kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми жоба «Шал а?ын ауданыны? мектептер ?лескілеріні? рационалды пайдалануы мен экономикалы? ?суі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мазм?ны Кіріспе....................3 1. Теориялы? б?лім.................4 1.1 Зерттеу нысандары................- 1.1.1 Экономикалы? ?су.………............- 1.1.2 Егіншілік..................9 2. Т?жірибелік б?лім................11 2.1 Зерттеу барысы.................- 2.1.1 К?к?ністер ?німі базарыны? ?ыс?аша аналитикалы? тексерілуі...- Т?йіндеу...................18 ?орытынды..................19 ?олданыл?ан ?дебиет тізімі..............
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба «Шал а?ын ауданыны? мектептер ?лескілеріні? рационалды пайдалануы мен экономикалы? ?суі»»

Кіріспе

Жұмыс Шал ақын ауданының өңірінің мектептерінің үлескелерінің өнімділігі мен оларды экономикалық тұрғыда тиімді қолдануға бағытталған.

Өзектілігі: Қазіргі нарық заманында кез-келген жерде үнемдеу, тиімді пайдалану күнделікті қолданысқа ие іс-шара. Осы кезде мектеп үлескілерін тиімді пайдалану жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Гипотеза: Мектеп үлескісі – мектеп экономикасының өркендету амалы

Мақсаты: Шал ақын ауданының мектеп үлескілерінің өнімділігін анықтау және сол көрсеткіштерге сәйкес өнімділік көрсеткіштерін арттыру жолын ұсыну

Міндеттері:

    1. Мектеп үлескілерінің өнімділігі туралы материалдар жинау

    2. Аудандық көрсеткіштер деңгейін сараптау

    3. Қолданудың тиімді әдісін ұсыну

Тәжірибелік маңызы: ұсынылатын зерттеу нәтижелерінің болашақта мектеп үлескесі арқылы экономикалық өркендету бағытында қолдану үшін зор мүмкіндікке ие.

Ғылыми жаңалығы: жобаның негізгі мақсатына сай, мектеп үлескісін экономикалық тұрғыда зерттеп ең тиімді қолдану тәсілін ашу

Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы: импорттың орнын басатын және экспортқа бағдар алған өндірістің өндірілуі; жаңа жұмыс орындарының құрылуы; бюджетке түсетін қаражаттың артуы; жергілікті шикізат көздерінің және қуат арқауларының пайдаланылуы; аймақтың инвестициялық тартымдылығының артуы.







1. Теориялық бөлім

    1. Зерттеу нысандары

1.1.1 Экономикалық өсу

Экономикалық теорияда маңызды сұрақтардың бірі - экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның пәнінің мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.

3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.

Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

- Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

Жанама факторлар:

- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Экономикалық өсудің интенсивті және экстенсивті түрлері

Өсудің экстенсивті факторы ресурстың сандық жағынан көбеюімен жүзеге асырылады. Мысалы: қызметкерлердің сан жағынан өсуі. Бірақ, мұндай жағдайда орташа еңбек өнімділігі өзгеріске түспейді. Ресурстардың шамадан тыс өсуіне, көбеюіне өсудің экстенсивті факторында қайтарымның төмендеу заңы тән болады. Мысалы: кәсіпорынның санын көбейте беруден осыған сәйкес жұмыс күшін де көбейте беруден еңбек өнімділігі артпайды. Бұл фактор инновациямен яғни жаңашылдықпен, жаңа өндірістік технологияларды және технологиялық басқарумен, адам капиталының сапалық жағынан өсуімен байланыссыз, оған сандық өзгеріс қана тән.

Ал, экономикалық өсудегі интенсивті фактор - басқару мен технологияны сапалық жағынан арттырумен және жетілдірумен, инновациялық идеяларды қолданумен, өндірісті модернизациялау және адам капиталының сапасын арттырумен байланысты.

Қазіргі кезеңде әлемдегі дамыған өнеркәсіпті елдер дамудың интенсивті жолын ұстанып, өндірісте жаңа технологияны қолдануда, инновациялық идеяларды пайдалануда. Орташа деңгейде ғана өнім шығаратын өнеркәсіп орындарын экстенсивті жолмен сан жағынан көбейту жолынан бас тартуда. Өндірісті модернизациялау, қайта құру, жаңа технологиямен жабдықтау, қызметкерлердің білім деңгейі мен сапасын арттыру және өнімнің әлемдік рыноктағы бәсекелестік қабілетіне маңыз беруде.

Қазақстан осы интенсивті даму жолын ұстануда. Басты мақсат - елді индустрияландыру, жаңа технологиямен жабдықталған өнеркәсіп орындарын ашу, ғылымға негізделген алдыңғы қатарлы идеяларды өндіріске енгізу, әлемде сұранысқа ие болатын қазақстандық сапалы өнім - отандық бренд шығару.

Әлемдегі экономикалық өсудің тиіптері:

Қазіргі кезеңдегі өсу теориясы экономикалық өсудің төрт типін бөліп көрсетеді.

 Қалыпты өсу (АҚШ, Европада байқалады)

 Таңғажайып өсу. (Жапония, Оңтүстік Корея, Гонконг, Қытай)

 Трагедиялық өсу (Орталық Африканың бірқатар елдері)

 Өсудің болмауы (мысалы, Зимбабе)

Экономикалық өсудің типтері әрқайсысына талдау жасалады. Мысалдар келтіріледі.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды.

Стратегиялық Жолдау дегеніміз - ҚР әлеуметтік –экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар жобасы.




























1.1.2. Егіншілік

1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі.

Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2–1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9–2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік – диқаншылықпен де айналысқаны белгілі.

20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан (тәжірибелік телімде) 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы бес – алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн. гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) орналасқан.

Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру, т.б.) жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғал сақтаудың агротехникалық шаралар жүйесі (қар тоқтату, топырақты аудармай жырту, егісті қысқа мерзімде себу, т.б.) қолданылады. Суармалы егіншілікте, көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көп жылдық жемшөптер, күріш өсіріледі. Тәлімі егіншілікте астық, жемдік дақылдар өсіріліп, құрғақ егіншілікке тән агротехникалық шаралар қолданылады. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Мұндағы агротехникалық шаралар топырақты су эрозиясынан қорғау мақсатында жүргізіледі;

2) ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жалпы тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы. Егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің өзара әсерін, топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып жоғары әрі тұрақты өнім алу, егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан (құрғақшылық, аңызақ, үсік) қорғау мәселелерін зерттейді. Егіншілік агрономияның басқа салаларымен (агрохимия, агрофизика, селекция, т.б.) тығыз байланысты.






2. Тәжірибелік бөлім

2.1 Зерттеу барысы

2.1.1 Көкөністер өнімі базарының қысқаша аналитикалық тексерілуі

2010-2014 жж. барлық түрлері бойынша өндірістің өсу тенденциясы байқалады (Диаграмма 1). Ашық топырақ астындағы егіс алаңының және картоптың өсу көлемі жыл сайын байқалады, соңғы 2 жылдың ішінде картоп алаңы қысқартылды (Кесте 1).

2014 жылдың қорытындысы бойынша қарастырылып отырған ішкі өндірістің шамамен 90 % тұрғындардың шаруашылығымен және шаруалардың немесе фермерлердің шаруашылығымен жүргізіледі. Қалған көлем ауыл шаруашылық кәсіпорынға жатады. Қазақстанда шағын тауар өндірісінің мәселесі бар. Осы көкөністердің ішкі өндірісі бірінші кезекте қарапайым тұрғындармен қамтамасыз етіледі.

Диаграмма 1. 2010-2014 жж. ҚР-дағы көкөністердің өндірілу динамикасы


Дереккөз: статистика бойынша ҚР Комитеті







Кесте 1. 2010-2014 жж. картоп пен көкөністердің егілу алаңы


2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Көкөніс,картоптен басқа

120,4

128,7

128,0

133,0

138,2

Картоп

179,8

184,2

189,8

186,8

185,5

Сәбіз

15,4

17,8

18,0

20,1

20,2

Пияз

20,4

23,8

22,9

22,4

22,9

Орамжапырақ

16,9

19,2

17,6

19,7

19,9

Қызылша

5,3

5,8

5,5

5,6

5,3

Дереккөз: статистика бойынша ҚР Комитеті


2-ші кестеде бұдан бұрынғы жылмен салыстырғанда 2010-2014 жж. көкөністер мен картоптың жалпы жинаудың жыл сайын өсуі байқалғандығы көрінеді. Өндірістің өсуі осы дәнді –дақылдарға берілген егіс алаңдарының өсу есебімен болды

Кесте 2. Жылдар бойынша көкөністер мен картоптың жалпы жинау көрсеткіштерінің өзгеруі , %



2011 ж. к 2010 ж.

2012 ж. к 2011 ж.

2013 ж. к 2012 ж.

2014 ж. к 2013 ж.

Көкөніс, картоптен басқа

111,7

106,4

105,9

107,0

Картоп

120,4

101,6

106,9

102,0

Сәбіз

122,0

110,3

109,6

107,0

Пияз

123,8

105,1

100,0

106,1

Орамжапырақ

113,0

95,0

111,8

100,7

Дереккөз: статистика бойынша ҚР Комитеті




Кесте 3. 2014 жылға ҚР-дағы көкөністер базарының сыйымдылығы


 

Шығарылуы, тонна

Экспорт, тонна

Импорт, тонна

Қолданылуы, тонна

Көкөніс, картоптен басқа

34 699 130,3

54 259,7

34 753 390,0

Картоп

34 105 367,2

2 827,9

53 082,5

34 155 621,8

Сәбіз

5 232 654,8

 -

49 293,5

5 281 948,3

Пияз

6 083 841,2

29 144,5

122 253,0

6 176 949,7

Орамжапырақ

4 980 456,8

 -

3 626,0

4 984 082,8

Дереккөз: статистика бойынша ҚР Комитеті


2014 жылы картопты жалпы жинау республика бойынша 34 105 мың тоннаны құрады. Қазақстанда картопты келесі облыстарда өсіреді: Алматы (20 %), Солтүстік Қазақстан (15,2 %), Шығыс Қазақстан (13,4 %), Павлодар (10,3 %) және Қарағанды (8,55 %), өндірістің жалпы көлемінен 67,4 % алып жатыр. Бұл облыстарды картоп өсірудің көшбасшысы және бағыты деп атауға болады.

Көкөністердің және картоптың орташа шығымдылығында тенденцияның тұрақтылығы бар. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарға қарағанда шаруа және ферма шаруашылықтарында көкөніс мәдениетінің орташа шығымдылығы жоғары.

Кесте 4. 2014 жылғы ҚР облыстарындағы көкөніс өндірісі, тонна

 



Картоп

Көкөністер,

картоптен басқа

Сәбіз

Пияз

Орамжапырақ

Қызылша

Қазақстан Республикасы

34 105 367,2

34 699 130,3

5 232 654,8

6 083 841,2

4 980 456,8

1 430 628,0

Ақмола

2 426 743,6

638 846,3

103 843,0

12 693,3

149 204,7

56 109,6

Ақтөбе

836 780,9

632 546,8

104 953,9

41 074,2

116 394,6

54 898,6

Алматы

6 828 423,8

9 324 095,8

942 538,1

2 304 562,8

1 104 200,4

372 713,7

Атырау

164 644,1

618 085,8

103 891,3

86 043,3

52 342,3

52 493,1

Батыс

Қазақстан

644 744,9

573 997,0

77 193,0

61 018,0

100 085,0

45 056,0

Жамбыл

1 838 416,4

6 163 513,3

963 284,2

2 519 453,9

272 410,3

108 223,9

Қарағанды

2 896 188,6

907 422,4

269 342,7

22 665,4

128 293,3

88 827,5

Қостанай

1 881 152,8

711 409,4

112 031,1

18 753,8

164 205,1

54 953,8

Қыэылорда

717 866,7

702 215,1

121 869,0

57 055,8

51 087,4

33 056,8

Манғыстау

-

51 190,0

632,8

132,4

6 622,5

232,6

Оңтүстік Қазақстан

2 494 119,9

8 128 682,4

513 652,2

782 519,1

1 700 871,3

81 745,8

Павлодар

3 511 093,8

1 836 553,9

1 219 849,0

11 073,9

102 692,9

133 827,5

Солтүстік Қазақстан

5 172 148,9

1 918 712,1

292 702,4

51 518,3

497 110,7

198 229,4

Шығыс

Қазақстан

4 584 871,6

2 427 984,6

401 701,0

113 696,8

529 684,2

148 218,6

Астана

96 994,3

24 572,4

2 990,6

237,6

1 534,0

1 174,8

Алматы

11 176,9

39 303,0

2 180,5

1 342,6

3 718,1

866,3

Дереккөз: статистика бойынша ҚР Комитеті


2014 жылы картоптен басқа, басқа көкөністердің өндірісі 34 699 мың тоннаны құрады. Негізгі өндірушілер 3 облыс болып табылады:

Алматы (26,9% ), Оңтүстік Қазақстан (23,4% ) және Жамбыл (17,8%) , олардың жалпы үлесі республиканың жалпы жинаудан 68 % құрайды.

Үш негізгі көкөніс өсірілетін облыстардың аумағында, яғни ол- Алматы, Жамбыл, ОҚО-да Қазақстан халқының көп бөлігі тұрады.

2012-2014 ж.ж. көкөніс базарындағы баға жағдайы 2-ші диаграммада көрсетілді. Бұл кезеңде көкөністердің барлық түрлері бойынша баға өсуі байқалады. Көкөніс өнімдері бағасының өсуінің негізгі себептері:

ЖЖМ бағасының өсуі;

Тұрғындар кірістерінің өсуі;

Жүктерді тасу бойынша қызметтердің қымбаттауы;

Инфляция деңгейі.

Диаграмма 2. 2010-2014 жж көкөністердің бөлшек сауда бағасының динамикасы, теңге/кг


Кесте 5. Бұдан бұрынғы жылға 2010-2014 жж. көкөністердің орташа жылдық бағасының өзгеруі, %


 

Пияз

Картоп

Орамжапырақ

Сәбіз

Қызылша

2013ж. /2012 ж., %

115

130

122

122

141

2014 ж./2013 ж., %

137

115

105

112

107

Дереккөз: «Казагромаркетинг» АҚ


Қазақстанда көкөністер өндірісінің және сатудың айқын маусымдық сипаты бар, ерте өсетін көкөністер аз өсіріледі, сондықтан да импортқа тәуелді болып табылады. Осыдан ұсынысты азайту кезеңінде баға өседі.

Кесте 5. Бұдан бұрынғы жылға 2010-2014 жж. көкөністердің орташа жылдық бағасының өзгеруі, %


 

Пияз

Картоп

Орамжапырақ

Сәбіз

Қызылша

2013ж. / 2012 ж., %

115

130

122

122

141

2014 ж. / 2013 ж., %

137

115

105

112

107

Дереккөз: «Казагромаркетинг» АҚ


Қазақстанда көкөністер өндірісінің және сатудың айқын маусымдық сипаты бар, ерте өсетін көкөністер аз өсіріледі, сондықтан да импортқа тәуелді болып табылады. Осыдан ұсынысты азайту кезеңінде баға өседі.

Зерттеу барысында Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының көрсеткіштері сарапталып, төмендегідей нәтижелер алынды.

Кесте 7. 3 жыл ішіндегі Шал ақын ауданы мектептерінің мектеп үлескісі өнімдердің салыстырмалы көрсеткіші


Өнім түрі

2013-2014

2014-2015

2015-2016

Картоп

23 т 700 кг

40 т 900 кг

18 т 015 кг

Орамжапырақ

35 т 800 кг

14 т

3 т 617 кг

Қызылша

4 т 600 кг

2 т 265 кг

Сәбіз

3 т 420 кг

7 т 600 кг

2т 124 кг

Басқалары

500 кг

590 кг

6 т 079 кг

Барлығы

66 т 420 кг

67 т 690 кг

32 т 100кг


Кесте 8. Шал ақын ауданындағы 2015 жылдың қазан айындағы көкөністердің бағалары


Өнім түрі

2015-2016

Бағасы

Сомасы

Картоп

18 т 015 кг

75 тг

1351125 тг

Орамжапырақ

3 т 617 кг

70 тг

253190 тг

Қызылша

2 т 265 кг

110 тг

249150 тг

Сәбіз

2т 124 кг

80 тг

169920 тг


Кесте 6. 2015 жылдың қазан айындағы Шал ақын ауданы мектептерінің мектеп үлескісі өнімдерінің көрсеткіші


Мектептер

Өнім түрлері саны (тоннада)

картоп

орам

жапырақ

қызылша

сәбіз

қияр

қызанақ

басқалары

1

Жалтыр

800


200

150


80


2

Белоградовка

200


10

15



10

3

Ступинка

500


20

10




4

Рясинка

350

300

50

30

20

40


5

Жаңаталап

240


25

20




6

Алқағаш

700

50

40

30

40

40


7

Жаңасу

500


20

30




8

Ақсу

300


40

30

20

30


9

Еңбек

500


5

5




10

Социал

600


15

14




11

Жаңажол

1000


25

25




12

Көктерек

240


5

10




13

Ольгинка

200

100

50

50



20

14

Кеңес

500

100

50

50




15

Астаған

400

40

40

80

30

80


16

Куприяновка

500


20

50




17

Балуан

700


10





18

Бірлік

500


50

30




19

Минеевка

315


20

20




20

Двойники

300


30

30

15

20


21

Новопокровка

500

100

100

100


200


22

Сухорабовка

100

100

100

100


100

13

23

Кривощеково

800

1000

50

50

40

80

60

24

Қаратал

400

27

150

200

10

30


25

Крищенка

1000


10


20

20

80

26

Семиполка

380

60

115

60


45


27

Гимназия мектебі

70


20

10



12

28

Октябрь

400

200

200

150

40

50

304

29

Приишимка

800

800

150

120


50

95

30

Ақанбарақ

250


200

130

25

30

48

31

Афанасьевка

400

150

60

80

50

100

20

32

Ахметбеков

2000

120

80

60

40

40


33

Городецкий

600

300

80

80


60


34

№ 3

400

50

25

25

20

15

35

35

Мерген

400

120

80

80

60

70

150

36

ҚОМ

170


120

200




Барлығы

18015

3617

2265

2124

430

1180

852


Түйіндеу

Тұрғындардың толыққанды тамақтануының маңызды шарты «екінші нан» саналатын картоппен, көкөкністермен қамтамасыз етілуі болып табылады. Осыған байланысты мектеп үлескелерінде картоп шаруашылығын дамытудың маңызы ерекше.

Халықты өзімізде өндірілетін картоппен, көкөністермен қамтамасыз ету үшін оларды жаппай өндіруге қабілетті және көп номенклатуралы тауарлы түріндегі сала қалыптастыру қажет. Әсіресе ерте пісетін және жабық тәсілмен өндірілетін өндірісті жақсарту ерекше маңызды. Бұл аудан халқын қыс және көктем маусымдарында қамтамасыз ету проблемасын шешуге және оның бағасын төмендетуге септігін тигізеді.





























Қорытынды



Осы жобаны тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында мынадай бірқатар шараларды атқару қажет:

ғылыми негізделген агротехнологияларды және ауыспалы егістікті енгізу және сақтау;

өндірісте картоп және көкөністің аудандастырылған және жоғары өнімді тұқымдарын пайдалану;

көкөніс өсіретін шаруашылықтарда қолданыстағы суармалы жерлерді қайта жаңарту жүргізу және жаңа суармалы жүйелерді салу;

картоп және көкөніс өсіретін шаруашылықтарды лизинг жүйесі арқылы арнайы ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету;

картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсіретін мамандандарылған бригадалар, звенолар құру;

Сергеевка қаласында жабық жерде көкөніс өндіретін жылыжай шаруашылықтарын салу;

картоп және көкөніс қоймаларын салу;

көкөніс және картоп өңдейтін жаңа өндіріс орындарын ұйымдастыру;

ауылдарда көкөніс және картоп қабылдайтын дайындау пункттерін ашу;





19




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Н?рлан Н?рай

Дата: 18.11.2015

Номер свидетельства: 254847


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства