Просмотр содержимого документа
«МАТЕМАТИКА САБА?ЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АР?ЫЛЫ ДЕ?ГЕЙЛЕП-САРАЛАП О?ЫТУ ЖОЛДАРЫ»
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ДЕҢГЕЙЛЕП-САРАЛАП ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
В статье рассматривается пути применения игровых элементов на уроках математики с помощью дифференцированного обучения.
Using of game elements through level and differential methods at Math's lessons
Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.
Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы. Сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады.
Сондықтан сабақты ойын тәсілімен өткізу – математиканы сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі.
Ойынды топтастырудың әр түрлі ыңғайы бар: өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай; ойын процесінің мінезіне қарай; ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т.б. ойындар қолданылады.
Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.
Оқыту ойыны - бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады, үйренеді. Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.
Бақылау ойыны - бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.
Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту;
-жағымды ойлай білу ептілігі;
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру;
- шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру ;
Ойын технологиясының оқытудың сатылары:
1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу;
2. Баяндалған дайын обектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу
3. Топ жобаларын бағалау: ұсынылған жобаларды талқыға салу
4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.
Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады [1].
Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін - мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады.
Мұғалімнің міндеті - ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі - шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Математика сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойын элементтері арқылы берілетін есептер деңгейлік сипатта болуы қажет.
Мысалы:
1.«Көрші-көрші» ойынының мақсаты оң және теріс сандардың ретін меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, «-4» дейді -4 саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. -3,-2,-1 сандарын құрады. Одан соң -3 және -2 сандары салыстырылады. Одан соң -2,-1 т.с.с.
2.«Ақсерек- көксерек» ойыны. Әр топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алады.
3.«Бәйге» ойыны. Екі топқа да, әр оқушыға жеке-жеке есептер беріледі. Қай топ дұрыс, әрі бірінші шешеді?
5.«Ақсүйек» ойыны. Мұнда екі топқа үш-үштен есептер беріледі. Сол арқылы жасырынған квадрат теңдеуді табу керек.
4. «Қазақша күрес» ойыны.
Бұл жерде екі топтың ең мықты екі оқушысы шығып тақтада мәселе есептер шығарады. Қай топ бірінші болса, женіс сонда.
5.«Қарлы кесек» іскерлік ойыны
1 нұсқа. Сынып оқушылары 5 адамнан бес топқа бөлінеді (4 топ 4 адамнан) Әр үстелдің белгісі бар: А, В, С, Д, Е. Әр топ осы үстелдердің біріне жайғасады. Ойынға қатысушы әр оқушының жеке нөмірі болады. А үстелінің қатысушылары А1 А2 А3 А4 А5 В үстелінің қатысушылары В1 В2 В3 В4 В5 және т.б. кете береді.
Ойынның 1-ші сатысы - топпен жұмыс жасау: Әр топқа тапсырма беріледі оны алдын-ала белгіленген уақыт бойынша барлығы бірге орындайды.
Ойынның 2-ші сатысы - ұжымдық жұмыс жасау: үстелдерден А, В, С, Д, Е белгілері алынып тасталынады, орнына сәйкесінше 1, 2, 3, 4, 5 нөмірлері қойылады. Қатысушылар келесі тәртіппен отырады: 1-ші үстелге барлық 1-ші нөмірлі қатысушылар А1 В1 С1 Д1 Е1 2-ші үстөлге барлық 2-ші нөмірлі т.с.с. жайғасады. Қайтадан 5 адамнан әр үстелге отырғызғаннан кейін, әрбіреуінде өзінің оқылған 5 әртүрлі тақырып бойынша сұрақтары болады. Өзара оқу басталады, әрбір оқушы 1 рет мұғалім 4 рет оқушы болады. Ұжымдық жұмысқа белгілі бір уақыт беріледі (уақыт алдын ала келісіледі).
Ойынның 3-ші сатысы - фронтальды (қарсы, маңдай алды) жұмыс жасау. А В С Д Е нөмірлері қалпына келтіріледі, оқушылар өздерінің алғашқы орындарына оралады. Мұғалім сұрауды бастайды № 1-ші тақырыпты сұрағанда кез келген топтың қатысушылары жауап бере алады, өйткені олар үстел сарапшылармен берілген тақырып бойынша кеңесіп, сондай-ақ жауаптардын дұрыстығын бағалайды
4-ші саты: Сабақтың қорытындысы және рефлексия
6.Ойланудын алты қалпағы.
Ойлаудың алты қалпағы қандай да құбылысқа жан-жақты талдау жасау үшін және талдап қорыту тәжірибесі бойынша оқуды өткізу үшін қолданылады.
Оқушылардан құрылған топтар 6 топқа бөлінеді. Әр топқа 6 қалпақтың бірі сеніп тапсырылады. Тіпті кейбір сыныптарда нағыз әртүсті қалпақтар қолданылады (қағаздан жасауға болады). Әр топқа қалпақтың түсінен өз ойы мен әсерін, өз тәжірибесін көрсете отырып қорытынды шығаруға ұсыныс жасалынады.
Ақ қалпақ. Әсерсіз, субективті бағалаусыз тек сандардан, фактілерден, ойлардан тұрады. Біреудің субъективті көзқарасынан, бірақ әділетті цитата алуға болады .
Сары қалпақ. Позитивті ойлау. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет.
Қара қалпақ. Сары қалпаққа қарама-қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді. Үйлеспеушілікті бөліп қана қарамай, жетіспеушіліктің себебін қайта талдап мағынасын ашу.
Қызыл қалпақ. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады. Осындай немесе өзге көңіл–күй қандай сәттермен байланысқан. Сіз осындай немесе өзге жағдайды (қайғы, қуаныш, қызығушылық, тітіркену, таң қалу т.б.) не себепті бастан өткізгендігіңізді түсіндіру қажет емес.
Жасыл қалпақ. Бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?», «Өзгеше болу үшін не істеу керек?»,
«Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.
Көк қалпақ. Бұл философиялық пысықтау қалпағы. Көк арнадағылар өзге қалпақтардың айтқандарын талдап, пысықтап, қорытынды шығарады. Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден - басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, екішіден - өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.
«Алты қалпақты» рефлексия тек топта ғана емес жеке дара да жүзеге асыруға болады. Бұл әдіс оқушыларды оқытылатын әр түрлі, әр түсті бағаға және бастан өткерген жағдайға бірден-бір керекті ойшыл-сыншы сипаттамасы болып табылады. Бұл бағалар өздігінен бағалы болуы мүмкін немесе қорытынды эссе жазғанда қолданылуы мүмкін[2].
Әдебиеттер:
«Математика және физика» ғылыми-әдістемелік журнал №6 2003 ж [36-38б]
«Математика» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №1 2011ж [11-12б]