ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Дәптерлерін қадағалау.
ІV. Білімдерін тексеру: оқулықпен жұмыс.
“ Қызыл телпек ” ертегісі бойынша оқушылар оқулықта берілген есепті шығарады. Таратпа бойынша жұмыстар жүргізеді.
Ертегіні оқушылар өздері айтып, әңгіме-лейді. Мазмұнын таныстырады. Қайырымды болуға, қамқорлыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге үйренеді.
№ 1
76+8 = 84 – 6 =
70+(6+8) = (84 – 4) – 2 =
(76+4)+4 = 70 + (14 – 6) =
Мысалдардың шығару тәсілдерін түсіндір. Сол тәсілдермен шығар:
85+9 = 94 – 5 =
№ 2
Дәулет таңертеңгілік жаттығулар жасады. Ол 26 рет отырып-тұрды және 3 рет жерден денесін көтерді. Дәулет жерден денесін көтергеннен неше рет артық отырып- тұрды?
26 рет
3 рет ? неше рет артық
№ 3
Екі бөшкеде 86 кг бал бар. Бірінші бөшкеде 40 кг. Бөшкелердің қайсысында неше килограмм бал кем? Кері есеп құрастыр және оларды шығар.