формуладарын келтіру.
4.Есептің жауабын тексеру. Есептің нәтижесін тексеру үшін оқулықта немесе есеп кітабында берілген жауаптардан қарауға болады.
Мен оқушыларды ҰБТ-ке дайындауды төмендегідей етіп жүргіземін. 5-11сыныптарға арналған оқулықтарды бойынша қайталауды жүргіземін. Бұл оқулықтар оқушылардың өз бетімен дайындалуына өте қолайлы. Әрбір тарау бойынша есептер және деңгейлік тапсырмалар орындатамын . Әр оқушының есебінің шығарылу жолын тексеріп, болса қателерімен жұмыс жасатамын. Жіберілген қателіктерге байланысы оқулықтан қарастыратын тақырыптарын көрсетемін.. Оқушы осы материалдарды қайталап оқып, түсінбеген жағдайда менен сұрайды. Дайындықты барлық тараулар бойынша осылай жүргіземін.Менің ойымша бұл әдістің тиімділігі жоғары. Себебі әр тараудағы тапсырмаларды жекелей орындай отырып, оқушы тарау бойынша қандай тақырыпты білмейтініне көзі жетеді, көмек алады. Мен оқушыларымды тест тапсыруға былай әзірлеймін:
I.Тестілеудің барысында оқушы өзіне түсініксіз нәрселерді анықтап алған соң, тапсырмаларға зейін салуға және айналасындағылардың бәрін ұмытуға, уақытты анықтайтын сағат пен тапсырмалар ғана маңызды екеніне психологиялық жағынан дайындаймын.
II.ҰБТ-ке дайындық кезінде оқушыларымды есепті уақытында шығаруға дағдыландырамын. Есепті оқушының тек өзі есептеуін қадағалаймын. Есептің шығарылуын тексеріп, талдап, кемшіліктерін көрсетіп отырамын.
III.Есеп шығаруда уақытқа шектеу коюдың аса маңызды психологиялық әсері бар. ҰБТ кезінде берілетін 3-3,5 сағат уақыт оқушыға соншалықты көп көрінгенмен, өз бетімен есеп шығаратын бала үшін ол тез арада өте шығады.
IV.25 тапсырмадан тұратын тест берілген соң, бірден басынан бастап есептерді шығармай, оқушы 2-3 минут уақытын бөліп, әр деңгейдегі тапсырмаларды анықтап алуға үйретемін. Бірінші деңгейден бастап, келесі деңгейлерге көшіп, қиын немесе түсініксіз есептерді өткізіп жіберуге үйретемін. Уақыт қалса қиын есептерге қайта оралып, асықпай ойланып шешуге дағдыландырамын.
V. Есептерді тексеріп шығуға уақыт қалдыруға және көзімен тапсырмаларды қайта бір қарап, айқын көрініп тұрған қателерді түзетуге дағдыландырамын.
VI. 10-11 сыныптарда оқу жоспары бойынша белгіленген қайталау және резерв сағаттарын тиімді пайдалануға тырысамын. Есепті шығара отырып, қайталауды ұйымдастыру өте дұрыс.
VII Математика 5-6 және алгебра 7-11 сыныптар бойынша бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау барысында өз бетімен білімін толықтыру үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығының жасап шығарған электрондық оқулықтарын пайдалану, ҰБТ-ге дайындалуға зор мүмкіндік беретін ақпарат көзі.
VIII.. Электрондық оқулықтарды пайдаланып, әрбір оқушы таңдаған тақырып бойынша тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланып, білімін кеңейтеді.
5-11 сыныптарда математиканы оқытудың әр түрлі амал тәсілдерін пайдаланып, әрбір оқушыны оқи білуге үйретіп, оны өз күшіне, қабілетіне деген сенімін оятып, оқу еңбегінен қуанышқа бөленетіндей жағдай жасап, аздаған табысы үшін мадақтап, білімді шығармашылықпен, белсенділікпен, игеруге бағыттасақ және осы жолда аянбай тер төксек Ұлттық біріңғай тестілеуде еңбегіміздің мәуелі жемісі мол болмақ. Сонымен қатар ҰБТ нәтижесі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп отыру керек. Әрине оқушының тестілеу нәтижелерін талдау, қатемен жұмыс істеу міндетті түрде жүйелі жалғастырылып отырылады. Ұлттық бірыңғай тестінің сапалы өтуі, алдымен, мұғалім мен оқушының уақытты тиімді пайдалануында және мұғалімнің тапсырмаларды түрлендіріп қолдануында. Тапсырманы түрлендіріп қолдануындағы мақсат оқушылардың пәнге деген құштарлығын арттырып, жоғарғы деңгейде білім алуына көмектесу. Сондықтан оқушылар теориялық білімдерін үнемі практикалық тұрғыда пайдаланып отырады.