Просмотр содержимого документа
«ХХI ғасырдың жас математигі»
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасырдың жас
математигі
Сабақ мақсаты: а) оқушыларды ауызша есептей білуге, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру ;
ә) әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндіктеріне жағдай жасау, оқушыларды тапқырлыққа баулып, байқампаздығын арттыру, танымдық деңгейлерін дамыту.
б) оқушылардың топпен , ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, жауапкершілікке , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және мақсатына жете білуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: Интеллектуалды ойын сабақ
Сабақтың әдісі: модульдік технологияны қолдану, ауызша және логикалық есептер шығару
Сабақ тың көрнекілігі: ғалымдардың қанатты нақыл сөздері
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар 10а және 10б сыныптары арасындағы «XXI ғасырдың жас математигі» атты математикалық интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер.
Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады: 1. Бәйге 2. Полиглог 3. Тапқырлық 4. Ойлан,тап! 5. Зерде 6. Жорға I бөлім «Бәйге»деп аталады. Бәйгенің сұрақтарын оқығында жауабын тапқан сайыскер қолындағы жалаушасын көтеріп, жауабын айтады. Ойынға қатысушыларға «ақ жол» тілей отырып, ойынымызды бастайық. Көп ұпай жинаған сайыскер 2-турға өтеді. Толық жауап үшін 10 ұпай беріледі.
1. 2-ге бөлінетін натурал сандар қалай аталады? 2. Барлық қабырғалары тең параллелограм қалай аталады? 3. Түзудің бөлігі қалай аталады? 5. Ең кіші натурал санды айт? 6. Тік бұрыштың шамасы қандай? 7. Трапеция дегеніміз не? 8. Параллелограм дегеніміз не? 9. Қиылыспайтын түзулер қалай аталады? 10. Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не? 11.Ең кіші үш таңбалы санды ата?(100) 12. «Р»-әрпінің математикалық мағынасы қалай? (периметр) 13. Пифагор теоремасы. 14. Тауда 7 ағаш, әр ағаш түбінде 7-ін, әрі інде 7-түлкі, әр түлкіде 7 күшік бар. Барлығы неше күшік бар? (7) 15. Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?(5) 16. Аспанда 6 құс ұшып барады, аңшы екеуін атып алады. Неше құс қалды? 17. Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай, Айтыңдаршы бұл қандай сан, Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сан)
1. Ең кіші жай сан? 2. Тәуліктің 1/24 бөлігі? 3. Қандай мемлекеттің атында геометриялық дененің аты қайталанады? 4. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы?
5. Жылдамдықты өлшейтін құрал? 6.Координаталық жазықтықта Ох осі қалай аталады? 7. Математика деген сөзге ең алғаш анықтама берген кім? 8. Қандай елде бірінші рет шеңберді 360 градусқа бөлді? 9. Ең алғашқы теміржолшы? 10. 60-тың 25%-і? 11.Махаббат ми ауруы деген данышпан кім? 12. Хабар агенттігі қай жылы құрылды? 13. Телефонды ойлап тапқан өнертапқыш? 14. “Швабра”белгісімен өрнектелген математикалық белгілеу 15. “Математиканың өзіне тән тілі бар, ол- формулалар ” деген кімнің сөзі? 16. Механиканың 3 заңын, бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым?
Ғанидің қозылары мен қаздарының жалпы саны 12-ге тең. Ал, олардың аяқтарын санап қоссақ ,
42 шығады. Ғанидің қозылары мен қаздарының саны қанша?
30(2) Ешқандай арифметикалық амалдарды қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр
IV бөлім «Ойлан,тап»
Ойынның шарты мынадай:
Математикалық 1 термин айтылады. Соның соңғы әрпінен басталатын келесі математикалық термин айтылу керек.
Осындай алғыр достар кез-келгенде.
Жетсін-ау жарыстарды жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге! -, деп cайысымыздың келесі бөлімін бастайық .
IV бөлім «Ойлан,тап»
Ойынның шарты мынадай:
Математикалық 1 термин айтылады. Соның соңғы әрпінен басталатын келесі математикалық термин айтылу керек.
Осындай алғыр достар кез-келгенде.
Жетсін-ау жарыстарды жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге! -, деп cайысымыздың келесі бөлімін бастайық .
V бөлімі «Зерде»
Бұл ойынның шарты: Қалған 3 ойыншы кезектесіп бір-біріне математикалық мақал-мәтелдер айтысып жарысады. Шатасып кеткен немесе ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
V бөлім «Зерде»
Бұл ойынның шарты: Қалған 3 ойыншы кезектесіп бір-біріне математикалық мақал-мәтелдер айтысып жарысады. Шатасып кеткен немесе ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
VI бөлім «Жорға»
Адам алып таңғажайып ісімен,
Жорға ойын ой тастаған түсімен
Зерделілер заманды алға жылжытқан,
Біз таныған математика күшімен!
-, деп келесі «Жорға » сайысын бастайық. Ойынның шартында әр оқушыға сұрақтар оқылады. Сол сұрақтарға тез арада жауап беру керек.