kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мектептегі математика пәнінен жас маманның проблемасы мен перспективасы" атты баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика пәні бойынша баяндама енгіздім. Баяндамада жас маманның алғашқы жылдарында кездесетін қиындықтар мен оларды қалай жеңуге болатыны жайлы талқыланған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мектептегі математика пәнінен жас маманның проблемасы мен перспективасы" атты баяндама»

Жаратылыс ғылымдарының магистрі, математика пәні мұғалімі Тұрғынбекова А.Б.

Мектептегі математика пәнінен жас маманның проблемасы мен перспективасы



Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бүгінгі жас маман үшін шешілмеген мәселелер

  2. Осы мәселелерді шешу үшін жас маман не істеу керек

  3. Кәсіби деңгейді қалай көтеру керк, ол үшін қандай көмек керек

Бүгінгі жас маман үшін шешілмеген мәселелер.

Бірінші мәселе - уақытты тиімді пайдалану.

Мұғалімнің сабақты өз дәрежесінде өтуіне 45 минут уақыты бар. Енді осы уақыттың кезеңдерін жобалап бөліп көрейік. Бұл уақыттың 5 минуты – оқушының сабаққа дайындалуына немесе ұйымдастыру кезеңіне кетеді делік. 5 минутта үй тапсырмасы тексеріледі. 15 минутта жаңа сабақ өтіледі және оқушыларға сұрақтар қойылады немесе олар мұғалімнен тақырып бойынша түсінбегендерін сұрайды делік. Келесі 15 минутта жаңа тақырып бойынша есептер шығарылады, 5 минутта бағаланады және үйге тапсырма беріледі. Сабақ өту кезеңінде 45 минут жетпей қалады, яғни жаңа тақырыптың күрделілігіне байланысты тек жаңа тақырып бойынша сабақ түсіндіруіме 45 минут кетеді. Ал оқушыларға өз беттерінше есептер шығаруына уақыт жетпей қалады.

Екінші мәселе – оқушыны сабаққа қызығушылықпен қатысуын қадағалау және мұғалім сабақ берудің ең тиімді әрі заманауи әдістемесін меңгеріп сабақ беру.

Осы мәселе бойынша сабақты қызықты көрнекіліктермен өткізу – біздің мақсатымыз. Оқушының тақырып түсініксіз болғандықтан сабаққа белсенді қатысуы нашарлайды. Математика пәні әрине жеңіл пән емес. Мұғалім оқушыға қанша түсіндірсе де оқушының қабылдауы қиынға соғады. Қазіргі таңдағы жаңа технологияның бірі интерактивті тақта көмегімен актив студио бағдарламаларын қолданып сабақ өтіледі. Жоғары сыныпта геометрия пәні бойынша осы бағдарлама көмегімен геометриялық құрал саймандар – циркуль, сызғыш, транспортирді пайдалану мүмкіндігі, сабақты бекітуде қойылатын сұрақтарды перде құрылғысын пайдалану мүмкіндіктері бар. Осы сияқты бағдарлама мүмкіндіктерін пайдалануда оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады және сабақ жақсы деңгейде өтіледі.

Үшінші мәселе – мұғалім жаңа тақырыпты оқушыға меңгерту, оқушы өз бетінше сол тақырып бойынша әртүрлі деңгейдегі есептерді шығара алуы.

Оқушыларға деңгейлер бойынша тапсырмалар беріледі.Олар тек А деңгейіндегі есепті шығарса 3-тік, В деңгейге 4-тік, С деңгейге 5-тік бағалармен бағаланады. Алайда осы деңгейлік тәсілмен есептер шығарту ылғи жүзеге асырылмайды. Тақырыптардың күрделі болуына байланысты жоғарғы сынып оқушылары В және С деңгейіндегі есептер өте қиын болып келеді.

Төртінші мәселе – мұғалімнің жеке оқушымен тіл табыса алуы.

Сабақ уақытысында тыңдамайтын, тапсырманы орындамайтын оқушылар да кездеседі. Ол оқушылармен жеке жұмыс жүргізілуі тиіс.

Бесінші мәселе – жас маманның қабілеті жоғары оқушы мен үлгерімі төмен оқушылармен өз деңгейінде жұмыс жүргізу мәселесі.

Жас маманға 45 минут ішінде бірмезгілде әрі қабілеті жоғары, әрі үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу қиынға соғады. Сабақта үлгерімі төмен оқушыларға карточка таратып, есептер беріліп, есептердің шығарылу жолы түсіндірілді. Ал қабілеті бойынша оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілсе, қабілеті жоғарылар әр деңгейден өтіп тапсырмалар жақсы орындалып, ал үлгерімі төмендер төменгі деңгейде қалып қояды. Олардың ілгерілеуі қиындай түседі.

Жоғарыда аталынып өтілген мәселелерді шешу үшін жас маманның не істеуі қажет?

Біріншіден, жас маман жаңа жұмысын бастауда алдына үлкен мақсат қою керек және ол мақсатқа жету жеңіл емес, ол үшін шыдамдылық пен еңбек қажет екенін білу керек. Іштей психологиялық дайындық керек. Жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарау. Оқушыларға сабақ түсіндіруден жалықпау. Мұғалімдік кәсібін ұнату.

Екіншіден, мектептегі жас маман өз пәнін жетік меңгеруі тиіс және педагогикалық өтілі – практика жүзінде бірте-бірте жүзеге асады.

Үшіншіден, жас маманның өзбетінше ізденуі көп болу: қосымша оқулықтар оқу, жаңа сабақ беру әдістемелерін үйрену, интернеттен материалдар алу. Заманауи жаңа технологияны меңгеру: интерактивті тақтамен жұмыс, Активстудио бағдарламасын үйрену, электронды оқулықтарды пайдалану.

Төртіншіден, жас маман біліктілігі жоғары мамандардан ақыл-кеңес алып, өз тәжірибесінде қолдану.

Кәсіби деңгейді қалай көтеру керек, ол үшін қандай көмек керек.

  1. Жас мамандарды біліктілікті жоғарылату курстарына жіберу.

  2. Жоғары деңгейде сабақ беру әдістемелерін үйрету курстарын ұйымдстыру.

  3. Газет- журналдар, оқулықтар оқу.

  4. Әртүрлі пән мұғалімдерімен өзара пәндік тәжірибе алмасып отыру.

  5. Кәсібилігі жоғары мамандар сабақтарына қатысу.

  6. Қалалық, облыстық семинарлаға қатысу. Интернеттен онлайн, видео сабақтар алу, материал, сабақ, презентация қарау.

  7. Шетел тілін меңгеру. Себебі ол – жаңа ақпарат алу, жаңа технология меңгеру құралы болып табылады.

  8. Жас мамандарға арналған іс-шаралар, конкурстар, олимпиада ұйымдастырылу, қала көлемінде ашық сабақтар берулерін қадағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Тургынбекова Айгерим Бакытбековна

Дата: 07.03.2017

Номер свидетельства: 398286


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства