kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МАТЕМАТИКА САБА?ТАРЫНДА АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДА?ДЫЛАРЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

МАТЕМАТИКА САБА?ТАРЫНДА АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДА?ДЫЛАРЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ

Бы?сып жан?ан ?оламта емес,Артымызда шо? ?алсын!

Болаша?ты? оша?ында,Біз т?тат?ан от жансын!

                                         М. Ма?атаев

 Жа?а ?леуметтік-экономикалы? жа?дайда?ы мектеп даярлап шы?аратын о?ушы б?л - жан-жа?ты дамы?ан, тере? ойлайтын, а?паратпен сауатты ж?мыс істеп ?здігінен о?и алатын, алдына ?ой?ан ма?сатына ?алай ?ол жеткізуді білетін адам. ?азіргі мектеп т?легі ?мірдегі ?зіне лайы?ты орынын таба алу ?шін жеке т?л?а?а ?ажетті бір?атар сапаларды ме?геруі ?ажет. Олар: 

Ø                ?згермелі ?мір жа?дайларына ы??алана білу, ?зіне ?ажетті білімдерді дербес игере алу ж?не оларды к?нделікті ?мірде туындайтын т?рлі міндеттер мен м?селелерді шешу ?шін шебер ?олдана білуі.

Ø                Сындарлы ойлай алуыны? а?и?атты ?иынды?тар мен м?селелерді? пайда болуын к?ре білуге ж?не заманауй технологияларды пайдалана отырып оларды тиімді шешуді? жолдарын іздей білуіне к?мектесуі.

Ø                Игерген біліміні? ?айда ж?не ?андай жолмен ?олданылатынды?ын на?ты біліп, жа?а идеяларды ту?ызу?а ж?не шы?армашылы? ойлау?а ?абілетті болуы.

Ø                Белгілі м?селені шешуге ?ажетті фактыларды жинай білуі, оларды талдап м?селені шешуді? болжамдарын жасау тиісті талдаулар істеуі, ??сас болмаса баламалы шешімдерді табуы, за?дылы?тарды аны?тап аргументті ?орытындылар жасауы ж?не алын?ан ?орытындыларды туында?ан жа?а м?селелерді шешуге пайдалануы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МАТЕМАТИКА САБА?ТАРЫНДА АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДА?ДЫЛАРЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ »

Жанкелдин атындағы орта мектебі ММ
















ТАҚЫРЫБЫ : МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА АУЫЗША

ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ









Орындаған: физика пәнінің мұғалімі

Молбаева А. Қ







Сарға – 2015 ж




МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Бықсып жанған қоламта емес,Артымызда шоқ қалсын!

Болашақтың ошағында,Біз тұтатқан от жансын!

                                         М. Мақатаев

 Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мектеп даярлап шығаратын оқушы бұл - жан-жақты дамыған, терең ойлайтын, ақпаратпен сауатты жұмыс істеп өздігінен оқи алатын, алдына қойған мақсатына қалай қол жеткізуді білетін адам. Қазіргі мектеп түлегі өмірдегі өзіне лайықты орынын таба алу үшін жеке тұлғаға қажетті бірқатар сапаларды меңгеруі қажет. Олар: 

                Өзгермелі өмір жағдайларына ыңғалана білу, өзіне қажетті білімдерді дербес игере алу және оларды күнделікті өмірде туындайтын түрлі міндеттер мен мәселелерді шешу үшін шебер қолдана білуі.

                Сындарлы ойлай алуының ақиқатты қиындықтар мен мәселелердің пайда болуын көре білуге және заманауй технологияларды пайдалана отырып оларды тиімді шешудің жолдарын іздей білуіне көмектесуі.

                Игерген білімінің қайда және қандай жолмен қолданылатындығын нақты біліп, жаңа идеяларды туғызуға және шығармашылық ойлауға қабілетті болуы.

                Белгілі мәселені шешуге қажетті фактыларды жинай білуі, оларды талдап мәселені шешудің болжамдарын жасау тиісті талдаулар істеуі, ұқсас болмаса баламалы шешімдерді табуы, заңдылықтарды анықтап аргументті қорытындылар жасауы және алынған қорытындыларды туындаған жаңа мәселелерді шешуге пайдалануы. 

                Әртүрлі әлеуметтік топтардың ішіндегі қатынасқа бейім болуы мен түрлі әрекет салалары мен жағдайларда бірлесе әрекет жасауы, түрлі жанжал жағдайларынан шыға білу және оларды болдырмауды білуі.

                Өз адамгершілігін жетілдіру саласында жұмыс істеп, ақыл-ойы мен мәдени деңгейін үнемі жоғарлату.  

Осылайша алғанда білім беру жүйесін стратегиялық дамытудың бағыты даралыққа бағытталған білім берудің басты назарында оқушы тұлғасының тұруын талап етеді.

Мектептегі математика курсының оқытудың негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың саналы да берік есептеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардағы санау мәдениетінің көріністерін олардың ауызша және жазбаша есептей білу іскерліктерінен және есептеу жолдарын тиімді ұйымдастыра алуынан байқаймыз. Есептеу дағдыларының іскерліктен айырмашылықтары олардың қадағалаусыз жүзеге асатындығы. Іскерлікті мұндай меңгеру дәрежесіне оларды мақсатты қалыптастырудың барысында ғана қол жеткізіледі. Сондықтан сабақ барысында ауызша есепке үйрету мен ауызша жұмыс тәсілдеріне көп көңіл бөлінуі керек. Ауызша есептеуді ұйымдастыру әдістемелік тұрғыдан алғанда аса бағалы, құнды болып табылады.  Ауызша есептеудің барысында жады, реакцияның жылдамдығы, көңіл аудару, оқушылардың белсенділігі, өзін өзі қадағалау, есептеу мәдениеті жоғарлайды. Талдау мен жинақтау әдістерінің қолданылуы оқушылардың логикалық ойлауын дамытады.

Ауызша есеп сабақтың бір сатысы ретінде бастауыш сыныптарда және 5-6 сыныптарға дейінгі аралықта есептеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында кеңінен қолданылады. Математика пәнінен міндетті түрде ҰБТ тестін тапсыру жоғары сынып оқушыларында базалық деңгейдегі есептерді жылдам және сапалы шеше алуға қажеттікті туындатты. Бұл жағдайда ауызша есептеудің рөлі ерекше, өйткені емтихан барысында есептеу машинкалары мен кестелерін қолдануға рұқсат етілмейді. Көптеген есептеу операцияларын оқушылардың ауызша орындай алуына қол жеткізуге болады. Ол үшін мұндай дағдыны автоматтылыққа дейін жаттықтыру қажет. Яғни ауызша жаттығуларды шешу бұл міндетті шешудің неғұрлым ыңғайлы жолы болып табылады. Ауызша есептеулердің дұрыстығына және жылдамдығына қол жеткізу үшін оқыту барысында әрбір сабақта 5-7 минут уақытты оған әдейі арнап отыру керек.  «Ауызша жаттығулар оқушылардың ойлау әрекетін жандандырып, оқу материалын саналы сіңіруді талап етеді; оларды орындаудың барысында ес, сөз, зейін, ептілік дамиды» [3].

Ауызша жаттығулар сабақтың бір сатысы ретінде мындай міндеттерді шешеді:

1) оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдыларын жаңғырту және түзете отырып, мұғалімнің түсіндірулерін саналы қабылдау;

2) оқушылардың білім жағдайын қадағалауға;

3) қарапайым есептеулер мен өзгертулерін және дағдыларын автоматтандыру.

«Ауызша жаттығулар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына сәйкес келіп, оны игеруге және өткенді қайталауға көмектесуі тиіс. Ауызша есептеу дағыдылары үнемі жетіліп отыру үшін ауызша және жазбаша есептеулердің дұрыс арақатынасын орнату керек: ауызша есептеу қиын болғанда ғана жазбаша шығаруды қолдану» [3].

Егерде 5-6 сыныптардағы ауызша есеп бұл сандармен әрекет түрінде болса: натураль сандар, қарапайым бөлшек, ондық бөлшектер (Жохов В.И. “Математический тренажер”), болса ал жоғарғы класстарда орындалуын автоматтылыққа дейін жеткізу қажет түрлі ойлау операциялары.

Ауызша есеппен жүйелі жұмыс жасау есептеулердің нәтижелілігінің жоғарлауына ықпал етеді. Көптеген есеп шығару операциялары жеңілдеп, дербес міндеттен күрделі есептерді шешудің көмекші құралдары қатарына көшеді (мысалы, көбейту кестесі). Жұмыстың мұндай нысандарын өзге пәндерде де пайдалануға болады мысалы: физикада, химияда. Түрлі сабақтардағы қолданылатын тәсілдердің біртектілігі оқушылардың сапалы есептеулерге деген тұрақты әдеттерін қалыптастырады. 

Сонымен қатар физика және математика сабақтарындағы ауызша есептеулер есептеу дағдыларын дамуы мен қалыптасуы олардың сабаққа деген қызығушылығының артуына, оқу-танымдық іс-әрекетінің, логикалық ойлауының дамуына және оқушының жеке бас сапаларының дамуына ықпал етеді. Түрлі ауызша жаттығулардың көмегі арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып мұғалім оқушыға оқу материалымен белсенді жұмыс жасауға көмектеседі және олардың есептерді шешу мен есептеулердің тәсілдерін жетілдіруге деген талпынысын арттырады. Бұл оқушыға ҰБТ-ге саналы дайындалуға мүмкіндік беретін маңызды шарттардың бірі. 

Ай сайынғы орталықтандырылған тестілеу жүйесі және ҰБТ нысанындағы қорытынды аттестация білім беру жүйесіне оқу жетістіктерін бағалаудың заманауй технологияларын енгізіп, білім беру стандартының минимумын неғұрлым нақты және дәл анықтаудың қажеттілігін көрсетеді.

Тест тапсырмаларын орындатуды тараулар мен жекелеген тақырыптар бойынша ұйымдастырған жөн. Тест оқытудың нәтижесін обьективті бағалап, оқу барысындағы жіберілген кемшіліктер мен мәселелерді сынып бойынша және жекелей оқушыға қатысты анықтауға мүмкіндік береді. Тест барысында:

                     Оқушылардың дара ерекшеліктері ескеріледі;

                     Материалдың игерілу сапасы тексеріледі;

                     Оқыту процессі түрлендіріледі;

                     Сабақ сұрау уақыты үнемделеді;

                     Оқытуды компьютерлендіруге болады.

Тесттің көмегі арқылы оқыған материалдың басым бөлігін тексеруге және көптеген оқушылардың білімін қадағалауға мүмкіндік туады. Тест есептерінің мазмұны мен көп қайталап тесттілеу осал оқушылардың өзіне де белгілі бір жұмыс көлемін атқаруға мүмкіндік беріп, психологиялық стрессті болғызбайды және оларды білімнің неғұрлым қанағаттанарлық деңгейіне дейін жеткізеді. Жоғары таңымдық белсенділік оқушы үшін қызықты сабақ үстінде ғана мүмкін. Оқушылардың өзіндік білім алуға деген терең қызығушылығы мен қажеттілігін туғызу және тәрбиелеу дегеніміз - олардың танымдық белсенділігі мен ойының дербестігін, өзінің күшіне деген сенімділігін қалыптастыру.

Әр бір педагог өз пәніне деген қызығушылықты туғыза отырып тек тәжірибесін ғана беріп қоймайды сонымен қатар оқушының өзінің қабілеті мен күшіне деген сенімін де қалыптастырады. Осал оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта отырып неғұрлым қабілетті оқушылардың да ерік күштерін, табандылығын, мақсатқа ұмтылушылығын тәрбиелеу керек. Оқушылардың пәнге деген терең қызығушылығын туғызу, танымдық белсенділігін дамыту үшін, жалпы белсенділіктіке түрткі болатын қосымша құралдарды кеңінен іздестіру керек. Көрнекті неміс педагогы А.Дистервег «даму мен білім ешкімге алдын ала берілмейді, оған тек өз әрекетіңмен, өз күшіңмен ғана қол жеткізесің»- деген.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
МАТЕМАТИКА САБА?ТАРЫНДА АУЫЗША ЕСЕПТЕУ ДА?ДЫЛАРЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ

Автор: Молбаева Айгерим Кошановна

Дата: 11.06.2015

Номер свидетельства: 219046


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства