kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Квадрат те?деулерді шешуді? жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кіріспе

         Білім ?ркениеттілікті? ?рі ?лшемі, ?рі тетігі болып табылатынды?тан кез келген мемлекетті? рухани ж?не ?леуметтік д?режесі білім де?гейіне байланысты ба?аланады. 
         Жан-жа?ты ?йлесімді, ?ркениетті елді? ?рпа?ын т?рбиелеп шы?у б?гінгі мектепті? алдына ?ойыл?ан ма?саттарды? бірі. Б?л ма?сат ?рбір орта мектеп м??алімінен б?гінгі заман талабына сай о?ыту ?дістемесін к?ннен к?нге жетілдіре т?суін талап етеді. Осы талапты? орындалуы орта мектеп ба?дарламасында?ы ?рбір п?нні? ?р тарауыны? ?р та?ырыбын о?ушы санасына жететіндей етіп о?ыт?анда ?ана орындалады. Олай болса, о?ушыларды жеке т?л?а етіп т?рбиелеуде математика п?ніні? де алатын орны, салма?ы зор. 
Б?л ма?ала алгебра курсында ?арастырылатын квадрат те?деулерге ж?не оларды шешу жолдарыны? ?р т?рлі ?дістеріне негізделініп отыр. 
         «Квадрат те?деулер» мектептегі алгебра курсыны? ма?ызды та?ырыптарыны? бірі. К?птеген таби?и ?дірістер мен ??былыстар, с.с. мазм?нды есептерді? шы?арылуы квадрат те?деулерді шешуге келіп тіреледі. Те?сіздіктерді шешу, функцияларды зерттеу (функцияны? н?лдерін, экстремум н?ктелерін, ?су ж?не кему аралы?тарын табу), е? ?лкен ж?не е? кіші м?ндерді табу есептерін шы?ару ж?не т.б. жа?дайларда квадрат те?деулерді шеше білу ?ажеттігі туындайды. Сондай-а? тригонометриялы?, к?рсеткіштік ж?не логарифмдік те?деулерді, физикада ж?не техникада, геометрия курсыны? есептерін алмастыру т?сілімен шешкенде квадрат те?деулерге келтіріледі. 
Зерттеу барысында мектеп о?ушыларына «квадрат те?деулерді» шешу жолдарыны? то?ыз т?рлі ?дісімен таныстыру?а м?мкіндік бар екендігін аны?тады?. Атап айт?анда, олар т?мендегідей болып табылады:      Зерттеу барысында «квадрат те?деулерді» шешу жолдарыны? 10 т?рлі ?дісімен таныстым. Ол т?сілдерге алда жеке – жеке то?таламын. 

Кіріспе

         Білім ?ркениеттілікті? ?рі ?лшемі, ?рі тетігі болып табылатынды?тан кез келген мемлекетті? рухани ж?не ?леуметтік д?режесі білім де?гейіне байланысты ба?аланады. 
         Жан-жа?ты ?йлесімді, ?ркениетті елді? ?рпа?ын т?рбиелеп шы?у б?гінгі мектепті? алдына ?ойыл?ан ма?саттарды? бірі. Б?л ма?сат ?рбір орта мектеп м??алімінен б?гінгі заман талабына сай о?ыту ?дістемесін к?ннен к?нге жетілдіре т?суін талап етеді. Осы талапты? орындалуы орта мектеп ба?дарламасында?ы ?рбір п?нні? ?р тарауыны? ?р та?ырыбын о?ушы санасына жететіндей етіп о?ыт?анда ?ана орындалады. Олай болса, о?ушыларды жеке т?л?а етіп т?рбиелеуде математика п?ніні? де алатын орны, салма?ы зор. 
Б?л ма?ала алгебра курсында ?арастырылатын квадрат те?деулерге ж?не оларды шешу жолдарыны? ?р т?рлі ?дістеріне негізделініп отыр. 
         «Квадрат те?деулер» мектептегі алгебра курсыны? ма?ызды та?ырыптарыны? бірі. К?птеген таби?и ?дірістер мен ??былыстар, с.с. мазм?нды есептерді? шы?арылуы квадрат те?деулерді шешуге келіп тіреледі. Те?сіздіктерді шешу, функцияларды зерттеу (функцияны? н?лдерін, экстремум н?ктелерін, ?су ж?не кему аралы?тарын табу), е? ?лкен ж?не е? кіші м?ндерді табу есептерін шы?ару ж?не т.б. жа?дайларда квадрат те?деулерді шеше білу ?ажеттігі туындайды. Сондай-а? тригонометриялы?, к?рсеткіштік ж?не логарифмдік те?деулерді, физикада ж?не техникада, геометрия курсыны? есептерін алмастыру т?сілімен шешкенде квадрат те?деулерге келтіріледі. 
Зерттеу барысында мектеп о?ушыларына «квадрат те?деулерді» шешу жолдарыны? то?ыз т?рлі ?дісімен таныстыру?а м?мкіндік бар екендігін аны?тады?. Атап айт?анда, олар т?мендегідей болып табылады:      Зерттеу барысында «квадрат те?деулерді» шешу жолдарыны? 10 т?рлі ?дісімен таныстым. Ол т?сілдерге алда жеке – жеке то?таламын. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Квадрат те?деулерді шешуді? жолдары»




Логикалық ойлау қабілетін арттырудың субъектіні дамытудағы ролі

Ақпараттық коммуникативтік технология тиімділігі

Аққазина Б.Е

Мемлекеттік мекеме


«Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі»

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ


ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін , Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін » , «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында:

«Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының басты мақсаттарының бірінде:

«Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу-деп атап көрсеткен.

Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды.

Субъект аралық қатынас орнату. Субъект психологиясының алғашқы ғылыми ілімдері: С.Э.Рубенштейн, Д.Н.Узнадзэ, Б.Г.Ананеьев еңбектерінен бастау алады.

Қазіргі қоғам талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін, оқушы өзін құндылық ретінде қабылдауға негіз болатындай қатынас орнату керек. Ол дегеніміз тұлғаның жас ерекшелігін түсіну. Оның ой пікірімен мақсатымен проблемаларымен санасу. Өзін жеке тұлға ретінде ата-анасынан, ұстаздарынан бөлек дамуына бой алдыру.Сонда ғана оқушы өз мүмкіндігін танып біліп, бойындағы қабілетін жүзеге асыра алады.

Тұлға субъект ретінде мақсаткерлікпен сипатталады. Ал субъектілік қарым-қатнаспен іс-әрекет барысында ғана, танып алады және дамып жетіледі.

С.Э.Рубенштейн бойынша субъектілік ең жоғары деңгейдегі белсенділік, дербестік тұтастық таныта алатын адам болып табылады. Ал, субъект аралық қатнас мұғалім мен оқушы ара-қатынасындағы шарт ұғымын білдіреді.

С.Э.Рубенштейн: «Адам субъект болып дүниеге келмейді, субъект болып дамып жетіледі.»

Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар жедел ақпараттандыру білім саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру қажеттілігін туындайтыны анық. XXI - ғасыр білім ғасыры, тұлғаның ой-өрісінің даму тенденциясын заман талабына дамыту әрбір ұстаздың міндеті. Қазіргі заманда білім саласының сапалы білім беру жолдарына көбірек көңіл аударылуда. Бұл болашағымыздың жоғары дәрежеге жетудің ықпалы болып отыр. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның маңызы ерекше болғандықтан оқушының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру олардың субъект ретіндегі дамуының алғы шартының бірі деп 2009-2013 жылға дейін өзекті тақырып етіп алдым.

Зерттеудің мақсаты:

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану барысында оқушының логикалық шығармашылық потенциалын арттыру. Жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайына өмір сүруіне дайындау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Ақпараттық-коммуникативті технологияны терең меңгеру;

  2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін зерттеу;

  3. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;

  4. Ақпараттық технологияның оқу-тәрбие үрдісінде тиімділігін арттыру.

Зерттеу нысаны:2-сынып оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу пәні: Ойлау қабілеті. Ақпараттық комуникативті технологияның тиімділігі.

Ғылыми болжам:

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері артады, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады.

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам.

В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • Қызығушылығын арттыру;

  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

  • Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.

Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Машық. Сергіту;

  2. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

  3. Іздену тапсырмаларын орындату;

  4. Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).

А.Н. Леонтьев «Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген.

«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:

  • Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;

  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

  • Іс-әрекетке қызықтыра білу.

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы зерттеліп алынды

  • Ақыл-ой әрекеті үстінде; Білімді меңгеру; Тіл үйрену; Жылдам есептеу.

2008 жылы қыркүйек айында ең алғашқы рет зерттеу диагностикасы жүргізілді.

№1 кесте Алғашқы зерттеу кезіндегі көрсеткіш нәтижесі:

Көрсеткіш

қабылдау

есту

ойлау

зейін

сөз

оқушы

%

оқушы

%

оқушы

%

оқушы

%

оқушы

%

Жоғары

10

40%

12

48%

10

40%

12

48%

8

32%

Орта

8

32%

6

24%

4

16%

5

20%

9

36%

Төмен

7

28%

7

28%

11

44%

8

32%

8

32%


Ой процесінің негізгі формалары

1 .Ұғым 3. Индуктивті ой қорытындысы

2. Пікір 4. Дедуктивті ой қорытындысы.

Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі:

  1. Затты әрекеттік. Көрнекі-бейнелі. Сөздік логикалы.

М. Жұмабаев «Ойлау – жанның өте бір қиын терең іс. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан мұғалім оқушының ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек» деген. Логикалық ойлау оқушының тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді. Сондықтан мен алдыма келген оқушыларды логикалық ойлауын 2009 жылы қыркүйек айында психологиялық диагностика арқылы зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Онда мынандай әдебиеттер қолдандым. «Балаңыз мектепке дайын ба?», «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен», «12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерінен», тестік тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларға психологиялық диагностика жүргіздім.

2011жылы наурыз айында 2 рет диагностика жұмысы жасалды.

Оқушылардың психологиялық таным үрдістерін байқап, мынандай нәтиже шығардым.

Кесте 2

Көрсеткіш

қабылдау

есту

ойлау

зейін

сөз

оқушы

%

оқушы

%

оқушы

%

оқушы

%

оқушы

%

Жоғары

12

48%

14

56%

13

52%

14

56%

8

28%

Орта

10

40%

8

32%

6

24%

7

28%

10

40%

Төмен

3

12%

3

12%

6

24%

4

16%

7

28%


В.С. Мерлиннің әдістемесі бойынша логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесінен тапсырмалар анықтадым. «Артық сөзді алып тастау» әдістемесі бойынша баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Әдістеме 4 сөзден тұратын 15 сериядан құралған. «Артық сөзді алып тастау» 59 бет.

Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Бұл менің негізгі мақсатымның бірі деп логикалық есептердің үлгілерін ұсынамын:

  1. Біртұтас алманы тең екі бөлікке бөлгенде бірінші жарты неге ұқсайды.

  2. Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады.

  3. «Су тартылған жерде қай құс жүреді?». Торғай – 3, оляпка – 4, сауысқан –

5 -6 +7 -6 +5 -4


Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:

  1. Пәнге қызығушылығы артады;

  2. Ой-өрісі дамиды;

  3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Осындай зерттеу жұмысының қорытындысынан мынандай сызба-нұсқаны ұсынамын:




















Сурет. 1 «Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру субъект ретінде дамуының алғы шарты»

Ақпараттық коммуникативтік технологияның арқасында менің оқушыларымның 4 «Малахит» олимпиадасынан орындар алды.

Осындай психологиялық диагностикалық зерттеудің барысында логикалық ойлау оқушыны жылдамдыққа, тапқырлыққа үйренгендерін байқадым. Сондықтан да мен оқушының ойлау қабілетін дамыту барысында мынындай жетістіктерге жеттім.

Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетілуге арналған дидактикалық тапсырмаларды жинақтадым.

  1. Логикалық есептер жинағын жасадым.

  2. Ашық тәрбие сағаттарын және сабақтар бердім.

  3. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан жинақ шығардым.

  4. «Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру» әдістемесі. (кітапша)

  5. Математика пәнінен оқушылардың логикалық мүмкіндіктерін дамытуға арналған деңгейлік тапсырмалар жинағын шығардым.

  6. Жеке оқушылардың шығармашылық күндерін ұйымдастырдым.

Бүгінгі таңда мен ақпараттық комуникативті технологияны жиі пайдаланудамын.

Қорытындылай келе оқытудың ақпараттық технологиясы негізінде жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің субъектілігінің алғы шартын қалыптастырады деп ойлаймын.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы «2030 бағдарламасы»

  2. Білім заңы

  3. Балаңыз мектепке дайын ба? Балалар әдебиеті, 2006 ж

  4. Мектептегі психологиялық әдістемелік құрал, Астана 2005 жыл

  5. 12 жылдық білім бағдарламасы

  6. Бастауыш мектеп, №11-2008 жыл

  7. Информатика негіздері №1-2, 2005 жыл

  8. Қазақстан мектебі №11-12, 2008 жыл

  9. Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет

  10. Ерментаева А.Р. «Субъектілікті дамыту тренингі» 2007 жыл

  11. Мектептегі психология №1-2, 2009 жыл

  12. Мектеп директорының орынбасары №6, 2008 жыл

13.В.Давыдов «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық дамуы»

14. «Балаңыз мектепке дайын ба?», «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен», «12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерінін» тест тапсырмалар мен жаттығулар.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Квадрат те?деулерді шешуді? жолдары

Автор: Момбекова Айн?р Асылхан?ызы

Дата: 17.11.2015

Номер свидетельства: 254634


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства