kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаларды? ?арапайым математиклы? т?сініктерін дамытуда дидактикалы? ойындарда ?штілдікті ?олдану жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

                    Б?гінгі та?да адамзат ?о?амына ?ылыми жа?алы?тар мен инновациялы? технологиялар ?аншалы?ты ма?ызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде о?ыту м?селесін де заман талабына сай уа?ыт с?ранысын ?ана?аттандыратын ?рбір педагогты? алдына о?ытуды? жа?а технологияларын о?ыту ?рдісіне енгізу ма?саты ?ойылып отыр. «Кішкентай б?лдіршіндерді? дамуына ы?пал ететін ?рдіссіз білім беруді? ал?аш?ы сатысы ретінде, мектепке дейінгі білім беруге баса назар аудар?ан ж?н деп, Елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев а?амыз айт?андай, ?азіргі кезде мектепке дейінгі жаста?ы балалар?а ?аза? тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ?лт аралы? ?атынас тілі ж?не а?ылшын тілін халы?аралы? тіл ретінде о?ып ?йренуге ?мтылыс жасауы – заман талабы, болаша? ?рпа??а ?ажеттіліктен туындап отыр. Б??ан себеп б?секеге ?абілеттілікке мемлекттік тіл – ?аза? тілімен ?оса, орыс, а?ылшын тілдерін пайдалана отырып, еркін жетуге болады. ?мірде ?анша сала болса, тілді? ?олданылу м?мкіндігі сонша болады. ?штілділік – ?о?амды топтастыратын та??ажайып м?мкіндік. Сол себепті де осы шы?армашылы? ж?мысымды «Мектеп жасына дейінгі балаларды? ?арапайым математикалы? т?сініктерін дамытуда дидактикалы? ойындарда ?штілділікті ?олдану жолдары» деп алу?а негіз болды. Осы ж?мысты? негізі келесі о?ыту факторлары ж?зеге асырудан ??ралады: балаларды? ?арапайым математикалы? т?сініктерін дамытуда дидактикалы? ойындарда орыс ж?не а?ылшын тілдерін ?олдану ар?ылы баланы? жеке м?мкіндіктерін ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаларды? ?арапайым математиклы? т?сініктерін дамытуда дидактикалы? ойындарда ?штілдікті ?олдану жолдары»

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

9 орта мектеп математика пәні мұғалімі

Сабиева Маржан Туребаевна


Балалардың қарапайым

математиклық түсініктерін дамытуда дидактикалық

ойындарда үштілдікті қолдану жолдары



Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай уақыт сұранысын қанағаттандыратын әрбір педагогтың алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр. «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үрдіссіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде, мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн деп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамыз айтқандай, қазіргі кезде мектепке дейінгі жастағы балаларға қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Бұған себеп бәсекеге қабілеттілікке мемлекттік тіл – қазақ тілімен қоса, орыс, ағылшын тілдерін пайдалана отырып, еркін жетуге болады. Өмірде қанша сала болса, тілдің қолданылу мүмкіндігі сонша болады. Үштілділік – қоғамды топтастыратын таңғажайып мүмкіндік. Сол себепті де осы шығармашылық жұмысымды «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарда үштілділікті қолдану жолдары» деп алуға негіз болды. Осы жұмыстың негізі келесі оқыту факторлары жүзеге асырудан құралады: балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарда орыс және ағылшын тілдерін қолдану арқылы баланың жеке мүмкіндіктерін ашу.

Бұл тақырыпты алудағы негізгі мақсаты: балалардың тіл дамытудан білімдерді қабылдауға қамтамасыз ету, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытуда алған білімдерін қолдана білу.

Шығармашылық жұмыс мақсаты мына міндеттерді анықтайды:

  1. Ерте жаста үш тілді қатар үйрету;

  2. Фонетика, лексика салаларында тілдік білімдерін жетілдіру;

  3. Зейін, ес, ойлау сияқты оқыту-танымдық дағдыларды дамыту.

Жұмыстың жаңашылдығы: мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойындарда қолдану жолдары сипатталады және дидактикалық ойындар топтамасы жинақталды.


Мектеп жасына дейінгі балаларға математика пәнін оқытуда ойын технологиясының алатын орны және оны қолдану ерекшелігі.

Балабақшадағы басты міндеттердің бірі – бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту. Бұл кезең – баланың іс-әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға берілетін білім мен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз қасиетін бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну үрдісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың пішінін, құрылымын таниды.

Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты. Бала заттың санын, заттың салыстыруы (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, қосу, тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылымына, қасиетіне

(пішініне, түсі т.б) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады,

Дамыта оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал білім беруді жақсарту педагогке байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білуі қажет. Мысалы: ертегінің мазмұнын ашу барысында «дамыта оқыту технологиясын» қолдансақ, онда Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамның жоғарғы дәрежеде жан-жақты дамуы үшін негізін жасау.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Қазіргі балабақша тәжірбесінде қолданылып жүрген сын ойлауды дамыту технологиясының стратегиялар баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, педагогтың ізденісіне жол ашады. Технология әдістерін қолдануда педагогтар нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға,баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуде. Баланың өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте-бірте мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін,ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады. Сөйтіп жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көз қарасының қалыптасуына жол ашуда.

Мекеп жасына дейінге балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, әрбір педагог ойын технолгоиясын жетік меңгеруі тиіс деп санаймыз.

Оқыту технологияларының ішінде ойын технологиясы тікелей ойын элементтерін қолданумен ерекшеленеді. Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді.

Ойынның түрлері өте көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойындардың пайдасы – баланың ой-өрісінің қалыптасуын, таным іс-әрекетінің дамуын мақсат етіп қояды. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін күшейтеді. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісінің кеңіп, оқу іс-әрекетіне ынтасын арттырады.

Балаларға ерте жастан үштілділікті пайдалана отырып үйретудің тиімділігі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылдың 5-ші қыркүйегінде бес миллиондық аудитория алдында «Қазақстан білім қоғамы жолында!» тақырыбында оқыған интерактивті дәрісінде еліміздің жарқын болашақтағы алға жылжуының жаңа мүмкіндіктерін айқындап, білім беру мен ғылымның даму жолын белгілеп береді. Елбасы өзінің кезекті дәрісінде мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне де көңіл бөліп, халықаралық тәжірбиеге сүйене отырып, оқу үрдісіне мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруде заманауи тәсілдерді енгізуді, ол тәсілдің инновациялық тұрғыда жүргізілетініне, ал білім беру технологиясы мектепке дейінгі білім беру бойынша балаларды толық қамтуға және үш тілде білім беруге ұштасатындығына тоқталды.

Мемлекет басшысы үш тұғырлы тіл саясатын ендіруді тапсырма етіп алдымызға қойды. Үш тұғырлы тіл саясатын халық дұрыс түсінуге тиіс деген ойдамыз. Қазақ тілі – ол біздің ана тіліміз. Түп тапсырмамыз да, болашағымыз да осы ана тілімізбен байланысты. Ал, орыс тілін білу – кеңістікте өз дәрежемізді сақтап қалуға, саясатымызды оң бағытта жүргізуге қажет. Ағылшын тілі туралы әңгіме бөлек. Бұл жаһанданған жаңа заманда әрбір ұлт пен ұлыстың тіл табысу үшін, қарым-қатынасын нығайту үшін қажет құрал. Оны өз деңгей – дәрежесінде орындау білім саласының қызметкерлеріне артылатын зор жауапкершілік.

Үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Сондықтан баланы ерте жастан үш тілге үйрету қажет. Үш – төрт жастан бастап орыс тілін, ағылшын тілін күнделікті меңгеріп отырса, мектепке барғанда тілдерді үйрену қиыншылық тудыра қоймайды. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Орыс тілі ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Балабақшада математика пәні бойынша үш тілді үйретуде сабақтардың, түрлі ойындардың, қызықты жаттығулардың, шығармашылық тапсырмалардың алатын орны зор. Соның ішінде математика сабағында үштілділікті қолдану аясында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін. Себебі, бала бойында ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, тілге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда мол септігін тигізеді және де бұл тәсіл күнделікті тәжірбиеде өз ісін беріп отырады.

Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктейміз, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсемін және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектесемін. Дидактикалық ойын кіші топтан басталады. Мұнда жоғары топтарға жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойланады. Мысалы: бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, т.б сияқты сұрақтарды қоя отырып, балалар кеңістікті бағдарлауды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санауды, түстерді айыруды үйренеді. Балабақшада жиі қолданылатын дидактикалық ойын түрлерін төмендегі жүйе бойынша өткіземіз:

  1. Ойыншықпен ойналатын ойындар.

  2. Үстел үстінде ойналатын ойындар.

  3. Сөздік ойындар

Балаға үш тілді үйретуде дидактикалық ойындардың бұл түрлерін қолдану өте тиімді. Өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, жалпы оларға қалай ойнауды да үйретемін. Бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде де балаларды ойнатуға талпындырамын, ал балалар ойнай отырып үйренеді, сондай-ақ ойын өзіндік ойын нәтижесінде де қалыптасады. Тіл мәдениетін игеру –әр баланың сәби шағынан басталып, біртіндеп жетелеп отыратын үрдіс. Тіл – дүние танудың кілті.

Өз тәжірбиемде дидактикалық ойындарда үштілділікті қолдану.

Дидактикалық ойынның алғашқы мақсаты: баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту, таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Міндеті: баланың тану, іздену әрекетін дамыту, айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажет дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды құруда мен мына негіздерге сүйенемін:

Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу;

Шарты мен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі;

Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі;

Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Дидактикалық ойындарда үш тілді пайдалануды сабақтың әр алуан буындарына енгіземіз:

Түрткі ретінде дидактикалық ойындар;

Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланатын дидакикалық ойындар;

Материалдық пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар;

Игерілген материалды қайталау кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар;

Есептік дидактикалық ойындар.

Баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді. Ортаңғы және мектепалды даярлық топтарында математика пәніне байланысты үштілділікке арнап дидактикалық ойындар жиындығын жасақтадым: Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерін қолданамын:

1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым ойын арқылы беріледі.

2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.

3.Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді?», «Мен не істер едім егер» деген сұрақтарға жауап береді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуациямен ерекшеленеді.

4.Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру,теңеу және сипаттау арқылы ұғымның белгілерін ажыратуға тәрбиелейді, бала қиялының дамуына ықпал етеді

5.Ойын-әңгімелер. Ол педагогтың балалармен, балалардың педагогпен және балалардың баламен қарым-қатынасына негізделеді.

Қорытынды:

Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда орыс және ағылшын тілдерін үйретуге баса назар аударамын. Өз сабақтарымда балаларға үштілділікті үйретуде дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Дидактикалық ойындарда үштілділікті үнемі қолданудағы негізгі шарты: ол ойын таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі дидактикалық әріптер міндетті түрде ескеруі керек; түсініктілік, қайталанылуы, тапсырмаларды біртіндеп орындауымен іс-әрекет түрінде өткізілсе, тапсырмалар оңай орындалып, алға қойған межеге жету оңай болады. Сондай-ақ, ойлау қабілетін дамытып, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін оятады.

Дидактикалық ойынды қолдану өз алдына, ал үш тілде үйрету үшін үлкен педагогикалық біліктілік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен балаларға орысша және ағылшын тілдерін дамытуға тапсырмаларды таңдаймын және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындалатын, сонымен балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.

Қорыта айтқанда, үш тілді үйрену қазіргі заман талабына сай. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - деп Қадыр ағамыз айтқандай қазақ тілін білу-бұл өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің тілін құрметтеу болып табылса, орыс, ағылшын тілін білу арқылы заман көшіне ілесе аласың. Бүгінгі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштайды. Ал бұл бағыттағы толайым, табыстарға, ілім-білімге алып барар жол-ғаламшардағы үстемдік тілдерді үйрену. Еліміз үшін –үштұғырлы тіл елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылу бірінші тұруда. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақыстандықтар өз елінде де, шетелдер дәрежеге қабілетті тұлғаға айналады. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз-ғаламдық инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса ағылшынды білсең-әлемдегі ең үздік, ең жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік мол. Келер жылдың бірінші қыркүйегінен бастап 1 –сынып оқушыларына осы үш тұғырлы тіл саясаты енгізіле бастайды.Осы тұрғыда да ауқымды істердің төбесі көрініп тұр. Оны өз деңгей дәрежесінде орындау білім саласының қызметкерлеріне қойылатын зор жауапкершілік. Қазір елімізде 35 мектеп үш тілде сабақ беріп, тәжірибені енгізіп отырады. Жекелеген оқу орындарында көп тілді білім беруді енгізу бойынша жұмыс басталған. Мектептерде ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылса, мектепке дейінгі мекемелерде ағылшын тілін үйрету.Ендеше, балаларға заман талабына сай білім беруді ерте жастан бастған жөн. Олай болса математика пәні бойынша балалардың қарапайыым математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындар да үштілдікті қолданудың маңызы зор.

Қорыта келе, ойын-баланың жан серігі.Баланың рухани жетілуімен табиғи өсуінің, денесінің дамуымен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді дей келе балаларға ойын арқылы үштілдікті үйрете жүріп ойыннан алған қуаныш оқу қуанышына ұласу үшін әрі қарай жұмыстануға тырысамын.

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: Сабиева Маржан Туребаевна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315239


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1680 руб.
2400 руб.
1680 руб.
2400 руб.
1310 руб.
1870 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства