Просмотр содержимого документа
«Презентация "Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері және белгілері"»
Битанова Айна Женисовна
Еңбекшіқазақ ауданы
«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2.В.Үшбұрыштар
Сабақтың тақырыбы:
Тең бүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілерін және қасиеттерін біледі .
Оқу мақсаты:
7.1.1.23.Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану
Оқушылардың басым бөлігі: Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін ажыратып, есеп шығаруда қолданады.
Кейбір оқушылар: Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілеріне берілген есептерді талдайды.
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін және белгілерін біледі.
Бағалау критерийлері:
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері және белгілерін есептер шығаруда қолданады .
Тілдік мақсат:
Оқытудың тілдік мақсаты: тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеті мен белгілерін тұжырымдайды, есептер шығару жолын түсіндіре алады;
лексика мен сөз тіркесі, пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тең қабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әртүрлі; медианасы, табаны, бүйір қабырғасы, биіктігі, биссектрисасы;
Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын сөз тіркестері: АВС үшбұрышының табанындағы бұрыштары тең болса..., АВС үшбұрышы тең бүйірлі болса ...
Құндылықтарға баулу:
Достық, адамгершілік өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау қасиеттері артады, келісім, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды.
Достық, адамгершілік өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау қасиеттері артады, келісім, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды.
Пәнаралық байланыс:
Технология
Технология
АКТ-ны қолдану дағдылары
Ақпаратты табу, қосымшаларды пайдалану арқылы интербелсенді тақта қолданылады
Ақпаратты табу, қосымшаларды пайдалану арқылы интербелсенді тақта қолданылады
Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және биіктіктігінің анықтамасы және оларды кескіндеу;
Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және биіктіктігінің анықтамасы және оларды кескіндеу;
Мақсат – суды төгіп алмай өткізу. Оқушылар пән атаулары жазылған қағаздардан астау жасайды. Мұғалім білім деп жазылған ыдыстан оқушылар жасаған астаудың басынан су құяды, нәтижесінде астау арқылы сауатты тұлға деген ыдысқа су құйылады. Жұмыс сәтті аяқталса, қол соғу арқылы мадақталады. Осы жерде сыни тұрғыдан ойлау жүзеге асады.
Мұғалім сұрақтар қояды.
-Орындалған мақсатымыз туралы сіз қалай ойлайсыз?
-Неліктен сәттілікпен суды құя алдық деп ойлайсыз?
-Білім алу не үшін қажет деп ойлайсыз?
Оқушыларды тақтада ілініп тұрған бағалау кестесімен таныстырып өту / тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды мұғалім смайликпен бағалап отырады/
Үй тапсырмасын тексеру
1.Оқушылар дәптерлерін ауыстырып «Мен-саған, сен-маған» стратегиясы бойынша тексеру. Оқушылардың өз қателерін анықтап, түзетуіне ықпал жасау. № 178
2.Топқа бөлу. / Үшбұрыш түрлеріне байланысты: теңбүйірлі, теңқабырғалы, әртүрлі қабырғалы деген атаулары бойынша топтастыру.
- Оқушылардан қандай тұжырым бойынша топтастырғанымызды сұрау.
- Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын, оқу мақсаттарын анықтау.
- Топ мүшелерін сайлау.
1.«Бірге ойлаймыз» стратегиясы. Зерттеу тапсырмасы ретінде әрбір топ қолдарындағы үшбұрыштың анықтамасын, қасиеттерін, белгілерін айтады. Дәптерлеріне сызып, үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы және биіктігін табады. Топтардың пікірлері тыңдалады.
Бағалау :
« Бағдаршам, бармақ, смайлик » әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
2. «Ой қозғау»
Әрбір топқа теңбүйірлі үшбұрыштардың суреттері таратылады.
Тапсырма:
1-топ. Үшбұрыштың бүйір қабырғаларын анықтап, бұрыштарын өлшеп, жұппен талқылайды, тұжырымдайды, қорытынды жасайды.
3-топ. Үшбұрыштың табанына қарама-қарсы төбесі арқылы биіктігін, медианасын, биссектрисасын берілген түрлі-түсті маркерлер арқылы кескіндейді, талқылайды, қорытынды жасайды.
Мынадай сұрақ беріледі:
-Сіз қандай тұжырымға келдіңіз?
- Түсіндіріп бере аласыз ба?
Бағалау : «От шашу» әдісі
Оқулықпен жұмыс. /Жеке жұмыс/
Оқулықпен жұмыста сараланған тапсырманы оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай орындайды. Жауаптарын слайдта көрсетілген дескрипторлар бойынша бағалайды.