Жекелеп о?ыту ар?ылы о?ушыларды? танымды? белсенділігін арттыру
Жекелеп о?ыту ар?ылы о?ушыларды? танымды? белсенділігін арттыру
"Жекелеп о?ыту ар?ылы о?ушыларды? танымды? белсенділігін арттыу" ?азіргі кезе?де о?ушыларды? танымды? белсенділігін ?алыптастыруды? педагокикалы? шарттарын жа?аша жеке о?ыту, ?з бетімен білім алу ар?ылы ж?зеге асыру?а болады.
Е? к?п тара?ан жеке о?ыту т?ріне – репетиторлы? жатады. К?бінесе репититор о?ушыны мектепке немесе жо?ар?ы о?у орнына т?суде емтихандар?а, сына?тарды тапсыру?а, олимпиадалар?а дайындайды. Осындай жеке о?ытуды? негізінде о?ушыларды? ?здеріне ?ойыл?ан талаптарды орындау?а ?ажетті біліктер мен ?здіксіз білім алу ж?зеге асады.
О?ушыларды? танымды? белсенділігіні? де?гейлеріне то?талатын болса?, оны? е? жо?ар?ы де?гейі танымды? міндеттері ?з бетінше ?оюмен, тапсырмаларды? шешімін табуда не??рлым тиімді жолдарын болжаумен ж?не ?з бетінше ай?андаумен, ?здігінен ба?алаумен сипатталады. Орташа де?гей жо?ар?ы де?гейді? кейбір элементтеріні? о?ытушыны? к?мегімен орындалатынымен сипатталады, м??алім танымды? тапсырма беріп, оны? шешілуін ба?ылауы немесе о?ушы?а шешу т?сілдерін к?рсетеді.
Т?менгі де?гейде о?ушы?а белгілі бір ?рекетіні? ?лгісі бол?анда, оларды орындау т?сілдері туралы к?мек бол?анда ?ана орындауында, танымды? ?рекетін ынталандыру?а, белгіле т?сілдерге ба?дарлануда к?рініс табады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жекелеп о?ыту ар?ылы о?ушыларды? танымды? белсенділігін арттыру »
Ақмола облысы
Жақсы ауданы
Ғ. Әбдірахманұлы атындағы
Қима орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Сулеймэн Еркегуль
Жекелеп оқыту арқылы оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру
Оқу – оқушының жеке басы танымының ерекеше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені таниды. Олар субъективті жаңаны таниды, демек, тек өздері үшін ғана жаңаны, ғылым зерттеген нәрсені ғана таниды.
Оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқыту үрдісінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана объект емес, оның оқу әрекеті мен озінің психикалық үрдістерін басқару, ұйымдастыра білу (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін өзі тәрбиелеуі ) оқытудағы субъект екенін айқындайды. Бала логикалық ойлай әрекетінің жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға үйренеді.
Қазіргі кезеңде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагокикалық шарттарын жаңаша жеке оқыту, өз бетімен білім алу арқылы жүзеге асыруға болады.
Ең көп тараған жеке оқыту түріне – репетиторлық жатады. Көбінесе репититор оқушыны мектепке немесе жоғарғы оқу орнына түсуде емтихандарға, сынақтарды тапсыруға, олимпиадаларға дайындайды. Осындай жеке оқытудың негізінде оқушылардың өздеріне қойылған талаптарды орындауға қажетті біліктер мен үздіксіз білім алу жүзеге асады.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттері өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқандаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Орташа деңгей жоғарғы деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетеді.
Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекетініңүлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана орындауында, танымдық әрекетін ынталандыруға, белгіле тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін дамуының жолдары
Оқушының оқу үрдісіндегі танымдық белсенділігін деңгейлігі
Оқушының оқу белсенділігінің сипаты
1.Жоғарғы деңгейі
(шығармашылық)
1.Қалыптасқан өзіндік танымдық ұмтылыстың болуы, құбылыстың маңыздылығына қызығушылық танытады.
2.Обьектіні тани біледі, сипаттай алады, танымдық мін-
деттері өз бетінше қояды, тапсырмаларды шешудің жолдарын болжап, өз бетінше анықтайды.
3.Білімін шығармашылық тұрғыда қолданады, іс-әрекет дербестігі сақталынады, өз әрекеттерін бақылап, өздігінен бағалайды.
4.Республикалық олимпиадаларға, әр түрлі білім сайыстарына қатысады; семинар сабақтарында баяндама, реферат жазады, зерттеу жұмыстарымен айналысады.
2.Орташа деңгейі
(эвристикалық)
1.Танымдық әрекет деңгейін өз бетінше таңдайды, түрлі жағдайда білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады .
2.Оқушылардың мотиві, мақсаттық қатынасы өзіндік жұмысқа шығармашылқ компоненті ретінде қалыптасқан, бірақ өзіндік әрекеті басшылыққа алу қажет.
3.Ынталық пен бейімделіктің өзара байланысы толық емес, танымдық әрекет деңгейін таңдау үлгі бойынша немесе мұғалімнің көмегімен орындалады.
3.Төменгі деңгей
(жаңғартушы)
1.Танымдық тапсырмалады өз бетінше орындай алмайды, өздігінен жұмыс істеуді қажетсінбеуді (тақтадан, сыныпта сыныптасынан көшіреді), танымдық істің қандай да бір түріне қабілетінің болмауы жатады.
2.Оқу үрдісінде мұғалімнің көмегін қажетсінеді, тапсырманы үлгі бойынша орындайды.
Егер жеке тұлғаның өз тарпынана танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын.Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, білітері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлерін анықтау үшін балдық бағалау жүзеге асырылады.
Білім, білік және дағды жүйесін игеру дәрежесін бағалау
Үлгерімі «3»
Үлгерімі «3» пен «4»
Үлгерімі «4» пен «3»
Үлгерімі «4» пен «5»
Үлгерімі «5» пен «4»
Үлгерімі «5»
1 балл
2 балл
3 балл
4 балл
5 балл
6 балл
Жоғары сынып оқушыларының берілген тапсырманы орындау мүмкіндіктері
ә) табылған байланысты жүйелеу, тәуелділігін анықтау;
б) Дәлелдемелер келтіру;
в) байланысын, себебін анықтау;
2 балл
1 балл
3 балл
2 балл
8 балл
III
Тапсырмаға жаңалық еңгізу:
а) бақылау, қайта жаңартуға әрекет ету;
ә) Делелдеме жасау, ережесін табу
б) оны қолдану;
3 балл
5 балл
7 балл
15 балл
IV
а) Қарапайым тапсырмаларларды орындай алуы;
ә) типтік тапсырмаларды орындау;
б) эвристикалық тапсырмаларды орындауы
3 балл өзі түсіндіру; 1 балл түсіндірусіз;
1 балл қателіктерімен;
5 балл
7балл
15 балл
Мұнда, 29-дан 42 баллға дейін жинаған оқушылар-жоғары деңгейде, 13-тен 28-ге дейінгілер-орташа, 3-тен 13-ке дейін жинаған оқушылар төменгі деңгейге белгіленеді.
Өз бетінше оқып, білім алу – оқушылардың танымдық ой-өрістерін арттырады, оқу мотивтерін дамытып, біліктерін дамытады. М. И. Махмутовтың пікірінше, өздігінен білім алу мынадай белгілеірмен сипатталады:
а) әр түрлі оқулықтардан өз бетінше жаңа білім алып, білікері мен дағдыларын дамыту;
ә) үйренген білімін, дағды, біліктерін келешекте пайдалана алуы:
б)әр түрлі жағдайда алған білімін шеберлікпен қолдана білуі.
Оқушының өзіндік жұмысын өте маңызды деп есептеу қажет, бұл оның ілгері ұмтылып, алдына мақсат қойып оқуына, таным дүниесін кеңейтуіне әсер етеді. Оқушыны оқулықпен, қосымша әдебиеттермен өздігінше жүмыс істеуге мейлінше ертерек дағдыландыру керек.
Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:
Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздары.
Оқуға деген қабілетін арттыру.
Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
Басқа оқушыларының түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
Өз ойының дербестігі.
Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысның маңызы туралы былай деген: «Бала білімді тәжірбие арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей дер кезінде алып, отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру». Жалпы білімге деген құштарлық кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.