Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Те?деулерді шешуді? ?рт?рлі т?сілдері»»
Тақырыбы:
«Теңдеулерді шешудің әртүрлі тәсілдері»
Алматы 2016 жыл
М а з м ұ н ы:
І. Кіріспе
а)Теңдеулерді шешудің әртүрлі тәсілдері
ІІ. Негізгі бөлім
а) Сабақ жоспары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. КіріспеТеңдеулерді шешудің әртүрлі тәсілдері
Теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешудің орта мектепте пайдаланатын негізгі тәсілдері ауыстыру мен қосу тәсілдері. Көптеген теңдеулерді әсіресе үшінші немесе оданда жоғарғы дәрежелі теңдеулер мен олардың жүйесін шешуде бұл негізгі тәсілдерді пайдалану соншалықты ұзақ, тауқыметті түрлендіруге соның салдарынан қателіктер көбірек жіберіп алудың себебі болады. Бұл жағдайда соңғы нәтижеге жетудін мүмкіндігі азайуы сөзсіз, тіптен есептің жауабы шықпауы да әбден мүмкін. Егер теңдеулерді шешудің басқа ұтымды тәсілдерін қолдансақ, бұл теңдеулерді шешудің негізгі тәсілдерінен әлдеқайда жеңіл әрі икемді тәсілі болмақ.тиіс.
іі. негізгі бөлімСабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы : Теңдеулерді шешудің әртүрлі тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Теңдеулерді шешудің әртүрлі тәсілдерін оқушыларға жете түсіндіру Міндеттері: Білімділік: теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау. Дамытушылық: логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру. Тәрбиелік: өзара ынтымақтастыққа, еңбекті құрметтеуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, тәрбиелеу.
1-кезең 1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа әзірлігі. Психологиялық дайындық.
Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білім шыңына Ұқыптылық пен зеректік. Жеткізеді біздерді Математика сырына
Сабақ жоспары:
1. Бәйге. 2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 3. Мен саған - сен маған. 6. Ой толғаныс. 7. Қорытынды. 8. Бағалау.
Сабақ жоспары:
2. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 9 ( оқушылар оқиды, электронды оқулық арқылы)
«Бәйге»ойыны арқылы (өткенді қайталау) 1. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (тіктөртбұрыш) 2. Ауданды қалай табамыз?(ұзындығын еніне көбейтеміз) S=a*b 3. Көлемді қалай табамыз?(ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз) V=a*b*h 4. Фигураның периметрін қалай табамыз?(барлық қабырғаларын қосамыз) 5. Жылдамдықты қалай табамыз?(қашықтықты уақытқа бөлеміз) V=s: t 6. Теңдеу деген не? (белгісіз саны бар теңдік)
Жаңа сабақ.
Жұмбақты шеш.:
Адасқан екі таяқ Тұрады жоқты сұрап. (х)(теңдеу шешуде пайдаланады)
Теңдеу шешу деген не?- белгісіз санның мәнін табу.
Теңдеудің шешуі деген не?- бұл белгісіз санның мәні.
Қызықты есептер. 1. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес. Неге? 2. Су жағасына тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? 3. Жаңа жыл дастарқанына біздің мектепте 263 дана алма даярланды. Егер мерекеге 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?
Шығармашылық жұмыс (жеке тапсырма)
Қызықты есептер.
1. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес. Неге? 2. Су жағасына тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? 3. Жаңа жыл дастарқанына біздің мектепте 263 дана алма даярланды. Егер мерекеге 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?