Математика п?нінде ?БТ-?а о?ушыларды дайындауды? тиімді ?дістері мен т?сілдері
Математика п?нінде ?БТ-?а о?ушыларды дайындауды? тиімді ?дістері мен т?сілдері
?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейiнгi бiлiм беруді дамыту т?жырымдамасыны? жобасында “Жо?ары бiлiмдi дамытуды? негiзгi ?рдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, ?ар?ынды ?ылыми – зерттеу ?ызметімен ы?палдастырыл?ан инновациялы? бiлiмдi дамыту, жо?ары о?у орындары зерттеулерiнi? ?леуметтiк сала мен экономиканы? ?ажеттiлiктерiмен ты?ыз байланысты бiлiм беру ж?не технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап к?рсетiлгендей, ?азiргi бiлiм беру саласында?ы басты м?селе: ?леуметтiк – педагогикалы? ?йымдастыру т?р?ысынан бiлiм мазм?ны
на жаналы? енгізудi? тиiмдi жа?а ?дiстерiн iздестiру мен оларды ж?зеге асыра алатын болаша? мамандарды даярлау болып отыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Математика п?нінде ?БТ-?а о?ушыларды дайындауды? тиімді ?дістері мен т?сілдері »
Математика пәнінде ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері
П І К І Р
Пятимар орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің оқытушысы Темиргалиева Роза Мерхановна оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы қосымша сабақтарын ұйымдастырудың формаларын, тест тапсырмаларын орындауда әдіс-тәсілдердің тиімділігін ескере отырып, жиі пайдаланады. Темиргалиева Роза Мерханонва «ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы баяндамасында оқушыларды ҰБТ-ны сапалы және нәтижелі тапсыруға дайындаудың бағдарламасының негізгі міндеттері және дайындаудаудағы жұмыс жүйесінің негізгі кезеңдеріне тоқтала отырып, математика пәнінен ҰБТ-ге дайындық кезінде жиі қиындық туғызатын мәселелерді шешу жолдары жөнінде баяндаған. Бұл баяндама әдістемелік отырыста тыңдалып, талқыланып, аудандық тамыз кеңесіне ұсынылды. «Жаратылыстану-математика цикліндегі пәндер» бірлестігінің жетешісі: Л.М.Кожахметова
Жоспар:
1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім: а).орта мектепте ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының бағыттары; б). Пән мұғалімінің оқушыны ҰБТ-ге дайындау жұмыс жүйесі 3.Қорытынды. 4.Қолданылған әдебиеттер. «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі- математикамен шұғылдану, екіншісі –одан сабақ беру» . С.Д.Пуассон Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк – педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұны на жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр. Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы оқушыны сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан. Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ-ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.Бағдарлама – мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру -оқушының, меңгерту – мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды. ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек. Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету. Өзімнің 8 жыл техникалық хатшы бола отырып, математика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындау іс-тәжірибемді әріптестеріммен бөліскім келеді. ҰБТ – ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын жыл сайын оқу жылы басында құрып, сол бағдарлама негізінде жұмыстар жүргізіледі. Бағдарламаның мақсаты: ҰБТ-ді оқушылардың сәтті және нәтижелі тапсыруына сапалы дайындық. Бағдарламаның негізгі міндеттері: 11 сынып бойынша байқау сынақтарын өткізу кестесін жасау; пән мұғалімдерінің оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жоспарын құру; ҰБТ-ге дайындықтың қосымша сабақтар кестесін жасау; жекелеген оқушыға тест қорытындысы бойынша мониторинг жасау; байқау сынақтарының сараптамасын талдау және оны оқушы мен ата-аналарға таныстыру; байқау сынақтарынан төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға көмек ұйымдастыру; байқау сынақтарының салыстырмалы диагностикасын жасау; мұғалімнің ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесінің болуы. Мұғалімнің оқушыны ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесі төмендегі кезеңдерден тұрады. І. Ұйымдастырушылық кезең: оқушыларды ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру, ҰБТ-ге арналған бұрыштама жасап ілу; 5-ші таңдау пәнін дұрыс таңдау мақсатында кәсіби бағыт бағдар беру; жыл көлеміндегі және тоқсандық қорытынды бағаларының дұрыс обьективті қойылуына бақылау жасау; аралық байқау тестілеуіне мониторинг жүргізу. ІІ. Ақпараттық кезең: ҰБТ туралы сайттар мен қосымша әдебиеттермен таныстыру; білім және ғылым министрі мен ұлттық мемлекеттік тестілеу орталығының нормативті құжаттарымен таныстыру. ІІІ. Психологиялық кезең: пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізу; оқушыларға арналған психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу; оқушыларға «Қорқынышты қалай жеңуге болады» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу; «Менің түлегім» атты ата-аналар жиналысын өткізу. VІ. Технологиялық кезең: курстар мен үйрету семинарларына қатысу; тесті құру теориясы мен тесті өңдеу технологиясын меңгеру; күнделікті сабақта және бақылау жұмыстары кезінде тестілеуді қолдану; оқушыларды тест жазу жұмысына үйрету; пән бойынша (тарау, сынып, курс) тест тапсырмаларын құру; мұғалімнің өзіндік білімін көтеру жоспарына ҰБТ жағдаяты туралы сұрақтарды енгізу. Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру, тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ – ті тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест тапсырмаларының құрлысын білетін оқушы уақытын ережемен танысуға бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психотехникалық дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады.Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес, өтілген тақырып� �ар бойынша, жеке бөлімдерін қарастыра отырып сынақты алдын – ала өткізу, бірақ ҰБТ – тапсыру кезіндегідей оқушылардың бойында қобалжу болмау керек. Оқу үрдісінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ – ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді. Психологиялық қызметтiң мiндеттерi: – Психологиялық және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету; – Проблемасы бар балаларды жан – жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу; – Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу үшiн психологиялық тренингтер ұйымдастыру; «Ұмытудың пайызын азайту үшін не істеу керек? Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін қалай жаттықтыру керек?» – дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет. 1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек. 2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет. 3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс. 4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн. 5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар 6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек. 7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар. 8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер. 9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық – еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек. 10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар. 11. Таңертеңгілік 8 – 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі – кешкі 19. 00 дейін. 12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді. Еске сақтаудағы маңызды құпия – эмоционалды еске сақтау. Мұғалім ҰБТ-ге дайындалуда қандай мақсат қоюы тиіс? Мақсаттар: 1.Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуі тиіс; 2.ҰБТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру; 3.Оқушыларды 100% оқу үлгеріміне талаптандыру; 4.ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарлату. ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді? күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру; интерактивті технологияларды пайдалану; жеке тұлғаның даралығын дамыту; оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады. 1-кезең.Диагностикалық: бақылау жұмыстарын өткізу арқылыоқушылардың білім деңгейлерінанықтау өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау; ҰБт-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу. 2-кезең.Практикалық: тест жинақтарымен жұмыс, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар; топтық және жеке дайындық; тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдердіқолдану. 3-кезең.Синтетикалық (анықтаушылық): тақырыптар бойынша бақылыу тестілері; мониторинг; қатемен жұмыс парағын жүргізу; психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу. Жұмыс неден басталады? Алдын-ала сыныпқа бақылау кіріспе/нөлдік/ тест өткізіледі.Сыныпқа жеке папка дайындалады.Оның ішінде: байқау сынақтарының нәтижелері, өз бетімен білім-білік дағдысын айқындайтын мониторингі, қателерді талдау парағы, сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар. Сонымен қатар, мұғалім кабинетке барлық керекті қосымша әдебиеттер мен әртүрлі тест тапсырмалар жинағын үгемі толықтырып отыру керек. Байқау сынақтары кезінде жіберген қателіктерінің себебін анықтап, оқушының алдағы міндеттерін көрсетіп отыру мұғалімнің негізгі жұмысы болып табылады. Байқау сынақтарында жіберілген қателіктер бойынша оқушының жеке жұмысының тақырыбы және көлемі шығып отырады.
Мектепішілік № Уақы ты 1. Триг.теңдеуді шеше алмаған; функцияның өсу, кему аралықтарын табуда қателескен; стереометрия есебін шығара алмаған; кеңістік векторларына берілген есептен есептеуден қате жіберген. Аудандық байқау сынағында жіберілген қателіктермен қоса күрделі функция туындысын есептеуден қате жіберген. Нұсқау:қарапайым триг.теңдеу шешімін, функцияны зерттеу тақырыбын, кеңістік денелерінің бет ауданы мен көлемдерінің формуласын еске сақтау және күрделі функция туындысын табу ережелерін қайталап, тақырыптық тест орындау. 2. Нақты көрсеткішті дәреженің қасиетіне берілген өрнектен қате жіберген, кеңістік денесінің қимасының ауданын табуда, көрсеткіштік теңсіздікті шешуде мүмкін мәндер жиынын қатерге алмаған.
Химиялық концентрацияға берілген мәтінді есепті шешуде, берілген сызықтармен шектелген фигураның ауданын есептеде қате жіберген. Нұсқау:кеңістік фигураларының қималарын салуға жаттығу; мәтінді есептерді шешуді кесте арқылы теңдеу құруға дағдылану, 3. 4. 5. 6.
Талдау бойынша оқушыға тақырыптық тест тапсырмалары беріліп, білім-білік дағдысын айқындайтын мониторинг толтырылып отыралады.
Оқушының математика пәні бойынша білім-білік дағдысын айқындайтын мониторинг Оқушының аты-жөні: Сабырова Айнұр Пән оқытушысы: Темиргалиева Р.М. № Бөлім
№ Арифметикалық есептеулер Алгебралық теңдеулер мен теңсіздіктер Мәтінді есептер Ариф-лық және геом-лық прогр. Кв. функция, қасиеттері, графигі Тапсырма саны Жинаған балы Тапсырма саны Жинаған балы Тапсырма саны Жинаған балы Тапсырма саны Жинаған балы Тапсырма саны Жинаған балы
І 15 13 10 7 10 7 15 12 10 6
Қатемен жұмыс
ІІ 15 15 10 9 10 9 15 15 10 9
Әр оқушы мониторинг парағын алған соң, өзіне мақсат қояды.Тест нәтижелерін алған соң қатемен жұмыс жасалады.Қатемен жұмыс парағы бойынша қайтадан тест тапсырмасын оқушы жеке орындайды. Мектепішілік, аудандық байқау сынақтары нәтижелерінің мониторингі өткізіледі.Оқушылардың 25 тапсырманы орындау деңгейі диаграмма арқылы салыстырылып, ата-аналар мен отырыстарда таныстырылып, талданып отырылады. Аудандық және мектепішілік байқау сынақтарының қорытындысы Тапс. саны 25 24 23 22 21
Математика пәнінен ҰБТ –ге дайындық кезінде жие қиындық туғызатын мәселе -оқушылардың формулаларды жаттамауы мен еске сақтай алмағандары, мәтінді есептерді шығаруда есепті талдай алмау жағдайлары кездеседі. Есепті қалай шығару керек. (Оқушыға кеңестер) 1. Есептің шартын мұқият, не берілгенін, нені табу керектігін қысқаша жазу керек 2. Есеп сұрағына жауап беру үшін нені білу керектігін ойлап, жоспар құр. 3. Егер жоспар құру қиын болса, есеп шартын тағы да оқып шығып, бөліктерге бөл. 4. Әрбір заттың атауын формуламен алмастыр. 5. Есепте берілген шамалар байланысын анықта. 6. Есеп шартынан туындайтын қорытындыны жаз. 7. Бұрын осыған ұқсас есеп шығарылған жоқ па, соны дәптерінен, кітаптан қара. 8. Есепті шығарып болған соң, тексер, шығару жолының басқаша түрі бар ма, ойлан. Кез келген есепті шығарар алдында мына сызбаны оқушы есте сақтаған жөн. Қосымша сабақтарды тарауды қайталау тест тапсырмаларын орындамас бұрын үнемі формулаларды дайын слайттар арқылы қайталау мен дәлелдеуден бастау керек. Қорытындылай келе, мынаны айтқым келеді. ҰБТ орта білімнен кейінгі немесе жоғарғы білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтиханымен біріктірілетін жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі. ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді: барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды; мектептердің білім сапасына нақты баға беріледі; адамның араласуына білімді бағалауды әділеттіжүргізуге жұртшылықтың көзін жеткізеді. Мектептің жақсы материалдық базасын пайдаланып шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогикалық ұжым болса, оқушылардың білімді қажеттілік есебінде тиянақты меңгеруіне жетуге болады.