kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А есебі Тізбектелген саба?тар топтамасына Ба?дарламаны? бір модулі ?алай неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аесебі

Тізбектелген саба?тар  топтамасына  Ба?дарламаны? бір модулі ?алай неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп. О?ушыларды? жас ерекшеліктеріне с?йкес о?ыту ж?не о?у.

Осы ба?дарламаны?  негізгі міндеті-?аза?станды? м??алімдерге педагогикалы? т?жірибелерін жетілдіру мен ба?алау?а к?мектесу. Сонды?тан о?ыту мен о?уда мен о?уды?  ?азіргі заман?ы ?дістері м??алімні?  к?нделікті т?жірибесі ж?не к?сіби м?нм?тінмен ?зара байланысты ?арастырылады. Ба?дарлама барысында  педагогикалы?  ?рт?лі аспектілері тал?ылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А есебі Тізбектелген саба?тар топтамасына Ба?дарламаны? бір модулі ?алай неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп. »

Қабдолданова Альмира Рахимгалиевна мұғалінің портфолиосы А есебі

3-топ 3-деңгей

Өскемен қаласы 16.05.2014жыл


Аесебі

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.


Осы бағдарламаның негізгі міндеті-Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқуда мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланысты қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогикалық әртүлі аспектілері талқылады.Бірінші бетпе-бетте оқу үдерісі қалай жүретіні және сапалы оқыту дегеніміз не екендігі туралы материалдарды зерделеп , жеті модульде қарастарылған идеялар сабақта пайдаланатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланысты болатындығын білдім. Бағдарламаның модулдері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық осы жеті модульді өз сабағымда қалай ықпалдастырдым? Мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне таныма байланысты өз сабақтарымда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін басқа модулдермен ықпалдастыруды жөн көрдім. Бұл модулді алған себебім әр түрлі жастағы оқушылардың өзгерісті қалай қабылдайтының анықтау.

Танымдық даму –баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін , сөз дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сиқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты.Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру-бұл модуль таланттты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты ,себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйке білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана(тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сыңдарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы мүмкіндігіне сай беріледі.

Мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлағанда екі сыныпты алдым. Оныншы және бесінші сыныптар.Оныншы сыныпта 7 оқушы (3ұл, 4қыз),бесінші сыныпта (4қыз,8ұл) Бесінші сынып оқушыларының жас айырмашылықтары бар, мысалы 2001,2002,2003жылғы оқушылар. 10-сынып оқушылары бесеуі 1997жылғы қалған екеуі1996,1995жылғы оқушылар. Есебімнің басында көрсеткен теориялық идеяларды тізбектелген сабақтар тотамасындағы сабақтарды өткізуде қаншалықты байланыстыра алғандығыма тоқталайын. Сыныптың жас ерекшелігіне және түсіну деңгейіне байланысты барлық тапсырмалар және сол тапсырмаларды іске асыру үшін қолданатын әдіс –тәсілдерді таңдап алу сәттілігіне байланысты оқушының білімі анықталатыны белгілі. Мен өзімнің бірінші сабағымды 5-сыныпта өткізген «Жай бөлшектер» тарауы бойынша қайталау. Бұл сабақта қайталау оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бірінші ноутбук арқылы тірек сызбалар бойынша жасалған слайдты қолданып еске түсіреді, сонан кейін әр топқа постер құруды тапсырдым. Бір топ жай бөлшектердің негізгі қасиеттері, екінші топ жай бөлшектің түрлері, ал үшінші топ жай бөлшекке қолданатын амалдар бойынша постер құрды. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар топпен жұмыс істегендіктен олардың арасында талқылау болып, диалог болды, «Бәйтерек» тобын топ жетекшісі Б-ның тапсырманы топ мүшелеріне бөліп беріп ережелерді қайталатып жатқанын байқадым, бұл жерде оқушының бойындағы көшбасшылықты көрдім. Жас ерекшеліктерін ескере отырып алынған осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бірін-бірі,топты формативті бағалау «екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалады, осы тапсырма бойынша оқушылардың математикалық терминдерді қолданып сөйлеу дағдылары дамыды, өзі ойларын ашық айтуға үйрендді. Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқушыларды сыни ойлауға үйрету мақсатында бірінші ноутбук арқылы жай бөлшектер жайлы тарихи деректермен таныстырып, өз ойларын жай бөлшектер тек математикадағана қолданамыз ба?, жай бөлшектер туралы біліміміз болашақта бізге керек деп ойлайсың ба?, жай бөлшекке берілген есептерді шығару саған қиын ба? Деген сұрақтар төңірегінде жауап жазды. Оқушылардың жауаптарының жақсы жазған оқушылар: Е, М болды. Е жай бөлшектер жаратылыстану пәнінде жер бөліктеріне байланысты қолданатындығын, өлшем бірліктерге қатысты жақсы жазыпты. Ал М өз ойын слайдпен байланыстыра отырып жазған. Көп оқушы болашақта керек, қолданамыз деп, дәлелдемесіз жазған. Бұл жерде көптеген оқушылар өз ойларын толық жеткізе алмау себебі сөздік қорларының аздығы,ойлау қабілеттерінің төмендігіме деп ойладым. Бағалауға келгенде 5-сынып шындықты жасырмай тура бағалауға тырысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты бағалау критерийлерін өзіп құрып бердім. Екінші сабағымда оқушылар көп нәрсеге үйреніп қалған, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда жас ерекшелігіне сәйкес «Мен сізді таныстырғым... келеді» әдісін қолдандым. Оқушылар өздерінің достары туралы ойларын жеткізді,сыныптағы барлық оқушы сөйледі. Жалпы сыныпта өте момын, мүлде сөйлемейтін оқушы жоқ, бірақ олар бірін –бірі қайталап жатқандай көрінді. Барлығы қолөнер үйірмесіне қатысатындығын, біріне-бірі болсатындығын жеткізді. Е оқушылардан екі жас үлкендігі оның Қ-ны таныстырғанда сөйлеу мәнерінен байқалды. Бұл сабақта қайталау жұмысын жүргізуге «Аквариум» тәсілін қолдандым. Жас ерекшеліктерне сәйкес қолданған әдісім арқылы мен АКТ-ны, таланты және дарынды баларды оқыту, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлауға, диалогті ықпалдастырдым.Оқушылар дайын слайдты интербелсенді тақтадан қарап, әрбір слайдтың мағанасын түсіндіреді, сұрақтарға жауап беру барысында талантты және дарынды, көшбасшы оқушылар көріді.Мысалы, Б сұраққа толық жауап беріп қана қоймай мысал келтірді, Қ оқушыларды кезекпен жауап берулерін талап етіп ұйымдастырушы, көшбасшылық қабілетін көрсетті.Осы тапсырманы орындау барысында кейбір оқушылардың жауаптарында нақты дәлелдері болмады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарды меңгеруіне көмек ұйымдастыру және математикалық есептерді шығаруды үйретуге қатысты олардың әсерлі түрлерін айқындау мәселесі өзекті сипат алып отыр. Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты есеп шығару іс-тәжірибелері әлі де жетілмегендіктен, олар есеп жөнінде ұзақ тиянақты ойлай алмайды, тек қана өз істерінің нәтижесін мейілінше тезірек көруге ұмтылады. Оқушылардың қабілетіне қарай берілген тапсырманы орыдағанда қиналғандықтарын байқадым. Екінші сабақ болғандықтан оқушылар бағалауға үйреніп қалған, бұл сабақта жас ерекшеліктеріне сәйке сергіту сәтіне анимацияға қарап би билеумен өткіздік.Балалар сергіту сәті қызықты болғандығын білдірді.10-сыныпта жаңа тақырып «Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу». Жас ерекшеліктеріне байланысты тақырыпты өздігімен меңгеруге ықпал жасадым. Выготский(1962) Зертеуші білімді дамытудың екі түрі барын айтады: біріншісі білімді автоматты түрде, ұғынбай алу, одан кейін екіншісі-алынған білімді саналы түрде ұғынып бақылаудың біртіндеп өсуі келеді, шын мәнінде бұл жайлар қызметтің когнитивті және метакогнитивті аспектілерінің арасында айырмашылыққа қызмет етеді. Флейвелл және басқалар (1995) егер оқыту үдерісін ұғыну деңгейіне ауыстыра алатын болса, онда біз балаларға өзіндік ойлау үдерісін жақсы түсінуге, өзінің оқуын бақылау мен ұйымдастыруын игеруге көмек бере алар едік деген пікірді ұсынды. Бірақ тиімді оқыту қолданып жүрген білім қорына ақпаратты кіріктіру үшін, жай ғана онымен амал-әрекет жасау емес, ол ассимиляцияланған ақпаратқа, жаңа ақпарат пен бұған дейін белгілі болған ақпарат арасындағы өзара байланысты түсінуге, осындай түсінуді ынталандыратын үдерістерді ұғынуға және қаншалықты жаңа әрі қашан зерделенгенін білуге назар аударады. Сонымен қатар Флейвелл мен оның әріптестері(1995) метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метакогнитивтік ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен оларды үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған.(МАН, 80бет) 10-сыныпқа бірінші сәйкестедіруге тест бердім, яғни өздерінде бар білімді тексеру үшін ноутбуктен орындады. Тапсырманы толық орындаған үш оқушы болды, қалған оқушылардан бір, екі қателері болды. Жас ерекшеліктерін ескеріп берілген келесі тапсырма тірек сызбаларды қолданып жаңа тақырыпты ұғыну, постер құрып қорғайды. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар арасында бір-бріне пікірлерін, ойларын айтып диалогқа түседі, осы жерде талантты және дарынды балалар өз білімдерін көрсетеді және топты жұмысқа ұйымдастыру барысында көшбасшы анықталады, бір-бірінің жұмысын формативті бағалау барысында оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульдерін ықпалдастырсам, АКТ –ның көмегіне тірек сызбаларды еске түсіру үшін жүгінеді. Тақырып өткен тақырыптармен тығыз байланысты болғандықтан өздерінде бар білімді жинақтап жаңа тақырыптың негізгі түйінін табады. Н-нің тобы жаңа тақырыпты «Функцияны зерттеу және оның графигін салу» тақырыбың зерттеу алгоритмдерін қолдану арқылы жаңа тақырыпты салыстыра оқиды, екінші топ 8-сыныптағы квадраттық функцияның ең үлкен және ең кіші мәнін табу алгоритміне сүйенеді, екі топқа бір мысал бердім ,бірақ екі түрлі тәсілмен шешті, оқушылардан қортындылауды сұрағанда Ш апай біз бұл тақырыпты біледі екенбіз, тек қана берілген аралықтағы ең үлкен және кіші мәнді тапсақ болды екен деп жауап берді. Бұл жерден менің ойлағаным оқушыларға бағыт –бағдар беріп өздеріне талдау жүргіздіре отырып тапсырманы орындатса жақсы түсінеді және естерінде қалады.Осы тапсырманы орындату кезінде көп уақыттан ұтылдым, себебі бұл сыныпқа постер құруды, тірек сызбаны қалай қолдануды түсіндіру керек болды. Оқушыларға функцияның ең үлкен және еңкіші мәнін табуда қандай қиындық туындауы мүмкін? Н осы сұраққа функциядан туынды алуда , дұрыс жауап қайтарды,егер де оқушылар кез келген функциядан туынды алуды білмесе, алгоритм бойынша функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін таба алмайтындықтарын ескерттім.

Әдетте, оқу барысында оқушылар өздерінеде бар білімі мен біліктерін қолданбайды, мүмкін олар стратегияларды білмейтін немесе жоспарлай алмайтын шығар, ал міндеттерді шешпек болғанда,алға ілгерілеуін қадағалай алмайды. Жүргізілген зерттеулер мұндай оқушылардың әдетте сабақ түсіндіруге ғана емес,сондай-ақ өзін-өзі реттеуге және оқыту мониторингін жақсарту үшін метакогнитивті көмекке мұқтаж екенін көрсетеді. Өте қабілетті және дарынды балалардың ерекшеліктерінің бірі-қабілеті шамалы құрдастарымен салыстырғанда олардың метакогнитивтітік хабардарлығының жоғары болуы(Sternberg,1983).

Хаген мен Хейл(1973) зерттеуі біздің селективті зейінімізге еске сақтаудың белсенді сипаты айтарлықтай әсер ететіндігін анықтады.Осындай оқыту нәтижесіндегі қорытынды –тапсырмаларды балалар үшін тартымды, қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды. Балалардың назарын аудару танудың маңызды элементін және олар білетін ақпаратпен байланысты ақпарат алу мүмкіндігін қамтитындай болғаны маңызды.(МАН,78) Функцияны зерттеу алгоритмін жақсы мегерген Н, Ж, Ш-ға жаңа тақырыпты өзбетінше мегеру қиын болған жоқ.Олар өз бойларындағы талантты және дарындылықтарын көрсетіп, көшбасшы болды. Есеп шығару идеясын табуға жаттықтыру оқушыларды есеп үйретудегі күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.Кез-келген есептің шығару тәсілін іздестіру өте қиын жұмыс болғандықтан, оны мынандай жолдармен тауып, былай үйретуге болады деп айтуға болмайды.Бірақ ол жөнінде көптеген құнды ұсыныстар айтуға болады. Үй тапсырмасына мен Н-ға дарынды және талантты оқушы болғандықтан сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында функцияның ең үлкен және ең кіші мәнін табуға вектордың скаляр көбейтіндісін қолданып шығаруды тапсырдым. 10-сыныптың екінші сабағы осы тақырыпқа есептер шығару.Жас ерекшеліктерін ескере отырып сабақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,АКТ-ны қолдану, талантты және дарынды баланы оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық модулдерін сабағымда қалай ықпалдастырдым? Ынтымақтастық атмосферасын қалытастыруға жас ерекшеліктеріне байланысты « жүректен-жүрекке» оқушылар бір-біріне тілектерін айтты. Топқа бөліп, өткен сабақты қайталау үшін «Ыстық орындық» тәсілін қолдандым, бұл тәсілді қолданған себебім оқушыларды сұраққа жауап беру, сұрақ қою, яғни оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға, жауаптары арқылы дарынды және талантты оқушыларды қолдадым, көшбасшылыққа бағыттадым, оқушыларды қолдай отырып, олардың білімдерін бағаладым.Оқушылардың оқу жұмыстарының қиыншылығы оқу материалының ерекшелігіне, оның ұғынуының, зейін қоюының, ой-өрісінінің жекедара ерекшеліктеріне және жас ерекшеліктерне байланысты екені мәлім.Сондықтан оқушылардың әрқайсысының жекедара ерекшеліктерін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар бердім.Оқушыларға өткен сабақта дайындаған мысалдарды ноутбукті пайдаланып,естеріне түсірулеріне рұқсат бердім. «Математикалық лото» тапсырмасын орындағада Назерке шығармашылық деңгейдің есебін шығарып,өз білімін көрсетті. Ол бұрынғы білімін жаңа жағдайда қолдана алды. Б, Ж, А, Ш алгоритмді қолданып шығару деңгейіндегі есептерді шығарды. Р, А бұрынғы өтілген оқу материалдарға қатысты білімдерінде кемшіліктер бар болғандықтан, есептеріде қателер жіберіп ,көмектті қажет етті.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту- бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағанттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болғандықтан мұғалімдерден едәуір күрделі ойлауды, талқылауды және мұхият жоспарлауды талап етеді екен. Мен тізбектелген сабақтар топтамасындағы барлық сабақтарда оқушыларындың жас ерекшеліктерін ескеріп жасағандығыма осы есепті жазу барсында білдім. Сабақтарда жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алған әдіс –тәсілдерім тиімді болды деп ойладым. Кемшіліктер тапсырмаларды әліде жас ерекшелігіне, жеке қабілетіне қарай дайындауды , 5 - сыныпқа қарастыру керек. Сыни ойлауға арналған ашық сұрақтарды жас ерекшеліктерін ескеріп дайындау. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық - физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды.Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым - қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Оқыту барысында әр оқушыны жан-жақты зерттей келе мұғалім осы өлшемдерге дәл келетін оқушыны тауып және де сол өлшемдерді өзгертуге, қолдануға болатын тиімді, әр қилы тапсырмалар қолдану керек екенін болашаққа міндет етіп аламын.

Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады [9].



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.М ұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Кабдолданова Альмира Рахимгалиевна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192657


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства