kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Математика сабағында оқушыны құзырлылыққа баулу жолдары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл баяндамадан әр математика пәнінің мұғалімі оқушыны жалықтырмай, қалай ізденіс жолына түсіріп, оқушыны құзырлы тұлға етіп қалыптастыруға болатын жолдарын таба алады.

Мен өздік білім жетілдіру тақырыбым бойынша жұмыс істей отырып, жылдар бойы жинақтаған іс тәжірибеммен бөлісуді, нәтижесін көрсетуді жөн  санадым.

Математика оңай сабақ емес, бұнда оқушыларды пәнге қызықтыру мен құзырлы тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін жолдары көрсетлген 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Математика сабағында оқушыны құзырлылыққа баулу жолдары"»



« МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚҚА БАУЛУ »


Математиканы меңгерген адамның қолында дүниенің кілті болады.


Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп

оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан

сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін

міндет ауыр.

Н.Назарбаев


К і р і с п е


Мектеп-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін, білім ордасы, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған ел мұрасын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақ, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне енудің келесі табалдырығына қадам басты.. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Әлемдік білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолдары да қарастырылуда.


Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында педагогикалық құрамның сапасын арттыру қажеттігін, әрбір аймақта педагогтар біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жасау керектігін атап өткен. Елімізде бұл жүйенің принциптік жаңа базалық кешені: педагогтар білімін арттыруға байланысты аймақтарда интеграцияланған орталықтары бар Ұлттық орталық, «Назарбаев интеллектуалдық мектептері» жанынан Педагогикалық шеберлік орталықтары жасалды. Жоба жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін халықаралық үздік практикаларға сәйкес арнаулы оқу бағдарламасы бойынша арттыру ісін ұйымдастыруды көздейді. Педагогтардың біліктілігін арттыру, педагогикалық құрамның білім сапасын арттыру үшін «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» құрылып отыр.


Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.


Негізгі бөлім:


Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Оқушыны жан-жақты, құзыреттілікке бағытталған, білімі терең етіп даярлау үшін әр мұғалім мынаны білгені жөн деп санаймын:

1 Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты қандай ?

2 Кәсіби деңгейдің дамуы қаншалықты маңызды ?

3 Дарындылық пен әлеуметтік-лингвистикалық жүйе

1) Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.Ұстаз атану, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Француз қайраткері «Адамға оқып–үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Қазіргі заман адамның құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. Бұны-құзырлы болу, құзыретті тұлға қалыптастыру десек, онда, құзыреттілік сөзіне тоқталайық. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалы теориялық  мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған  оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі  бола алады». Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игеруге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.

2) Кәсіби деңгейдің дамуы

«Қазақтың қаны бір, жаны бір, бірден-бір жолбасшысысы – мұғалім»,- дейді Мағжан Жұмабаев. Педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты.

Нәтижелі критерийлер. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі:

  1. мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі;

  2. мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі

  3. мамандықты еркін меңгерген кезең

  4. мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезеңі.

Қазіргі мұғалім:

  • Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.

  • Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.

  • Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.

  • Мектептің материалдық базасын нығайту.

  • Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.

  • Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.

  • Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Қазіргі оқушы:

  • Дүниетаным қабілеті жоғары;

  • Дарынды, өнерпаз;

  • Іздемпаз, талапты:

  • Өз алдына мақсат қоя білу керек;

  • Жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын сезінген, жанұядағы ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін, әдістерін пайдалана алатын болуы керек.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Математика сабағында оқушыны жан-жақты дамытудың жолдары көп. Тек соны әр мұғалім өз шеберлігі мен тәжірибесін ұштастыра отырып, дұрыс ұйымдастыруы керек. Оқушының өмірлік тәжірибе деңгейіне, даму деңгейіне қарай әртүрлі мінез-құлық ашылатындай, қалыптасатындай ситуациялық тапсырмалар ойластыра отырып, білім мазмұнын бала өмірімен ұштастыруды негізгі нысана етіп алу керек. Кейбір зерттеулерде оқушының танымдық белсенділігі – бұл интеллектуалды және кәсіптік дайындыққа бағытталған үздіксіз оқу үрдісі, оқу тиімділігі мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оптималдандыру ретінде түсіндіреді. Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу жан-жақты етін тәрбиелеуге тіреледі. В.В.Давыдов: «Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі-оқуға құштарлық, ынталылық» - дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану.

Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды. Баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Осы орайда көпшілік қауымға өзімнің мынадай жұмыс түрлерім оқушының жан-жақты дамуына септігін тигізетіні жөнінде ұсынғым келеді.

  1. Оқушының танымдық қажетсіну деңгейін анықтау мониторингін жүргізу;

  2. Шығармашылық сабақтар мен оның тиімділігі;

  3. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану жолдары;

  4. Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері;

Біріншіден, 5-ші сынып оқушыларының танымдық қажетсінуін анықтау
мақсатында төменгідей тест пайдаландым:

Оқушылардың танымдық қажетсінуін анықтау. Тест № 1

5- иә, 4 - көбінесе, 3- кейде, сирек, 2 – білмеймін,1 - жоқ, сәйкес келмейді.

  1. Мен білуге тырысамын.

  2. Мен өз мүмкіндігіме, қабілетіме сенемін.

  3. Жұмысым көп болмаса да, өзімді дамытуға көп уақыт арнаймын.

  4. Өз пікірімді, көзқарасымды жеткізуге тырысамын,.

  5. Танымдық сұрақтар туындағанда кеңінен отырып пікірлесемін.

  6. Сабақта кездесетін кейбір кедергілер менің белсенділігімді реттейді.

  7. Проблемалық жағдаяттар танымдық ізденімпаздығымды арттырады.

  8. Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын.

  9. Ақыл-ой еңбегімен ұзақ уақыт айналыса аламын.

  1. Кері байланысты іздеймін, бұл өзімді білу мен бағалауға көмектеседі.

  2. Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын.

  3. Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін.

  4. Мен мамандық таңдауға өз білімімнің дәрежесін ескеремін.

14.Мен танымдық ой-өрісімді дамытып отырамын ж/е жақсы нәтижелерге жетемін.

15.Жауапкершіліктен қорықпаймын.

Оқушылар өздерінің жалпы ұпай санын есептеп шығарады. Егер сізде

* 45 ұпайдан жоғары болса, онда сіз қажеттіліктеріңізді белсенді орындайсыз;

* 36-44 ұпай өзіңізді дамытуға құлшынбайсыз, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру жолға қойылмаған;

*14-35ұпай - өзіңізді мүлдем дамытпайсыз, оқуға жауапкершілікпен, саналылықпен қараңыз. Өзіңіздің жеке тұлғаңыздың дамуына көп көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Жоғарыда көрсетілген 15 критерий бойынша әрекет етуге тырысыңыз.

Тест нәтижесінен оқушылардың 20%-і 45 ұпайдан жоғары, 48%-і 36-44
ұпай жинаса, 32%-і 14-35 ұпай жиналды.

Танымдық қажетсіну ізденімпаздыққа апаратын жол екендігін, оқушы
шығармашылық әрекетке қажетсінбейінше сапалы білім алу мүмкін еместігі
белгілі болғандықтан, оқушылардың өзінің интеллектуалдық, жеке дамуына
кедергі келетін факторларды анықтау мақсатында төмендегідей тест
пайдаландым. Тест №2. Төмендегі факторларды 5 балдық шкала бойынша бағалаңыздар:

5-үнемі, 4-көбінесе, 3-кейде, 2-білмеймін, 1-жоқ, қосылмаймын.

Ынталандыратын факторлар:

  1. Болашақты жоспарлау

  2. Алдына мақсаттар қою

  3. Өзіңнің жеке дамуына талаптанушылық

  4. Өз бетінше білім көтеру

  5. Дербестігі мен саналылығының артуы

  6. Пікірталастарға қатысу, өзінің пікірін айтуы

  7. Мұғалімді үлгі ету

  8. Оқу тапсырмасын орындауға әрдайым дайын болу

  9. Сыныптастарының өзі жайында пікірлері әсер етеді. Көрсетілген әдіс-тәсілдер кезкелген оқушыға тиімді екендігіне көзім жетті. Осыларды пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.

Екіншіден, оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор. Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшінтақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық айланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Бұл жерде айта кететіні, мен сабақты «Ертегілер математика сабағында», «Детективтер агенттігі», «Математик бизнесмен» , «Аламан бәйге» т.б түрінде атап, белгілі мақсаттар мен іс-әрекеттің орындалуын жоспарлаймын. Мұндағы негізгі мақсат-оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.

Үшіншіден, сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Бұл жұмыс түрін көбінесе, сабақтан тыс уақытта, пәндік үйірмелерде, оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруда қолданамын. Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б.Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тындайды. Кейбір оқушылар жыл бойына әр түрлі пәннен 10 шақты шығармашылық жұмыс/ баяндама, математикалық ертегі, ребустар, зерттеу жұмыстары, есептер құрастыру т.б/ орындағанын тәжірибемде кездесті.

Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеймін:

  1. Тақырып, оқушының және жетекшінің аты - жөні, сыныбы, мектебі, жылы.

  2. Тақырыптың өзектілігі.

  3. Негізгі идеясы, мақсаты.

  4. Жұмыс мазмұны, жоспары.

  5. Жұмыс орындауда туындалған проблемалар, қиындықтар ж/е оның шешілуі.

  6. Жұмыс қорытындысы және оның практикалық мәні.

  7. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі.

Шығармашылық жұмыс қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.

Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады. Осы орайда өзімнің математика сабағында да ұлттық түсінікті дамытып, қызығушылығыңды көрсетуге себеп болған бір мысалды атап айтқым келеді. Мысалы, 3-сынып оқушысы Шайзада Д. пен 5-сынып оқушысы Әділбек Ж. екеуі бірігіп «Асық ойындарын мектепте және математика сабағында қолдану» атты ғылыми зерттеу жұмысын зерттегелі 2 жыл ғана болса да, 2012-жылдың наурыз айында мектепішілік математика пәні апталығында 1-орын, сол сияқты сәуір айындағы қалалық «Зерде» байқауында да 1-орынға ие болып, облыстық байқауға жолдама алғанбыз. Сондықтан осы жерде айтайын дегенім, математиканы қазіргі қоғамға пайдалы әрі ұлттық дәстүрді де ұлықтай алатындай етіп байланыстырып, жұмыс жүргізуге болады. Бұл оқушыға ұлттық, патриоттық тәрбие ғана беріп қоймай, оның қыр-сырларын ашып, зерттеп, өзіндік жаңалық ашуға мүмкіндік берді. Бұл оқушылар осы жұмысты жаз бойы мектеп сауықтыру алаңында, көшелерде, үйде де ойнаумен болды. Мен де сіздерге ашылмаған математика құпияларын, сиқырларын ұлттық нақышқа негіздеп ашуға «Зерде» ғылыми зерттеу жұмысын оқушылармен сабақта, сабақтан тыс жүргізуді ұсынамын. Себебі, зерттеу жұмысы оқушыны өзбетінше шығармашылықпен айналысуға, одан алған білімдерін ЖОО-нда, бос уақыттарын күнделікті өмірде тиімді қолдану мүмкіндігін туғызады. Асық ойыны компьютерде атыс ойынын ойнағаннан әлдеқайда тиімді. Осындай білімге, өнерге, өмірге құштар оқушыларымыз қарлығаш болып алтын ұя метебінен түлеп ұшып кете барады. Мемлекетіміздің келешегі – болашақ мамандардың білім деңгейі мен олардың кәсіби даярлығына байланысты. Сонда ертең мұндай оқушыларымыз ойы зерек, қоғамда алғыр, кәсіпкер немесе спортсмен болып жатса; сол сияқты боулинг, бильярд немесе ойын автоматтары клубынан гөрі асық ойыны клубтарын ашса, сондай ұлттық ойындарын насихаттайтын орталықтар ашса, мектептік деңгейден мемлекеттік деңгейге болмаса да, әр селолық округтерде ауылдық сосын қалаларымызда қалалық деңгейге дейін көтерсе нұр үстіне нұр болар еді. Ал мектептерде Наурыз мейрамында ғана емес, «Карулы күштер күнінде», мектепішілік сайыстарда, балабақшалар мен даярлық топтарында, спорт сабақтары мен үлкен үзіліс кезінде қимыл-қозғалыс ойыны ретінде өткізілсе несі жаман?! Ал енді бастауыш сыныпта, жалпы математика сабақтарында асық ойынын логикалық қабілетті дамыту үшін ауызша есептер, қызықты есептер, мәтінді есептер / теңдеу құруға арналған /, үйірме жұмыстары мен дарынды балалармен жұмыстарда, деңгейлеп оқытуда, коррекция сыныптарындағы математика сабағында т.б. жағдайларда қолдануға болады. Мысалы, «Зерттеу» жұмысында :

Төртіншіден, математика пәні бойынша сабақта оқу үлгерімі нашар оқушылармен де жұмыс істеудің өзіндік жоспарын құрдым. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің шешуге тиіс күрделі мәселелерінің бірі – нашар оқитын және оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Сондықтан, әрбір өзін ұлағатты ұстаз, мәртебелі мұғалім, озат оқытушы санайтын білім кызметкерлері үшін дарынды оқушының қанатын кеңге жаю қаншалықты маңызды болса, оқу үлгерімі төмен оқушының болашағы да соншалықты маңызды болу керек деп білемін. Нашар оқитын оқушылар ретінде пәнді қиынсынатын, пәнге қызықпайтын, үй жұмысын орындай алмайтын, өз бетімен оқулықпен жұмыс істей алмайтын, оқуда зейіні мен ойлау қабілеті төмен т.б кемшіліктері бар оқушыны алуға болатыны белгілі. Мұндай оқушылардың 15-20 % құрайтыны мәлім. Мен әр оқушының пәнге деген қызығушылығы әртүрлі екенін ескере отырып, өз тәжірибемде Ж.А.Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының» талаптарын басшылыққа алып жүрмін. Ал, егер осы технологияны оқу үлгерімі нашар оқушылармен жүргізілетін жұмыстарда тиімді әдіс ретінде қарастырылса, онда:

  • әр оқушы мемлекеттік білім стандартының міндетті деңгейін меңгереді;

  • оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу» қаупі жойылады;

  • әр оқушы деңгейіне қарай үй жұмысын орындау мүмкіндігіне ие болады;

  • оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі;

  • міндетті деңгейінен кейін мүмкін деңгейдегі есептерді шығару құқығына ие болады да, пәнге қызығушылығы артады.

Деңгейлеп оқыту технологиясын математика пәнінде, оның ішінде нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуде тиімділігі зор. В.П.Беспалько деңгейлік тапсырмаларды 4-ке бөледі:

    1. 1-деңгей: міндетті

    2. 2-деңгей: алгоритмдік / бізге қажеттісі 1-2деңгей/

    3. 3-деңгей: эвристикалық

    4. 4-деңгей:шығармашылық, ал бізге қажеттісі 1,2 деңгей есептері болмақ. 1-деңгейдегі тапсырмаларға мынадай талаптар қойылады:

  • Жаттап алуға лайықты болу;

  • Меңгерілген тақырыптың мәнін өзгертпей қайталауға мүмкіндік беру; Мұндай тапсырмалар өз кезегінде өзі шығарған есептің ережесін, теориясын, формуласын есет сақтауға көмектеседі. Ал, 2-деңгейдегі тапсырмаға қойылатын талапатар:

  • өткен тақырыпқа түрленген есеп шығарту;

  • ойлау қабілетін жетілдіруге берілген есептер /қалыпқа келтіру, жүйелеу есептері/ Деңгейлік тапсырмалар берілген соң оның дұрыс-бұрыстығын тексеруден кейін ғана келесі кезеңге өтуге болатынын бір мезетте бақылап отыру қиындықтары туындайтындықтан, сыныптағы математикаға қабілетті оқушыларды ассистент етіп тағайындап аламын. Мәселен, қазіргі 9-сынып оқушылар саны 5-сыныптан бері 18-ден төмен болған емес. Бұл сыныпта 4-оқу озаты, 4-оқу екпіндісі, 5-оқу үлгерімі нашар және 6-арнайы бағдарламамен оқыған оқушылар бар. Осы оқушылар арасында оқу үлгерімі төмен болса да сурет салатын, өлең жазатын оқушылардың да жетістіктері де баршылық. Олар, әсіресе геометрия сабақтарында тақырыпқа сәйкес, геометриялық фигуралардан суреттер салып, ертегі, эсселер жазады, ребустар мен сөзжұмбақтар құрастырады, баяндамалар жазады.

Бесіншіден, сондай-ақ, менің оқушылармен жұмысістеу тақырыбым оқушылардың танымдық іс әрекеті мен қабілетін әртүрлі формада қалыптастыруға байланысты болғандықтан, сабақтарда дидактикалық ойын элементтерін жиі қолданамын. Оқушының ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетіледі, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой санасы дамиды. Математика – ғылымның атасы, сан әлемді басқарады,- деп кезінде Гаусс айтқан.

Әр математика пәнінің мұғалімі математиканы үйренушілерге біршама абстрактілігі қиын сезілетіндігіне қарамастан; айқын талап, кемелденген мақсат болмаса белгілі бір нәтижеге жетудің қиял болатынына қарамастан; басқа пәндерге қарағанда математикадан үлгермей қаламын деушілер көп кездесетініне қарамастан; қарапайым тілмен түсіндіріп, қызығушылығын арттыруды ескерген жөн. Сонда ең оңай   математика  екеніне көз жеткізеді… математиканы меңгерген адамның қолында дүниенің кілті болады. «Ертіс дарыны» ғылыми-тәжірбиелік орталығының интеллектуалдық «Ақ бота» марафонына, Халықаралық «Кенгуру» интеллектуалдық марафонына, «Зерде» атты ғылыми зерттеу жобалық жұмыстарына қатыстырып, үлделі-жүлделі болу да ұстаздың еңбегі. Біздің оқушылар мектеп бітірген соң, өз қалауы бойынша таңдаған кезкелген маман саласын жақсы оқу үшін мектептегі білімі қажет болатыны даусыз. Бұл жөнінде, өлкеміздің ғұлама ғалымы Қ.И. Сәтбаев: «Мектеп – алтын бұлақ, одан біздің Отанымыз көптеген тамаша кадрлар алады және ғылымының, техниканың жаңалық ашу ісінің ілгері басуы, әлем кеңістігін жеңу ісінің тағдыры бүгінгі мектеп партасында отырғандардың қолында»- деген. Үйдің ауданын тауып, қабырғаға тұсқағаздарын жапсыру үшін неше орамасын сатып алу керек; немесе үйді қоршау үшін периметр есептеуді т.б. жалпы алғанда құрылыс жағынан хабардар болу үшін геометриялық түсінігі қалыптасқан болу керек. Сауда, бизнес, банкпен жұмыстарда экономикалық сауаттылық пен процент туралы, қатынас туралы түсінік болғаны абзал. Ал енді туризм, жол қатынастары туралы хабардар болу үшін арақашықтыққа, жылдамдыққа, шамаларға берілген мәтінді есептерге бейім болу керектігін бәріміз білемез.




Қорытынды бөлім


Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Білім ордасы – мектеп, ал мектептің мұғалімдерінің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Олай болса, қоғам болашағы-жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Сондықтан да, «келешекте білім нәрін өзіне, ал жетістігін еліне жұмсайтын, осы мамандықта мақсатыма жету үшін математиканы әдейі таңдадым» деп мақтанатұғын түлектеріміз көп болсын! Сол кезде «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға...» деген осы болар деп марқайып қалатын күндеріңіз жақын болсын! Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.



Пайдаланылғанәдебиеттер:

  1. Педагогикалық альманах журналы. №1,2011жыл 10-бет,Сәрсенбаева Б.А. «Математика сабағында тұлғаның танымдық ерекшеліктері арқылы құзырлылығын дамыту»

  2. Педагогикалық альманах журналы. №1,2011жыл 14-бет, Шоманова М.С. «Тұлға белсенділігін қалыптастыру»

  3. К.Ж.Бұзаубақова «Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру»,Алматы, 2002ж

  4. Т.Мейірманқұлова «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Алматы, 2000ж







7




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Математика сабағында оқушыны құзырлылыққа баулу жолдары"

Автор: Адарыш Бахытгуль

Дата: 07.12.2017

Номер свидетельства: 442749


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства