«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз қария болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ қарияның жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Қария:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын»,- деп ойлайды. Сөйтіп жалман-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:Сапырып - сапырып Арманға бер,Құйып - құйып Алмасқа бер,Есіктегі екеуге бер,Төрдегі төртеуге бер,Өзің іште маған бер»,- деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас, үй толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»,- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу?