kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Менің атым.." үйірмешілерге арналған танысу сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ үйірмешілермен алған танысу үшін арналған сабақ, Әр оқушы өзінің атының шығу тарихы мен қызықты оқиғалармен бөліседі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Менің атым.." үйірмешілерге арналған танысу сабағы»

Сабақтың тақырыбы: Менің атым.....

Сабақтың мақсаты: Үйірмешілер өз есімінің қойылу тарихын білу, не себепті осы есімнің таңдалғаның білу. Ата –анасынан сұрап білу.

Сабаққа кіріспе: «Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім тандайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін».

Бердібек Соқпақбаевтың «Қожасын» оқымаған қазақ кемде кем шығар. Рас-ау, дейсің бала Қожаның пікірімен келісіп. Адам бұл дүниеге келерде екі нәрсені: Отаны мен отбасын таңдамайды деп жатамыз. Бірақ одан бөлек өз есімін таңдау құқынан да шектелген ғой. Бала Қожаның тілімен айтқанда: «әттең қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызылшақа болып, жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығымды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жібереді». Сосын жақсы болсын, жаман болсын, сол есімді арқалап жүруге қайылсың.

Әр адамның атының өз қойылу тарихы болады.

Төмендегі бір мысалды келтіріп кетейін.

«Атыңды неліктен Рауан қойған? Рауан деген сөз не мағына береді?» деген сыңайдағы сұрақтар мені ара-кідік сол тарихқа ой жүгіртуге итермелейтіні бар.

Жарық дүние есігін қаққанымда сібірлеп тамыздың тамылжыған таңы атып келеді екен. Бұл кезде әкем іссапармен шалғай ауданда жүрсе керек, сол түні атасы түсіне еніп: «Тұр, балам, неге жатсың? Сәбиің дүниеге келді» деп аян беріпті. Содан әкем іштей баламның атын Аян қоям деп бекінеді. Тағдыр деген кездейсоқтықтарға толы емес пе?  Арай таңмен таласып, өмірден өз нәсіп-несібесін іздей келген шаранаға ата-анамнан кем қуанбаған марқұм кіндік әкем Науан (рухы пейіште шалқысын!) бұл кезде әкемнің ішкі шешімінен бейхабар, балама елде жоқ есім қоям деп 200-ден астам ер баланың аттарын қағазға тізіп, шақшадай басы шарадай болып жүр екен. Бүгінде сол күннен қалған жалғыз ескерткіш-белгі – қураған жапырақтай солғын тартқан сары қағаздар анамның сандығының түбінде сақтаулы. Кіндік әкемнің күріштей әріптерімен өрнектелген ұзын-шұбақ тізімнің дәл орта тұсында «Рауан» деген есім тұр. Өзгелерге қарағанда осы есімнің тұсына «+» белгісі көбірек қойылыпты.  Сонда кіндік әкем: «еліне рауандап атқан таңдай болсын, қайда жүрсе де айналасына шұғыласы мен сәулесін төге жүрсін!» деп есімімді Рауан қоюды ұйғарыпты. «Рауан баламның ғұмыры келте болмаса, Науан әкесінің де есімі ұмыт қалмас» деп әр нәрсені тереңнен ойлайтын кіндік әкем сонда өз атын маған аманаттап кеткендей екен.

Солай аяқ астынан Аян емес,  Рауан аталып шыға келіппіз. Қазір ойлап отырсам, әр адамның есімі өзіне жауапкершілік жүктейтін аманат сияқты. Ел-қауым жиылып, той қылып, атыңды азан шақырып қойғанда «жақсы бол, жақыбай бол» деп белгілі бір игі тілек, ниетпен қоятыны анық. Онда тек қана ата-ана, туған-туыс, ел-жұрттың аманаты ғана емес, үкілеген ақ үміті, аңсаған арманы мен перзентке деген махаббаты жатады.

Осы келтірілген мысалды талқылап, оқушылардың ойларын тыңдау, талқыға салу.

-Ал оқушылар, сендер өздеріңнің аттарыңның қойылу тарихын білесіңдер ме?

-Сендердің есімдерің мағынасы қандай?

Әр үйірмеші өз есімінің шығу тарихын айтып шығады.

Келесі практикалық сабағымызда «Менің есімім.....» атты шағын әңгімеге дайындалып келейік.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Менің атым.." үйірмешілерге арналған танысу сабағы

Автор: Алгазиева Айдана Руслановна

Дата: 31.01.2021

Номер свидетельства: 571975


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства