kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қолданбалы курс "Сандарды математикалық модельдеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика (гр. μάθημα — ғылым, білім, оқу; μαθηματικός — білуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту: есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.[1] Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қолданбалы курс "Сандарды математикалық модельдеу"»



П І К І Р



5-6 сыныпқа арналған математика және сандар сыры оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин ұлттық білім беру академиясы, Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сынып үшін математика пәнінен типтік оқу бағдарламасына сүйене отырып құрастырылған. Бағдарлама 5-6 сынып оқушыларының бастауыш сыныптан алған білімдерін жүйелеп, дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, логикалық есептер арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып есептер шығару үшін жасалған. Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламадан айырмашылығы қосымша сағаттар оқушылардың өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсауына, логикалық есептер арқылы ой жүйесін қалыптастыруына мән берілген.
Жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын математиканың мақсаты, ойлау жүйесі қалыптасқан, білік-дағдылары жетілген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу болып қойылған. Оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі.
Қорыта келе оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтары артады, ойлау жүйесі дамыған, кез –келген қиындықтан жол таба білетін тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады











































Түсінік хат



Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің ортанғы сатысында таңдау курстары енгізілді. Жалпы білім беретін оқу орнының 5-сыныбына арналған «Сандарды математикалық модельдеу» таңдау курсы. Бұл курс математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген. Таңдау курсы оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалыптастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.
Ортанғы буынның 5-6 сыныбына арналған «Сандарды математикалық модельдеу» бейіналды курс бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескеріледі.
Балалардың сандар сырын терең білген сайын танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәр- биелейді.
Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, мате- матикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
«Сандарды математикалық модельдеу» курсы әрбір бөлімдерде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген. Курста шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша есеп- тер құрастыру және есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдері туралы айтылады. Әрбір тақырып соңында сол тақырыпқа сәйкес өзіндік және бақылау жұмысына арнайы жүктеме бөлінген. Берілетін өзіндік жұмыстар, яғни тест, әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар есептеулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтай алады.Тақырыптың теориялық бөлімінде сыныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы талап етіледі. Курс пәнаралық байланыс негізінде технология, тарих, жаратылыстану пәндерімен байланыстырыла оқытылады.


Курстың мақсаты:
- мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау;
- оқушылардың ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
- оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызығу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;
- барынша баланың өзіндік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайдалану.

Күтілетін нәтиже:
- оқушының логикалық ойлауын дұрыс қалыптастыруда математикалық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана біледі;
- математикалық ұғымдарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәржірибе алады;
-шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамытады;



Таңдау курсына қойылатын талаптар:
- натурал сан және оның қасиеттері, нөл саны;
- арифметикалық амалдардың мән мағынасы;
- қосу-азайту және көбейту-бөлу өзара кері амалдар;
- есептегіш техника ретінде микрокалькулятордың мүмкіндігі;
- шамалар және оларды өлшеу;
- сандарды салыстыру және өрнектерді салыстырудың мән мағынасы;
- математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретіндегі есептің ерекшеліктері мен мәнді белгілері;
- тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктер;
- есепті шешудің алгебралық тәсілінің мән мағынасы;
Сонымен қатар оқушылар өздерінің құрастырған шығармашылық жұмыстарын қорғау, тақырыпқа сай кері есептер құра білуі керек.






































Курс мазмұны



Кіріспе. Математика және сандар сыры. Адам қоғамның алғашқы сатыларында сан заттарды санау, күндерді білу, қадамдарды өлшеу сияқты қызмет атқарды. 5-6 сыныпқа қызықты болу үшін сандардың шығу тарихын ертегі арқылы дәлелдеме жүргізіп түсіндіру.

І тарау.

Сандардың даму тарихы. Сандардың өлшемдері, еңбек және ақша өлшемдері туралы, қазақ тұрмыс тіршілігіндегі сандар туралы және қазақтың киелі сандары туралы мағлұматтар берілген. Сонымен қатар балаға адамзат өмірімен байланыстыратын сандардың тылсым құпиялары айтылады.

ІІ тарау.

Логикалық көбейту әдістері

Бұл тарауда кез-келген екі таңбалы санды және көп таңбалы санды 11-ге, 12-ге көбейту және берілген сандарды 15-ке, 5-ке, 25-ке, 50-ге, 500-ге логикалық түрде есептеуге дағдыландырады.

ІІІ тарау.

Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға, 9-ға, 3-ке бөлінгіштік қасиеттері. ЕКОЕ және ЕҮОБ арналған деңгейлік тапсырмалар арқылы баланың ойлауын жүйелейді.

ІV тарау.

Теңдеу және теңсіздік
Әріпті өрнектердің сандық мәні. Теңдік.Теңдіктердің қасиеттері. Теңдеу. Жай теңдеулер. Бірнеше амалды орындау қажет болатын теңдеулерді жүйелі түрде шешу қарастырылады.
V тарау.

Құрастырмалы ойындар
Үлестер қалай алынады? Бөлшектер қалай пайда болады? Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектен бүтін бөлікті шығарып алу. Бөлшектерді салыстыру осы тарауда қарастырылады.





























Оқу әдістемелік жоспар

(34 cағат, аптасына 1 сағат)



Мазмұны

Сағат саны

Сабақтың түрі


1

Кіріспе. Математика және сандар сыры

1

Ертегі сабақ

І тарау. Сандардың даму тарихы

(6 сағат)

2

Сандар-адамзатқа берілген табиғаттың сыйы

1

Баяндау

3

Қазақ тұрмысындағы сандардың орны

1

Баяндау

4

Математика тарихындағы атаулы сандар

1

Ғылыми ізденіс сабақ

5

Қазіргі қолданыстағы сандар орны

1

Зерттеу сабағы

6

Сандар дамуының болашағы

1

Зерттеу сабағы

7

«Сандардың тылсым құпиялары» эссе жазу

1

Семинар

ІІ тарау. Логикалық көбейту әдістері

(7 сағат)

8

Кез келген екі таңбалы санды және Көп таңбалы санды 11- ге , 12-ге көбейту

1

Интербелсенді

9

Берілген санды 15-ке, 5-ке, 50-ге, 500-ге көбейту

1

Аралас

10

Санды 25-ке, 250-ге көбейту

1

Практикалық сабақ

11

Берілген санды 9,99,999-ға көбейту

2

Интербелсенді сабақ

12

Кез келген 5-пен аяқталатын санды өзіне -өзін көбейту

1

Меңгерту сабақ

13

Мысалдар қарастыру

1

Практикалық сабақ

ІІІ тарау. Натурал сандардың бөлгіштігі

(6 сағат)

14

Натурал сандардың бөлінгіштігі

1

Интербелсенді

15

Натурал санның бөлінгіштігі. 2,5 және 10 ға бөлінгіштік

1

Талдау

16

7-ге, 9-ға, 3-ке бөлінгіштік белгісі

1

Аралас

17

ЕҮОБ және ЕКОЕ

2

Проблемалық

18

Деңгейлік тапсырмалар

1

Білімді бекіту

ІV тарау. Теңдеу және теңсіздік

(5 сағат)

19

Әріпті өрнектер.Әріпті өрнектердің сандық мәні

1

Интербелсенді

20

Теңдеу.Жай теңдеулер. Бірнеше амалды орындау қажет болатын теңдеулер

1

Теориялық білімді практикамен ұштастыру

21

Теңдеу құрастыру арқылы мәтіндік есеп шығару

2

Интеграция

22

Теңдеулердің шешу жолдарын қарастыру

1

Практикалық жұмыс

V тарау. Құрастырмалы ойындар

(9 сағат)

23

Үлестер қалай алынады? Бөлшектер қалай пайда болады?

1

Семинар

24

Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектен бүтін бөлікті шығарып алу. Бөлшектерді салыстыру

2

Практикалық

25

Жай бөлшек және әр түрлі теңдеулерді шешу жолдары

2

Интербелсенді

26

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

2

Практикалық

27

Дүкенші ойыны

1

Тәжірибе жасау

28

Қорытынды сабақ

1

Бақылау жұмысы

Барлығы

34













































Қорытынды


Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын ұстамдарын меңгеру және өз бетімен оқу білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Осы нәтиже сапалы болса:
1. Білім сапасын арттырады.
2.Білімдік деңгейін арттырады.
3.Өз бетімен білім алады.
4.Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді.
5.Білу қабілетін арттырады.
6.Олимпиядаға қатысады.
7.Курстан алған білімдерін тұрмыста пайдаланады.
Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады. Болашақ ұрпақ ұлтжанды, білімді болса ғана тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналары сөзсіз. Сондықтан ұлттық санасы оянған мәдениетті, ойлау дәрежесі биік азаматтарды оқыту және тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті десек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәр- бие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, таңдау курстар бағдарламасын үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз





















































Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
2. А.Е. Алдамұратова «Математика» 2006 жыл
3. Бияров Т.Н. «Элементар математика есептерінің жинағы» 1992 жыл
4. Е.А.Тұяқов «Оқушы анықтамасы» 2005 жыл
5. «Математика және физика журналы» 2009 жыл
6. Исмаил Акйол «Математика» 2005 жыл
7.Л.Кадралина, «Есепті әртүрлі тәсілмен есептеу-таным әдістері»
// Бастауыш мектеп , 2008 №6
8. «Қосымша есептер» Сәрсекеев А.С. Көкшетау 2001 ж
9. Математика пәні бойынша тест тапсырмаларының жинағы
«Келешек-2030», 2008
10.«Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары
11.Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар

























































«М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп»

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

математика пәнінің мұғалімі

Сатыбалды Балнұр Қайратқызының

«Қолданбалы және таңдау курстарының

үздік авторлық бағдарламасы»

аудандық сырттай байқауына қатысуға



с ұ р а н ы с

Байқауға қатысушының толық аты –жөні: Сатыбалды Балнұр Қайратқызы

Байқауға қатысушының жұмыс орны: Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, «М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп» МКМ

Туған күні, жылы, айы: 29.07.1986 ж

Қызметі, осы қызметте қашаннан жұмыс істейді: 04.10.2007 ж

Педагогикалық өтілі: 10 жыл

Базалық білімі(қай жылы қай оқу орнын бітірді): 2007 ж Шымкент әлеументтік – педагогикалық университет

Атағы, ғылыми дәрежесі, марапаттары:

Мекен –жайы: Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Күлтөбе көшесі, №5 үй

Жұмыс телефоны: 2-19-70 үй телефоны: 2-17-93 ұялы: 87015604333

Электронды поштасы: [email protected]

Аудандық (қалалық) ӘК меңгерушісі: Құрманбаев Сәкен Мейірбекұлы

Күні: 23.01.2017

Мектеп директоры: Т.И.Бейсенова

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

«М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі















БАҒДАРЛАМА

Тақырыбы: Сандарды математикалық модельдеу

(бейіналды таңдау курсы)



Жылына 34 сағат

Сыныбы: 5-6



















Бағдарлама авторы:

Сатыбалды Балнұр Қайратқызы









Шаян ауылы - 2017


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қолданбалы курс "Сандарды математикалық модельдеу"

Автор: Сатыбалды Балнур Кайраткызы

Дата: 01.02.2017

Номер свидетельства: 386525


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства