kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? математика?а ?ызы?ушылы?ын сыныптан тыс ж?мыстар ?рдісінде арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс ж?мыс – б?л орта мектепте о?ыту мен т?рбиелеуді? ??рамды б?лігі, сонымен ?оса  о?ушыларды  ?йымдастыруды? бір формасы.  О?ушыларды? жан-жа?ты дамуына ?лкен м?мкіндіктер ашады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? математика?а ?ызы?ушылы?ын сыныптан тыс ж?мыстар ?рдісінде арттыру»

Оқушылардың математикаға қызығушылығын сыныптан тыс жұмыстар үрдісінде арттыру


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының «5В010900» математика мамандығының 4-курс студенті Қарасаева А.

Сыныптан тыс жұмыс – бұл орта мектепте оқыту мен тәрбиелеудің құрамды бөлігі, сонымен қоса оқушыларды ұйымдастырудың бір формасы. Оқушылардың жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады [3]. Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі атқаратын қызметі бар, және жеке тұлғаны қалыптастыруда келесі мүмкіндіктерге ие:

  • сабақтан тыс жұмыстар баланың жеке-дара қасиеттерін ашуға көмегін тигізеді;

  • оқушылардың әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарға қатысуы арқылы олардың бойындағы жеке тәжірибелерін дамытып, адам өміріне қажет білік пен дағдыны қалыптастырады;

  • сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлілігі оқушы үшін өзіне дұрыс мамандық таңдауына, белсенді жұмыс жасауына көмегін тигізеді;

  • оқушы ұжымда, топпен жұмыс істеу қабілетін дамытады.

Сабақта өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстың арасында тығыз өзара байланыс бар. Оқу жұмыстары оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, сыныптан тыс жұмыстарында қолдануға септігін тигізсе, ал сыныптан тыс жұмыстарының қызықты өтуі сол білімдерін практикалық жағынан қолдану арқылы оқушылардың үлгерімдерін жоғарылатып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бірақ сыныптан тыс жұмыс оқу жұмысын қайталамауы керек.

Математикалық сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың математикаға және оның салаларына деген нақты көзқарастарын дамытып, қызығушылықтарын ояту.


Математикадан сыныптан тыс жұмыс пен сабақ жұмысын салыстыру.


Сыныптан тыс жұмыс

Сәйкестігі

Математика сабағы

  • оқу бағдарламасы бойынша шектеулі уақыты жоқ;

  • көлеміне байланысты 30 минут, бір сағат немесе 2 сағат өтуі мүмкін;
    -оқушылардың жас ерекшелігіне қарамай, топпен, сыныптар арасында, өз еркімен қатысулары;

  • әр түрлі типте: топтық жұмыс, үйірме, викториналар, олимпиада, экскурсиялар және т.б

-оқытудың әдістемелік негізі дидактика принциптері;

-екеуінде де оқушылар бір дидактикалық принциптерді: ғылымилық, белсенділік, көрнекілік, жеке дара тіл табу;

-басты міндет математика пәні бойынша білім, білік және дағдыны қалыптастыру;

  • оқу бағдарламасы бойынша міндетті уақытты сақтау;

  • 45 минут;

  • жас ерекшеліктері бірдей бір топқа (сыныпқа) жиналған, және тұрақты оқушылар құрамы;

  • белгілі оқыту технологиялар бойынша өтеді;


Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің мән-мағынасы келесіде:

1. Бұл жұмыстың әртүрлілігі оқушылардың терең ойлап, дамуына, яғни қабылдаулары, елестетулері, мұқияттылығы, есте сақтаулары, логилалық-жүйелі ойлаулары, математикалық тіл мәдениетінің сақталуына септігін тигізеді. «...Әрбір ұстаздың басты міндеті оқушыны оқу-еңбек тәрбиесіне үйрету, ол тіпті пәндік білім беруден де маңызды » [1, 104].

2. Сыныптан тыс жұмыстар оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуын қалыптастырады және төмендегі элементтерді қамтиды:

  • есеп шығарудың неғұрлым тиімді тәсілін қолдануда;

  • логикалық, математикалық тапқырлықтарында;

  • сәйкес ойындарды жүргізу барысында;

  • әртүрлі геометриялық фигураларды құрастыру барысында;

  • қандай да бір жұмысты атқару үшін, топпен, ұжыммен жұмыс атқаруда.

3. Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері оқушыларға математиканың өмірлік маңызын тереңірек түсінуінде үлкен рөл атқарады:

  • фабрика, завод, фермаларда белгілі бір сандық мәліметтерді жинау барысында;

  • осы сандық деректер негізінде есеп құрастыруда;

  • берілген жер ауданын есептеуде және қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларды зерттеу барысында.

4. Сыныптан тыс жұмыс оқушылар үшін әртүрлі жас ерекшелігіне байланысты стенгазеталар, командалық ойындар, белгілі бір материалдар және т.б дайындау барысында бір-бірімен тығыз қарым-қатыснастың пайда болуына септігін тигізеді.

5. Бұл жұмыстың басты әрі негізгі мақсаты оқушылардың математикаға деген қызушылықтарын арттырып, өмірлік тәжірибелерінде қолдана білулерін дамытуда.


Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Математикалық үйірмелер.

2. Математикалық жарыстар, викториналар, конкурстар, КТК.

3. Тематикалық математикалық сағаттар (әңгіме, лекция).

4. Математикалық кештер.

5. Математикалық көріністер.

6. Математикалық олимпиадалар.

7. Математикалық факультативтер.

8. Математикалық мөр.

9. Математикалық экскурсиялар.

10. Математика апталығы.

11. Математикадан сыныптан тыс ғылыми-танымал әдеби шығармаларды оқыту.

12. Математикалық реферат, шығармалар.

13. Математикалық ғылыми жұмыс конференциялары.

14. Математикалық моделдерді ойлап табу және құрастыру.

Жоғарыда аталған жұмыстарды өткізу барысында бірқатар ережелерді сақтау керек:

  • әртүрлі болуы;

  • оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты таңдалуы;

  • әртүрлі категорияларға: математикаға бейім және математиканы қабылдауы қиын оқушылар үшін;

  • күнделікті сынып сабағынан өзгеше, сабақтан кейінгі уақытта, әртүрлі шаралар барысында өткізілуі қажет [2, 17].

Бұл жалпыға ортақ және міндетті талаптар үнемі орындала бермейді. Зерттеулер бұндай сыныптан тыс жұмыстар төменгі сынып пен жоғарғы сыныптарда өткізілуінің бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығын көрсетпеді. Сонымен қоса 5-7 сыныптарға өткізілетін жұмыстар күнделікті сабақтан айырмашылығы болмады, тек қана әртүрлі викториналық сұрақтар қоспаса. Қазіргі таңда мектептерде бұндай кештерді, үйірмелерді бірең-сараңы ғана өткізеді. Бұған дәлел әртүрлі мектептен практикадан өтіп жүрген математика мамандығының студенттерінің есебі.

Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу барысында талаптарды дұрыс орындамау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоғалуына алып келеді. Сондықтан сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру барысында тек оның мазмұнына ғана мән беріп қоймай, сонымен қоса оны өткізудің методикасына, өткізілу формасына да зор мән беру керек. Оқушылар қажет ететін әдіс-тәсілдерді қолданған маңызды, мысалы замануи (компьютерлік технологияны қолдану).

Сыныптан тыс жұмыстың қызықты өтуі оқушының математиканы «жеңіл» қабылдауына септігін тигізеді. Бұндай жұмыстардың жиі өткізілуі оқушылар үшін математиканы жаңа қырынан танып, өмірде қолдануына, тіпті кейін бұл салада жұмыс атқаруына маңызды әсер етеді.


Қолданылған әдебеттер тізімі

  1. Балк М.Б., Математика послеуроков: пособие для учителей / М.Б. Балк, Г.Д. Балк. – М.: Просвещение, 1971.- 462с.

  2. Алгоритм, физика-матемтикалық журнал №3, 2008ж, 31б.

  3. Педагогическая энциклопедия / под ред.А.И. Каирова, Ф.Н.Петрова. – М: Просвещение, 2000.

  4. Педагогика: педагогические теории, системы и технологии; для студентов высших и средних педагогических учебных заведений / под ред С.А. Смирнова. – М: Академия, 2000. – 512 с.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ушыларды? математика?а ?ызы?ушылы?ын сыныптан тыс ж?мыстар ?рдісінде арттыру

Автор: Карасаева Алтынай ?абдылхан?ызы

Дата: 11.05.2016

Номер свидетельства: 325422


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства