kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама тақырыбы: Геометрияны оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып өздік жұмыстарды өткізудің ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама тақырыбы:  Геометрияны оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып өздік жұмыстарды өткізудің ерекшеліктері

 

Қазіргі кезде «ақпараттық қоғам» деген ұғым бар. Бұл қоғамның мақсаты –адамдарды жан-жақты ақпараттар ала білуге және оны пайдалана білуге үйрету, азаматтардың неғұрлым көпшілігін өз бетімен, белсенді әрекет ете білуіне, шешім қабылдай білуіне, күнде өзгеріп отырған өмірге бейімделе білушілікке баулу.

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам мектеп алдына оқушыларды мыналарға қабілетті етіп даярлау міндетін қояды:

  • Өз бетімен қажетті білімді ала отырып, оны пайда болған проблемаларды шешу үшін іс жүзінде пайдалану арқылы әртүрлі өмірлік жағдайларға бағдарлана білуге.
  • Өз бетімен сыни ойлау, пайда болған проблемаларды көре білу және қазіргі технологияларды пайдалана отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру, жаңа идеяларды пайдалануға, шығармашылықпен ойлауға қабілетті болу.
  • Ақпаратты сауатты пайдалана білу (дәлелді қорытынды жасау, статистикалық және логикалық заңдылықтарды орнату, белгілі бір проблемаларды шешу үшін, оларға талдау жасау үшін фактілер жинау).
  • Әртүрлі әлеуметтік топтармен ымырашыл болу, командада жұмыс жасай білу.
  • Өзінің адамгершілігін, құлықтылығын, зияткерлігі мен мәдениет деңгейін дамыту жолында өз бетімен жұмыс жасау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама тақырыбы: Геометрияны оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып өздік жұмыстарды өткізудің ерекшеліктері»

«№42 жанында интернаты бар жалпы

орта білім беретін мектеп» КММ

математика пәнінің мұғалімі

Ашимова Кулизат Солтановна



Баяндама тақырыбы: Геометрияны оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып өздік жұмыстарды өткізудің ерекшеліктері


Қазіргі кезде «ақпараттық қоғам» деген ұғым бар. Бұл қоғамның мақсаты –адамдарды жан-жақты ақпараттар ала білуге және оны пайдалана білуге үйрету, азаматтардың неғұрлым көпшілігін өз бетімен, белсенді әрекет ете білуіне, шешім қабылдай білуіне, күнде өзгеріп отырған өмірге бейімделе білушілікке баулу.

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам мектеп алдына оқушыларды мыналарға қабілетті етіп даярлау міндетін қояды:

  • Өз бетімен қажетті білімді ала отырып, оны пайда болған проблемаларды шешу үшін іс жүзінде пайдалану арқылы әртүрлі өмірлік жағдайларға бағдарлана білуге.

  • Өз бетімен сыни ойлау, пайда болған проблемаларды көре білу және қазіргі технологияларды пайдалана отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру, жаңа идеяларды пайдалануға, шығармашылықпен ойлауға қабілетті болу.

  • Ақпаратты сауатты пайдалана білу (дәлелді қорытынды жасау, статистикалық және логикалық заңдылықтарды орнату, белгілі бір проблемаларды шешу үшін, оларға талдау жасау үшін фактілер жинау).

  • Әртүрлі әлеуметтік топтармен ымырашыл болу, командада жұмыс жасай білу.

  • Өзінің адамгершілігін, құлықтылығын, зияткерлігі мен мәдениет деңгейін дамыту жолында өз бетімен жұмыс жасау.

Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де қажет етеді.

Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу –оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсат оқу қызметінің нәтижесінде және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.

Геометрия сабағында тек түсініктер мен формулаларды оқытып қана қоймай, проблемалық және зерттеу әдістерін қолданып, ережелерді, анықтамалар мен теоремаларды оқушылардың өздері қорытып шығаратындай дәрежеге жеткізген жөн.

Оқу үрдісінде өздік жұмысты қалыптастыру – мектептегі оқыту ісіндегі ең негізгі міндеттердің бірі. Геометрияны оқуда өзбетімен жұмысты ұйымдастыру үшін оқушы негізгі теоремаларды меңгеріп, геометриялық білімді тұжырымдап, ғылыми мәселелерді шешу мәселесін көрсетіп оларды шешудің тиімді жолдарын анықтай білуі тиіс. Оқушыларды геометриялық мәселелерді өзбетімен шешуге үйрете отырып оқытушы алдымен бірқатар мысалдар негізінде болжам құруға, мәселе қоюға, оның дұрыс шешімін табуға жол көрсетеді Өздік жұмыс дегеніміз- оқушылардың жаңа білім, дағды, икемділіктер мен ғылым әдістерін меңгерудің маңызды жолы . Егер сөздік және сөздік-көрнекілік әдістер оқушылардың таным әрекетінің алғашқы екі пайымдау мен абстрактылы ойлауды қамтамасыз етсе, ол оны іс жүзінде тексеру тек өз бетімен жұмыс кезінде іске асады. Өздік жұмыс тұтасымен алғанда оқу процесі сияқты білім беру, тәрбие, дамыту міндеттерін атқарады.

Өздік жұмыстың білімділік міндеті геометрия ғылымының негізгі әдістерін игеруде көрінеді. Оған жататындар: сараптау іскерлігі, есептеу есептерін шығару дағдысы, геометриялық тілді дұрыс меңгеруі, үлгілеу икемділігі және т.б.

Тәрбиелік міндеті дара тұлғаның кейбір ерекше қасиеттерін қалыптастыруға байланысты. Олар еңбек сүйгіштік, қиыншылықты жеңе білу, табандылық, өз-өзіне сенімділік.

Дамытушылық міндеті- дербестік пен тәуелсіздікті, зияттылық шеберлігін дамыту (өздік бақылау, негізгіні бөліп көрсету, тұжырымдау, ой қорыту, байқағыштық, сезімталдық және т.б.)

Геометрияны оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып өздік жұмыстарды өткізудің ерекшеліктері:

  • Оқушылардың саналылық деңгейін арттырып, білімді меңгеру беріктігін көтереді;

  • Оқушылар бойында белгілі бір икемділік пен дағдыны қалыптастырады;

  • Алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ойлау әрекетін жоғарлатады.

Мен өз іс-тәжірибемнен өздік жұмыс жүргізудің кейбіріне тоқтала кетсем.

Мысалы : Параллелограм тақырыбын өткеннен кейін өздік жұмысты мына формада жүргіземін. Ең алдымен есеп шығару барысында өтілген материалды қайталап алу керек. Ол үшін теоремаларды оқыған кезде тиянақтауға берілген материалдарға ұқсас тапсырмалар мен пункттегі қосымша есептерді пайдалануға болады. «Блумм түймедағы» әдісін қолдана отырып қайталау жұмысын төмендегідей жүргіземін.

Міне осы қайталаудан кейін төмендегідей өздік жұмысты аламын.

Өздік жұмыс

І нұсқа

  1. ABCD параллелограмының АВ қабырғасы 3см, диагональдары 7см және 4 см; О- диагональдарының қиылысу нүктесі. АОВ үшбұрышының периметрі неге тең?

  2. АВС-да 0. BC қабырғасының бойынан алынған нүктеден АВ және ВС қабырғаларына параллель екі түзу жүргізілген. Алынған төртбұрыштың түрін және оның барлық бұрыштарын анықтандар.

ІІ нұсқа

  1. ABCD параллелограмының АВ қабырғасы 3см, диагональдары 8 см және 5 см; О- диагональдарының қиылысу нүктесі. АОD үшбұрышының периметрі неге тең?

  2. Тең қабырғалы бір қабырғасының бойынан алынған нүкте арқылы қалған қабырғаларына параллель екі түзу жүргізілген. Пайда болған төртбұрыштың түрін және оның барлық бұрыштарын анықтандар.



8 сыныпта Трапеция. Трапецияның орта сызығы тақырыбынан кейін өздік жұмысты деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдалана отырып төмендегідей үлгіде аламын.



Өздік жұмыс

/Деңгейлік тапсырмалар/


І.Блок. Сәйкестікті көрсету.

1. Трапецияның бір табаны 9 см-ге тең. Екінші табаны мен орта сызығының арасындағы сәйкестікті көрсет

Екінші табаны

Орта сызығы

1)

7 см

А)

8 см

2)

5 см

В)

16 см

3)

11 см

С)

7 см



D)

20 см



E)

10 см



F)

14 см

Жауабы: (сәйкес әріпті жаз)

1)

2)

3)


2.Трапецияның орта сызығы 8 см-ге тең. Екі табандарының арасындағы сәйкестікті көрсет.

Бірінші табаны

Екінші табаны

1)

6 см


А)

20 см

2)

9 см


В)

10 см

3)

4,5 см


С)

7 см




D)

11,5




E)

10,5




F)

3,5

Жауабы: (сәйкес әріпті жаз)

1)

2)

3)



ІІ блок. Ашық тапсырмалар.

  1. ABCD трапециясының АВ бүйір қабырғасына параллель СN түзуі АD табанын AN=5 см, ND=4 см екі кесіндіге бөледі. Трапецияның орта сызығын анықтаңдар.

  2. Трапецияның табандары5 см және 9 см. Трапецияның диагоналы оның орта сызығын қиғанда пайда болған кесінділер неге тең.

Шеңбердің теңдеуі, түзудің теңдеуі тақырыптарын өткеннен кейін өздік жұмысты компьютерде технологиялық тірек карта көмегімен аламын.

Формула

Үлгі

Өздік жұмыс

Шеңбердің теңдеуі

Центрі А(а; b ), радиусы R шеңберінің теңдеуі


Егер шеңбер центрі координаталар басы -

мен беттессе.

x22=R2

Түзудің теңдеуі



ax+by+c=0

немесе

y=kx+n



Түзудің бұрыштық коэффиценті

1.Центрі А және радиусы R

шеңбердің теңдеуін құрындар.

А(7; 11), R=5

Шешуі:

(x-7)2+(y-11) 2=5 2


2.Мына теңдеумен


берілген шеңбердің цент-

рінің координаталарын және радиусын табыңдар.

Шешуі: А(-1; 5); R=2


3. А(-3; 5) және В(2;-4) нүктелерінен өтетін түзудің теңдеуін жазыңдар.


Шешуі:

теңдеуін пайдаланып :






Жауабы:

1. Центрі А(4;-1) нүктесінде, радиусы 7 см-ге тең шеңбердің теңдеуін құрындар және салыңдар.

2. Центрі А(4;-1), В(0;1) нүктесі арқылы өтетін шеңбердің теңдеуін құрындар.

3. А(2, -1) және В(5; 3) нүктелері арқылы өтетін түзудің құрындар.

4.3х-5у+15=0 теңдеуімен берілген түзу мен х осінің қиылысу нүктесін табыңдар.


Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Қорыта келе оқушылардың геометрия сабағында өздік білімін жетілдіруде жаңа технологиялық әдіс тісілдерді ұтымды қолдану оқу сапасының артуының кепілі демекпін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Ашимова Кулизат Солтановна

Дата: 19.02.2017

Номер свидетельства: 393476


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1920 руб.
2400 руб.
1810 руб.
2260 руб.
2000 руб.
2500 руб.
2110 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства