kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика сабағында жобалау технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық – ізденушілік қабілетін қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл материалда математика пәнінде жобалау технологясын пайдалану тиімділігі қарастырылған. Бұл материал қорғалып жақсы деген бағаға ие болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика сабағында жобалау технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық – ізденушілік қабілетін қалыптастыру»

Кіріспе. Жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық жұмыстың рөлі. «Әлемдік білім беру кеңестігіне толығымен кірігу білм беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа берген Жолдауында атап көрсетуі, әрбір пән мұғалімін оқушыларға кәсіби біліктілік және адамгершілік қасиеттерін білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде қолдануға міндеттейді.

Қоғамның әлеуметтік – экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажетттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген.

Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени – тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.

Сондықтан барлық пән мұғалімдері сияқты математика пәні мұғалімдері алдында өмірге жан-жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.

Баланы ізденушілікке баулу, оған іздену дағдысы мен білігін игерту – бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Білім берудің бұл түрінде жетекші орын оқытудың зерттеушілік, шығармашылық әдістеріне беріледі.

Ал шығармашылық жұмыстың жемісі осы мақсат пен міндетті дұрыс қоя білумен тікелей байланысты. Мақсатты қояр алдында оқушылардың танымдық деңгейі де ескерілуі қажет.

Оқушылар жұмыс барысында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, өз бетінше таңдаған тапсырмаларға жауап іздейді, өз бетінше жұмыс жүргізіп, оны қорытындылайды, өз біліміне өзіндік бақылау жасайды. Бұл бақылау оқушының тұлға ретінде меңгерілген тақырыпты сапалы түрде тиянақтауы болып табылады.

Өздігінен жұмыс жасаудың негізгі мақсаты – оқушыға берілген материалдарды терең түсінуге көмектесу, өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру, өз жұмысының маңызын ұқтыру екендігі даусыз.

Сабақтардағы оқушылардың орындайтын шығармашылық жұмыстардың барлық түрлері оқушының өздігінен жұмыс жасауына мүмкіндік беретін, өздігінен жұмыс жасауын қалыптастыруға жағдай жасайтын әдістің бірі екендігі анық. Шығармашылық жұмысын ұйымдастыруда төмендегідей оқытудың төрт принциптерін басшылыққа алуы тиіс.

Олар:

І. Оқыту принциптерінің ішінде ерекше рол атқаратын бастыларының бірі – белсенділік принципі. Оқушының кез – келген іс-әрекетінің түрлері, оның алдына қойылған міндеттерді орындау белсенділігімен байланысты болады. Сондықтан үйретуші тапсырмалардың құрылымы әрекетке құрылуы және пән бойынша білім берудің біртұтас компаненті ретінде қарасытырылуы керек.

ІІ. Оқушының біліктілігі мен дағдысын, ғылыми ізденісін қалыптастыру оқытудың ғылымилық принципімен байланысты. Компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына сай MSWORD текстік редакторын, EXCEL электрондық кестесін, PASCAL, VISUALBASIC бағдарламалау курстары материалын меңгеру барысында оқушылар математикалық есептеу, жүйелік талдау, математикалық модельдеу, т.б. танымының ғылыми әдістерін меңгеруі және қолдануы тиіс.

ІІІ. Адамның таным процесі нақты фактілері мен құбылыстарды сезімдік (көру, есту) қабылдаудан басталады. Ол оқытуды аңғарып қараудан бастауды талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принципі шығады.

ІV. Білім жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтірілген болуы керек және бұрынғы бар білімді біртіндеп толықтыратындай болып іріктелуі тиіс. Бұл жүйелілік принципінен көрніс табады.

Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқытудың процесінің проблемаларының жүзеге асуының негізгі кілті – оқушы ізденісі мен шығармашылығы, белсенділігі.

Математика пәні мұғалімінің басты міндеті – оқушының әрбір ұғымды, терминді, заңдылықтарды жаттанды қабылдамай терең ұғынып, теориялық білімдерін толықтырып және практикада қолдана білуге, өз пікірін дәлеледеуге, талдау жасауға, қортынды жасауға үйрету.

Бұл мұғалімнен үнемі талмай ізденуді, дидактикалық әдістемелік деңгейін үздіксіз жетілдіруді, сабақ өткізудің тиімді жолдары мен әдістерін қарастыруды талап етеді.

ІІ.Негізгі бөлім. Жобалау әдісінің негізгі идеясы және жобалық іс-әрекеттер кезеңін жоспарлау үлгісі.

Адам бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашып, әр адамның өзін сезіне білуіне ішкі табиғатын ашуға көмектесетін, өзін шығармашылықпен ұштастыруға бағыт беру тікелей педагогқа байланысты. Сондықтан педагогтарға қойылып отырған талаптың жүгі де ауыр, міндеті де күшті.

Тұлға – дербес әрекет ететін субьект ретінде нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің жеке нысаны.

Ал, осы тұлғаны қалыптастыру әр педагогтың өз шеберлігіне байланысты. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы өз жемісін беріп жатса сол тиімді болмақ.

Бүгінгі таңда П.М.Эрдиниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы т.б. жаңа технологиялар кеңінен танымал.

Қазіргі заман талаптарына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін, іскерлігін және белсенділігін дамыту мақсатында мұғалімнің меңгеруі тиіс жаңа технологиялардың бірі – жоба әдісі болмақ..

Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:

  • Баланы оқи білуге үйрету

  • Баланы ойлауға үйрету

  • Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау

Осыған сай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер болып жатыр.

Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.

Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.

Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог және педагог, философ Джон Дьюи.

Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің Уильям Херд Килпатриктің ойынша, бұл технолгоияның негізі – балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау.

Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде де оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету болмақ.

Қазіргі таңда жобалық әдіс практикалық тапсырмаларды орындау барысында, жобаларды жоспарлау және орындау үрдісінде, білімі мен іскерлігін есепке алу кезінде ең тиімді оқу жүйесі ретінде қарастырылады.

Жобаларды жоспарлау және орындау үрдісінде әр түрлі іскерлікті қабылдайды: еңбекқорлыққа, өзіндік шешім қабылдауға, өздігінен білім алуға, жауапкершілікке, терең ойлауға, тапқырлыққа тәрбиеленеді.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады.

Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.


Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы – оқыту субъектісі

Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы

Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект

Бағыт-бағдар беруші, кеңесші

Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы

Оқушының жетістігін құптаушы

Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі

Ынталандырушы, мақсат қоюшы

өз ізденісімен табысқа жетуші, шығармашылық тұлға

Мақсаттарға жетелеуші


Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынта, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалық технологияны сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдануға болады:

  • Сабақ бастапқы кезеңінде – проблемалық ситуация туғызу мақсатында

  • Белгілі бір тарау немесе тақырыпты бекіту бөлімінде – теорияны практикада қолдану мақсатында

  • Қортынды қайталау сабақтарында – оқушы білімін тереңдету, кеңейту мақсатында.

Жобамен жұмыс түрі:

  • Жеке

  • Топтық (топ жетекшісі мәліметтер қорын жинайды, партполио жасайды)

Жобалау кезеңдері:

І. Дайындық кезең:

- мұғалім оқушыға өмірлік тәжірибеден ситуацилар, құбылыстарға сілтеме береді

- дайын тақырыптар ұсынылады

- педагогикалық мақсаттарды мұғалім өзі анықтап, ұсынады

- жобалық іс-әрекет мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес бірлесіп анықталады

- жобаның нәтижесі туралы өз ойы немесе ғылыми тұжырымдамаға сүйене отырып оқушы өзі анықтайды

ІІ. Құрылымдық кезең:

Мұғалім жобамен жұмыс жоспарын ұсынып, талқылауды ұйымдастырады.

    • жоба міндеттерін шешуде қандай әдістерді қолдануға болатыны туралы талқылау ұйымдастырады

    • әдіс-тәсілдердің тізімін беріп таңдатады:

  • әдебиеттер көзін зерттеу, талдау.

  • теориялық моделдеу, жүйелеу.

  • сауалнамалар, интервью

  • интернет, сұраныстары

  • бақылау, экспиремент

  • статистикалық өңдеу әдістері т.б.

    • Жобаны орындаудың мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын қарастыру және ең тиімді нұсқасын таңдауға кеңес береді

ІІІ. Жобаны жасақтау кезеңі:

    • түрлі ақпараттарды жинау, талдау, жүйелеу

    • зерттеулер, есептеулер жүргізу

ІҮ. Қортындылау кезеңі:

Өз жобаларын қорғау: Сабақта, конференцияда, көрмеде.

Жобалау технологиясының негізінде – оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру жатыр.

Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны алдын ала жоспарлай білу қажет.


Жобаның жұмыс кезеңдері

Жұмыстың мазмұны

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс – әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеті

І. Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандыра- ды. Топтағы әрбір оқушының пікірін еске-ре отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді

Әр оқушы өмірлік өз тәжірибесіне, сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірі-гіп жобаның мақса -

тын анықтайды.


ІІ. Жоспарлау

Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету

Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жоба бойынша жұмыстарын тексереді

Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмы-

сын анықтау. Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді.

ІІІ. Зерттеу жұмысы

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета, бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау

Оқушы күнделігін бақылып, әрбір топ жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы жұмысқа бағыт беру.

Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрасты-

ру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдар-

мен қарым-қатынас қалыптастыру.

ІҮ. Нәтижені талқылау.

Ақпаратты талдау, шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау

Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио-техниканы жабдықтайды.

Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.

Ү. Жұмыстың тұсау кесері

Көрнекі материал-дар әзірлеу (график, сызба, сурет, фото) Өз өнімдерін баяндама, сценарий, газет, әңгіме, мәтін, құрау, альбом, сүрет, макет түрінде әзірлеу. Бағалау, түзету

Тыңдайды, проблема-

лық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдинетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғасты-рып отырады.

ҮІ. Бағалау және жоспарлау

Тақырыптың ашылу толықтығы. Безендірілу сапасы. Өз беттілік дәрежесі.

Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді

Ұжымда талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмысты құрайды


Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында математика сабақтарында жобалау технологиясын қолдану бағытында жұмыс жасап келемін.

Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» - бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі:

Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін бөлімі.

Жобалау әдісінің негізгі идеясы: оқушының нәтижеге бағытталған оқу – танымдық әрекеті. Нәтиже практикалық немесе теориялық маңызды проблемаланың шешімі болуы тиіс.

Мектепте математика пәнін оқыту барысында сыныптағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жоблау технологиясын қолдануға дайындық және оқушы ерекшеліктерін анықтау мақсатында төмендегідей сабақтар түрлерін және элементтерін қолдану тиімді деп есептеймін.


Сабақтың түрлері

Оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, ізденісі мен шығармашылығын

қалыптастыру әдістері

Кіріспе

Жаңа сабақ

Аралас сабақ

Өткенді қайталау сұрақтарын талдау.

Проблемалық ситуация туғызуға арналған сұрақтар

Суретті, мәтінді карточкалар мен бақылау сұрақтары

Кітаппен және таратпа материалдарымен жұмыс.

Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары.

Білімді есепке алу сабақтары

Топтық және жеке тапсырмаларды орындау.

Кросворд, сөзжұмбақтар құрастыру, шешу.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Өзін - өзі тексеру жұмыстары.

Қайталау және қортынды жинақтау сабақтары

Тақырыптық бақылау жұмысы және тест.

Шығармашылық жұмыстар өнімдерін қорғау.

Қортынды сынақ жұмыстары


Математика сабақтарын өткізу кезінде әр түрлі деңгейде ұйымдастыру арқылы, жеке тапсырмалар беру арқылы, ойлау қабілеттерін және танып білу белсенділігін арттыру негізінде жүзеге асады.

Өз іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісінде өзіндік жұмыстар көмегімен төмендегі талаптарды жүзеге асыруды мақсат тұтамын:

  • Оқушылардың теориялық сауаттылығын арттыру

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету

  • Оқушыларды жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізуге баулу.

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегі жұмыстарды үнемі жүргіземін:

  • 5 сыныпта жаңа тақырыптар өткен кезде оқушылар өз ойлары бойынша түрлі тақырыптарға ребустар, аннаграмалар, сөзжұмбақтар салуды орындатамын.

  • PASCAL, VISUALBASIC бағдарламалауды пайдаланып қосымша есептер программаларын құруды ұсынамын.

  • Excel программасын программасын пайдаланып жаңа материалдарды бекіту мақсатында өз сыныбының математика пәні бойынша тоқсандық, жылдық үлгерім кестелерін құрып, диаграммаларды тұрғызуды және тиісті салыстыруларды орындауды тапсырамын.

  • PowerPoint бағдарламасын пайдаланып 6-шы және 7-ші сынып оқушыларын тақырыпты қорытындылау сабақтарында әр оқушыға өзін қызықтыратын мәселелер бойынша презентациялар көрмесін ұйымдастыруды алдын ала жоспарлаймын.

Сыныпта оқушылар бір бағдарламамен және бір оқулықпен оқығанмен, олардың материалдарды игеру деңгейі әртүрлі болады. Осы жағдайды ескере отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігін дамытуда білім дәрежесіне қарап деңгейлік тапсырмалар бойынша оқытудың маңызы зор.

Айталық, 7 сыныпта «Қысқаша көбейту формуласы» тақырыбын өту кезінде өтілген материалдарды бекіту мақсатында төмендегідей деңгейлік тапсырмаларды орындауды ұсындым.

Әр толық орындалған тапсырмаға 5 ұпай, жиынтық 15 ұпай.


Қысқаша көбейту формуласын пайдаланып өрнектерді ықшамда:

1 тапсырма

Қысқаша көбейту формулаларын аяқтаңыз

2 тапсырама

Өрнектерді көбейткіштерге жіктеңіз

3 тапсырма

Өрнектерді ықшамдап, теңдеуді шешіңіз.


Бұл шығармашылық элементі бар тапсырма. Оқушылар өз мүмкіндік-теріне қарай оларды орындап, соған сәйкес бағаланады. Жоғарғы баға үш жұмысты да тиянақты да сапалы орындаған оқушыларға қойылады. Себебі олардың өз ісінің алгоритімін дұрыс та оңтайлы құра білу және алған білімін жаңа жағдайға ыңғайлап қолдана білу талап етіледі.

Оқушылардың «Қысқаша көбейту формуласы» тарауымен жұмыс істеу дағдылары қалыптастыру дәрежесіне байланысты оларға берілетін деңгейлік тапсырмаларда күрделене түседі. Сондай мақсатты көздеп өткізілген сабақтардың бірі төмендегідей жоспарланып өткізілді.

Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары» тарауын қайталау

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабаққа қолданылатын әдістер: Көрнекілігі, түсіндіру, ізденіс, проблемаларды зерттеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Ситуациялық проблемалар туғызу..

ІҮ. Жаңа білім дағдыларын қолдануға арналған деңгейлік тапсырмаларды орындау.

  • 1 – деңгей (3 бағасына)

    • Қысқаша көбейту формулаларын дәлелдеу

  • 2 – деңгей (4 басына)

  • Қысқаша көбейту формулаларын практикада (есеп шығаруда) қолдану жолдарын түсіндіру

  • 3 – деңгей (5 бағасына)

    • «Қысқаша көбейту формулалары» тарауына презентация дайындау, қорғау.

Ү. Қортындылау.

  • Жұмысты бағалау, жетістіктері мен көңіл бөлу қажет тұстарды анықтау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

  • Шығармашылық жұмыс: «Қысқаша көбейту формулалары» тарауын қорытып, схема, презентация дайындау. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, мінез - құлқына да тигізер әсері мол. Ол оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісіне жемісті аяқтауға үйретеді, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.

Оқушының өзіне тапсырылған іске деген жауапкершілікті сезінуі оның шығармашылық іздемпаздылығын дамытуға ықпал етеді.

Сабақта әрбір жұмыстың жеңіл – ауырлығына қарай ұпай белгіленіп, сынып оқушыларының түгел жұмыс жасауы талап етіледі. Сабақтағы жұмыстың әр түрлілігі және мониторинг жүйесінің жинақталуы оқушылардың көз алдында жүргізілді. Мониторингілік бағалау жүйесі оқушының біліміндегі олқы тұстарды анықтап, онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оқушыға өз білімінің жеткіліксіз тұстарын біле отырып, өзін-өзі дамыту бағытында жұмыстануға ықпал етеді.

Мониторинг жүйені тарау бойынша, тоқсан бойынша, жылдық қортынды бойынша да жасақтауға болады. Нәтижесін білімді есепке алу журналына тіркеп, оқушы білімін саралауға қол жеткізуге болады.

Оқушылар әдетінше оқыту барысында алдымен білім алады, ал сонан соң оны өзіндік жұмыстарда қолдану арқылы өз жұмысын жобалауға үйренеді. Ол үшін шығармашылық жұмысты ұйымдастыруда оқушы ерекшелігіне сәйкес тапсырмаларды орындату қажет.

Тарауды қорытындылау барысында оқушылардың баспа материалдарынан сканер арқылы алған және Интернеттегі арнайы сайттардан алынған мәліметтерді пайдаланып презентация, схема құрастыруға міндеттеймін жеке тапсырмаларды орындатамын.

Бейне үзінділерін сөзбен көркемдеу үшін керекті мәтіндерді әзірлеуге қажетті кітапхана және баспа материалдарының тізбесін беремін. Өз үйінде компьютерлері бар оқушыларға Интернет мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынамын.

Оқушылар берілген тапсырмаларды ізденіп әкелген сценарий текстін және дыбыс қосуды орындатамын және тарауды қортындылау сабағында өз жұмыстарын жеке қорғауды ұйымдастырамын. Қорғалған әр жұмыс мазмұны, орындалу сапасы және тақырыпты ашу шеберлігіне байланысты жеке бағаланады.

Оқушылар мұндай шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында төмендегідей өзекті мәселелер шешімін табады:

  • Оқушы өз бетімен оқуға, ізденуге дағдыланады.

  • Өзіне деген сенім артады.

  • Өз ісіне сын көзбен қарауға, өз жұмысын басқалармен салыстыруға үйренеді.

  • Өз ісін жобалауға және қорғауға үйренеді.

Математика пән сабақтарында оқушылардың алған теориялық білімдерін өмірлік мақсаттарға қолдана білуге дағдыландыру қажет. Осы мақсатты көздей отырып оқушыларға берілетін тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылығын ескере отырып таңдалғаны жөн.

Жобалау технологиясын негізінен тарауды қорытындылау сабақтарында шығармашылық жұмыстарға оқушылардың барлығын қамту мақсатында қолдануға болады. Мен өз тәжірибемде оқушыларға өз беттерімен орындайтын шығармашылық өнімдерінің төмендегі тақырыптарын алғашқы сабақтардан бастап ұсынамын.

  • Ұлы математиктер жөнінде мағлұматтар жинақтау(баспа, интернет)

  • Тарауды қорытындылауда презентация дайындау

  • Қалаған тақырыптарға арналған көрнекіліктер дайындау

Сабаққа түйін:

  • Оқушылар қарым-қатынас мәдениетін, түрлі әлеуметтік ролдерді орындауға, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасауға үйренді

  • Өз көзқарасын дәлелдеуге, әрі нақты пікірін білдіруге, жауапкершілікке тәрбиеленді

  • Бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері көмегімен жеке тұлғалық қасиеттері дамуының дәрежесі анықталды.

  • Оқу үрдісі барысында меңгерген білім жүйесін тәжірибе арқылы іске асыра білді.

ІІІ. Қортынды бөлім. Бұл технологияны пайдалану арқылы оқушыларымның қарым-қатынас мәдениеті артып, түрлі әлеуметтік рольдерді орындау арқылы өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасауға үйренгенін байқадым.

Ең басты білім дайын күйінде ұсынылмай, оқушы мектепте алған біліміне өз тәжірибесінде талқыға салып, оны қандай өнім күйінде ұсынуға болатынын ойластыратындығында. Сол өнімді дайындау барысында өз көзқарасын дәлелдеугегі әрі нақты пікірін білдіруге, топ ішінде жауапкершілігін сезінуге тәрбиеленеді.

Топтың өнімін дайындау және қорғау барысында әрбір топ мүшесінің міндеттерді бөлісуі, топ арасындағы өзара бәсекелестік болатындығын анық аңғардым. Ал білім алу жолында бәсекелестіктің болуы заман талабына сай нәтижелі білім берудігі басты мақсаттардың бірі екендігі даусыз.

Сонымен бірге оқушылар топ өнімдерін информатика пәнінде негізгі екі бағытта көбірек қозғайды. Олар:

  • Тәжірибеге бағытталған жоба

  • Шығармашылық жоба

Бұл жобалардың әрқайсысының бағыттары бар. Тәжірибеге бағытталған жоба қатысушылардың әлеуметтік қызығушылығына бейімделеді. Мақсаты: әлеуметтік қажетті алу.

Шығармашылық жоба жұмыстардың мақсаты жаңа идеяларды шығармашылық түрде құрамдастыруға бағытталды. Нәтижені өңдеуге қатысушыларға дәстүрлі емес көзқарасын білдіруге мүмкіндік берілді. Өнім ретінде шағын бейнефильм, мектепке арналған альманах жасап ұсынуды ұйымдастыруға болады.

Жобалау технологиясы тұрғысында оқыту бір күннің, бір айдың жұмыс нәтижесі арқылы көрніс бермейді. Математика пәнінде оқушыға берілетін теориялық білім дағды қалыптастырумен бірлесе ұштасқан жағдайда көп нәтижеге қол жеткізуге болады.

Сондықтан бұл технологияның тиімділігі оқушының білік, білім, икем дағдысы өнім дайындау барысында іске асыратындығында. Оқушының бойындағы зерттеушілік қабілеттің шығармашылықпен ұштастырылғандығында. Ал ұстаз еңбегі оқушы шығармашылығымен жалғасып жатса, оқушыға артық нәтижелі білім болмақ.

Мен өз тәжірибемде бұл әдіс арқылы оқыта отырып төмендегі жетістіктерге қол жеткіздім:

  • Жобалу – проблемалық-дамытушылық оқытудың біртұтас жүйесін құрудың негізгі түрі.

  • Жобалау – сыныптың жаңа, қазіргі, инновациялық келбетін анықтайды.

  • Жобалау – жобаға қатысушы оқушылардың ойлау қабілетін өзгертеді, оларды ХХІ ғасыр жетістіктерін пайдалануға үйретеді.

  • Жобалау – тұлғалық бағытталған педагогика идеяларын іске асырады.

  • Жобалау - әр оқушының болашақ бәсекеге қабілеттілігін жетілдіреді.

Бұл жұмыстарға қатысушы әр оқушы төмендегі жетістіктерге қол жеткізді:

  • Өзінің және өзгенің өмірінің құндылығына көз жеткізеді.

  • Адамгершілік мәдениеттің қырларын меңгереді.

  • Әлеуметтік рөлдерді (азамат, қызметкер, Отьанын қорғаушы, т.б) орындауға дайын болады.

  • Мақсатқа жету технологиясын әзірлеуге, нәтижені болжауға, өз іс-әрекетін түзетуге үйренеді

  • Өздігінен үздіксіз білімін көтеру, өзін-өзі дамыту қажеттілігін түсінеді.

  • Өзінің кәсіби қабілеттерін жарнамалауға дайын болады.

Қорыта келгенде, оқытудың технологиялық тәсілдерін оқу үрдісіне қолдану, тексерудің барлық түрін, формасын қажетті жағдайда орындау, жүйелі түрде дұрыс қолдану оқыту сапасын жоғарлатып, оқушылар үлгеріміндегі кемшіліктерді дер кезінде ашуға мүмкіндік береді. Осындай жаңа технология әдістерін оқу үрдісіне пайдалану, оқу сапасының жылма-жыл өсуіне септігін тигізеді.




П а й д а л а н ы л ғ а н

ә д е б и е т т е р :



  1. Дьюи ДЖ. «Школа и общество»(1925)- цит. По «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. К журналу «Лицейское и гимназическое оброзование», вып. 4, 2033 – с14.

  2. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под ред. Е.С.Полат – М.:2000

  3. Пахомова Н.Ю. Проектное обучение – что это? // Методист, №1, 2004-с.42

  4. ″Информатика негіздері″ журналы 2009 жыл №6

  5. ″Қазақстан мектебі″ журналы 2007 жыл № 5-6 № 12

  6. ″Білім әлемінде″ журналы 2005 жыл №5

  7. Ясребцева Е.Н.″Как рождается проект″ М. 1995г.
























ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ АЛҒА СЕЛОСЫ

ӘБУ СӘРСЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ















МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – ІЗДЕНУШІЛІК ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ







Конкаева Гульнар Батырғалиқызы

Бірінші санатты математика және информатика пәнінің мұғалімі













2016 оқу жылы



Жоспар:




І. Кіріспе

Жеке тұлғаны дамытудағы шырамашылық жұмыстардың рөлі.


ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жобалау әдісінің негізгі идеясы және жобалық іс-әрекеттер кезеңін жоспарлау үлгісі.

  2. Жобалау технологиясына дайындық үрдісінде өткен сабақ жоспарлары.

  3. Жобалау технологиясына негізделген сабақ жоспарлары.

  4. Жобалау технологиясының соңғы кезеңдегі жұмысын талдау және бағалау әдістері.

  5. Оқушылардың жобалық өнімдеріне презентация жасауы.


ІІІ. Қортынды

Жобалау – оқушылардың шығармашылық ізденісін қалыптастыратын тиімді технология























П І К І Р



«Математика пәнінде жобалау технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық-ізденушілік қабілетін қалыптастыру» тақырыбындағы жұмысының негізгі бөлімі мынадан тұрады:

  • Жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық жұмыстардың ролі;

  • Жоблау әдісінің негізгі идеясы және жобалық іс-әрекеттер кезеңін жоспарлау;

  • Мультимедиалық оқулықтарды қолдану және сабақ түрлері.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты:

  • Сабақ құрылымын жүйелі жоспарлау;

  • Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде қолдану тәсілдері;

  • Математиканы оқытуда модульдеп оқыту технологиясын қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары;

  • Оқушы моделін қалыптастыру, яғни жеке пәннің құзырында қалмай тұтас панорамалық көрністі меңгерту.

Баяндама авторы жаңа кезеңдегі тәрбиелеу мен білім беру мәселесін дұрыс түсініп, тақырыпты теориялық тұрғыда ашып көрсеткен. Теориялық және практикалық нақты мысалдар арқылы іс-тәжірибені сабақтар арқылы ашып көрсеткен. Баяндама тақырыбында өзекті мәселені көрсеткен. Басқа пәндермен байланыстыра көрсетілген сабақ жоспарларын шынайы практика жүзінде көрсетілді.

Оқу-тәрбие үрдістерінің жетістіктерін айқындайтын мәліметтер келтірілген. Баяндаманы безендіру баяндамаға қойылатын талаптарға сай.







Мектеп директоры: Бисенғалиев Қ.С.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Конкаева Гульнар Батыргалиевна

Дата: 03.10.2017

Номер свидетельства: 430779


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства