Просмотр содержимого документа
«?аза? тіліндегі математикалы? шамаларды? ?лшем бірліктерін ж?йелеу »
Қазақ тіліндегі математикалық шамалардың өлшем бірліктерін жүйелеу
Кіріспе
Бүгінгі таңда әрбір ұлт, әрбір халық етек-жеңін жинап, өз дүниесін өзі түгендеп жатқанда түрлі өлшем атауларын қалыптасқан математикалық қасаң атауларға сүйеніп қолдана бермей, халықтық қолданыстағы атаулармен атасақ нұр үстіне нұр болар еді.Бұл халықтық өлшем атаулары қазіргі таңға қалай жетті? Халық ауыз әдебиеті тәрізді ауызша, халықтан-халыққа, ұрпақтан-ұрпаққа тарады.Біздің бұрынғы ата-бабаларымыздан математика жаратылыстану ғылымдарының дамуына орасан зор үлес қосқан ұлылар көп шыққаны белгілі ,бір ғана Әл-Фараби бабамыздың атының өзі неге тұрады. Бірақ қазіргі күнгі сөздік қорымызда архаизмге айналып кеткен математикалық атаулар мен шамаларды,қайтадан қолданысқа енгізіп,немесе жүйеге түсіріп зерттеу жүргізбей жоғарыда айтқандарымызды дәлелдей алмаймыз.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеті:
Тіліміздегі салмақ-көлем, ұзындық, және сандық өлшем бірлігіне жататын байырғы өлшем атауларының тақырыптық және қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Сыныптас достарыма қазақтың өлшем бірліктерінің қазақ халқы үшін маңыздылығын ұғындыра отырып,олардың қызығушылығын тудыру.
Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді шешуді алға қойдық:
Қазақ тіліндегі математикалық өлшем бірліктерді анықтау,зерттеу, мағлұматтар жинақтау.
Тілімізде қолданыста болған математикалық шамалардың атаулары мен бірліктерін саралап, жүйелеу.
Ал ғашқы ұзындық өлшемі
Шынтақ – ежелден
бері қолданып келе жатқан, адамның шынтағы мен саусақ ұшының арақашықтығына негізделген өлшем бірлік.
45см
Фут - орташа ұзындық өлшемі. Римдік фут адымның бестен бір бөлігіне және адам бойының алтыдан бір бөлігіне тең болған. ( «фут»-ағылшын сөзі табан).
ДЮЙМ , адам саусағыныңортаншы буынының еніне негізделген. Көптеген еуропалық тілдерде «дюйм» сөзі «бас бармақ» дегенді білдіреді.
≈31см
≈25мм
Қиғаш сажын≈248см
Кере құлаш≈176см
Бір елі – бұл шамамен ересек адамның сұқ саусағының диаметріне тең ұзындық бірлігі. Шамалап алғанда1,5 – 1,8 см.
Бір құлаш – ерсек адамның екі қолын бір түзудің бойымен кере созғанда бір қолының ұшынан екінші қолының ұшына дейінгі ұзындыққа тең шама. Шамамен
1,5 – 1,8 метр.
Бір арқан – арқанның ұзындығына тең шама. Шамамен 15 – 18 метр.
Бұдан басқа пышақ сыртындай деген бірлік бар. Пышақ сырты – ас үй пышағының қалыңдығына тең бірлік деп бағалауға болады, шамамен 1,5 – 1,8 мм.
«Бір қарыс» – шамамен ересек адамның қолын жазғанда бас бармағының ұшынан шынашағының ұшына дейінгі ұ зындыққа тең бірлік. Шамамен 15-18 см.
1.Қазақ тіліндегі математикалық шамалардың өлшем бірліктерін білесіңбе?
а) ия ә)жоқ
2. Математикалық өлшем бірліктер туралы кімнен естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-әпкелерден
3.Математикалық өлшем бірліктер жайлы мәлімет жинар ма едің?
а) ия ә) жоқ
Сауалнама қорытындысы
Қорытынды
Көптеген халықтарда өздерінің ұлттық тілдеріндегі бірлік атаулары қолданыстан қалмай, тұрмыста және техникада әлі күнге дейін қолданып келеді. Мысалы: ағылшындарда фут, ярд, дюйм сияқты өлшем бірліктері, батыс елдерінде аталатын қашықтық бірлігі миль, т.с.с көптеген бірліктерді атауға болады. Сол себептен біздің де өз тіліміздегі ежелден келе жатқан бірлік атауын қолдануға, не болмаса кейбір ұлттық дәстүрімізге байланысты атауларды қолдануға хақымыз бар. Бірақ қазіргі күнге дейін қолданыстан түспей жүрген бірліктер бар. Мысалы, қазының қалыңдығын елімен өлшейміз, мал бағумен айналысатын көшпелі шаруалар сары майды қарынмен өлшейді, арқанның өлшемін, немесе киіз үйдің белдеулерін құлашпен, уықтың өлшемін қарыспен өлшейді. Бізде тілімізде бар өлшем бірліктерін уақыт ағымына сай тіл қолданысынан шығып, құрып кетуден сақтайық.