kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Вариативный урок для 10 классов (на казахском)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Курс жо?ары математиканы? «сызы?ты? алгебра» ж?не «аналитикалы? геометрия» салалары бойынша негізгі та?ырыптарын ?амты?ан. Курс 3 тараудан т?рады: 1) жазы?ты?та?ы аналитикалы? геометрия, 2) векторлы? алгебра,  3) ке?істіктегі аналитикалы? геометрия. Оларды о?ып-?йренуде жалпы орта білім беретін курстар?а ?ара?анда барынша жо?ары де?гейдегі міндеттер ж?зеге асырылады. Б?л тарауларды? та?ырыптарын ?ту барысында о?ушылар жалпы мектеп ба?дарламасымен ?амтылмайтын (алайда ?лтты? Бірі??ай Тестте кездесетін кейбір есептерді шы?ару?а септігін тигізетін) жо?ары математиканы?  к?птеген негізгі (мысалы жазы?ты?ты? те?деуі, ке?істіктегі т?зуді? те?деуі сия?ты) ??ымдарымен, кейбір есептерді шы?аруды? жа?адан ?діс-т?сілдерімен (мысалы сызы?ты? те?деулер ж?йесін т?рлендірулер ар?ылы шешуді, ?шб?рыш пен к?пб?рыштарды? аудандарын координаттар к?мегімен табуды, ?шб?рыш пен параллелограмны? ауданын табуды? векторлы? ?дістерімен)  танысады.

Жаратылыстану-математикалы? ба?ытта?ы сыныптар?а арнал?ан б?л курс ?лемні? бірт?тас бейнесін ?алыптастыру?а, жалпы ?ылыми ж?не интеллектуалды? біліктерді ме?гертуге ?з септігін тигізеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Вариативный урок для 10 классов (на казахском) »

«Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия»

қолданбалы курсы


2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін орта мектептерінде 10 сынып оқушыларын бағдарлы оқытуға көшті. Бағдарлы оқытудың негізгі міндеттерінің бірі – мектеп бітірушілерді жоғары кәсіптік білімді игеруге тиімді дайындау. Мектеп оқушылары, мектеп ұжымы және ата-аналар бірлесе отырып 10 сынып оқушыларын «Қоғамдық-гуманитарлық» және «Жаратылыстану-математикалық» бағыттары бойынша оқыту үшін екі сыныпқа бөлді.

Осыған байланысты «Жаратылыстану-математикалық» бағытын таңдаған 10, 11 сыныптарына арналған математика пәнінен өтілетін «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» қолданбалы курсы бойынша бағдарламасын ұсынып отырмын.

Курс мақсаты: оқушыларды математика пәнін жақсы меңгертіп, өзінің бойындағы қабілеттерін толық ашып еліміздің ертеңгі сапалы да білікті мамандары болып шығуына бағыттау.

Жаратылыстану бағыты бойынша оқыған оқушылар келешекте жоғары оқу орнына барғанда алғашкы курста міндетті түрде «Жоғары алгебра» және «Аналитикалық геометрия» пәндерін немесе «Жоғары математика» пәнін өтеді, ал біздің ұсынып отырған бағдарлама осы курс бойынша көптеген тақырыптарды қамтиды және оқушыларды келешекте жоғары оқу орнына дайындайды.

Сонымен бірге, оқушылардың Ұлттық Біріңғай Тестке дайындалуда көп көмек көрсетеді, өйткені мұнда кейбір күрделі есептерді бір жолмен тез арада шығаруға болатын формулалар берілген.

Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10, 11 сыныптарына арналған математика пәнінен өтілетін «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» қолданбалы курсы бойынша бағдарлама




ТҮСІНІК ХАТ

Курс жоғары математиканың «сызықтық алгебра» және «аналитикалық геометрия» салалары бойынша негізгі тақырыптарын қамтыған. Курс 3 тараудан тұрады: 1) жазықтықтағы аналитикалық геометрия, 2) векторлық алгебра, 3) кеңістіктегі аналитикалық геометрия. Оларды оқып-үйренуде жалпы орта білім беретін курстарға қарағанда барынша жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады. Бұл тараулардың тақырыптарын өту барысында оқушылар жалпы мектеп бағдарламасымен қамтылмайтын (алайда Ұлттық Біріңғай Тестте кездесетін кейбір есептерді шығаруға септігін тигізетін) жоғары математиканың көптеген негізгі (мысалы жазықтықтың теңдеуі, кеңістіктегі түзудің теңдеуі сияқты) ұғымдарымен, кейбір есептерді шығарудың жаңадан әдіс-тәсілдерімен (мысалы сызықтық теңдеулер жүйесін түрлендірулер арқылы шешуді, үшбұрыш пен көпбұрыштардың аудандарын координаттар көмегімен табуды, үшбұрыш пен параллелограмның ауданын табудың векторлық әдістерімен) танысады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған бұл курс әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге өз септігін тигізеді.













Курстың мазмұны мен құрылымы


Жазықтықтағы аналитикалық геометрия

Нүктенің жазықтықтағы координаттары. Көпбұрыштың ауданын координаттар әдісімен табу. Жазықтықтағы түзудің теңдеулері. Екінші ретті қисықтар: шеңбер, эллипс, гипербола, парабола.


Векторлық алгебра

Вектор. Векторларды қосу, санға көбейту. Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Кеңістіктегі векторлар. Векторлардың скаляр көбейтіндісі. Векторлардың арасындағы бұрыш. Екі вектордвң векторлық көбейтіндісі. Үш вектордың аралас көбейтіндісі.


Кеңістіктегі аналитикалық геометрия.

Жазықтықтың теңдеуі. Жазықтықтар арасындағы бұрыш. Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық. Түзудің кеңістіктегі теңдеуі. Түзу мен жазықтық: түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесі, түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш, екі түзудің бір жазықтықта жатуының шарты.












Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі


I. Жазықтықтағы аналитикалық геометрия.



Нүктенің түзудегі және жазықтықтағы координаттары. Екі нүктенің арақашықтығы.

1


Кесіндіні берілген қатынаста бөлу.

1


Үшбұрыш пен көпбұрыштың ауданы.

1


Үшбұрыш пен көпбұрыштың ауданы.

1


Түзудің теңдеуі: бұрыштық коэффицент.

1


Түзудің теңдеуі: жалпы түрі, кесінділік түрі.

1


Түзулер арасындағы бұрыш. Берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі.

1


Түзулер арасындағы бұрыш. Берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуі.

1


Берілген нүкте арқылы өтетін түзулер шоғының теңдеуі. Екі түзудің қиылысу нүктесі.

1


Түзудің нормаль теңдеуі. Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық.

1


Түзудің нормаль теңдеуі. Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық.

1


Түзудің теңдеулеріне есептер шығару.

1


Шеңбердің теңдеуі

1


Эллипстің теңдеуі.

1


Гиперболаның теңдеуі.

1


Параболаның теңдеуі.

1


Параболаның теңдеуі.

1


Бақылау жұмысы

1



II. Векторлық алгебра.



Векторларды қосу. Векторды санға көбейту.

1


Нүкте мен вектордың кеңістіктегі координаттары.

1


Векторлардың скаляр көбейтіндісі.

1


Векторлардың скаляр көбейтіндісі.

1


Векторлардың арасындағы бұрыш.

1


Екі вектордың векторлық көбейтіндісі.

1


Екі вектордың векторлық көбейтіндісі.

1


Екі вектор арқылы құрылған үшбұрыш пен параллелограмм ауданы.

1


Екі вектор арқылы құрылған үшбұрыш пен параллелограмм ауданы.

1


Үш вектордың аралас көбейтіндісі.

1



IІІ. Кеңістіктегі аналитикалық геометрия.



Жазықтықтың теңдеуі.

1


Жазықтықтар арасындағы бұрыш..

1


Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық.

1


Түзудің кеңістіктегі теңдеуі.

1


Бақылау жұмысы

1


Түзу мен жазықтық.

1












Әдебиеттер тізімі:

  1. Беклемишев Д.В. «Курс аналитической геометрии и линейной алгебры». Учебное пособие. Москва «Наука». Главная редакция физико-математической литературы. 1987 год.

  2. Минорский В.П. «Сборник задач по высшей математике». Учебное пособие. Москва «Наука». Главная редакция физико-математической литературы. 1987 год.

  3. Ильин В.А., Позняк Э.Г. «Аналитическая геометрия».

Москва «Наука». 1981 год.

  1. Мальцев А.И. «Основы линейной алгебры».

Москва «Наука». 1970 год.

  1. Ильин В.А., Позняк Э.Г. «Линейная алгебра».

Москва «Наука». 1984 год.

  1. Шыныбеков Ә.Н. «Геометрия» . 9-сыныптарға арналған оқулық.

«Атамұра». 2004 жыл.

















"Тұран" мектеп-гимназия"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


"КЕЛІСЕМІН" ӘБ отырысында бекітілді

Оқу ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:

Ж.Әбенова А.Қадырханова

__________________ _______________

29.09.2014ж 27.09.2014ж







ВАРИАТИВТІ САБАҚ


Тақырыбы:Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия








Пәні: Математика

Сыныбы: 9

Пән мұғалімі: А.Қадырханова













2014-2015 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Вариативный урок для 10 классов (на казахском)

Автор: Кадирханова Алия Данияровна

Дата: 09.09.2015

Номер свидетельства: 229643

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(296) "Статья:"Роль педагога в развитии функциональной грамотности школьников на уроках художественного труда в условиях обновления содержания среднего образования.""
    ["seo_title"] => string(80) "stat_ia_rol_piedaghogha_v_razvitii_funktsional_noi_ghramotnosti_shkol_nikov_na_u"
    ["file_id"] => string(6) "433779"
    ["category_seo"] => string(9) "iskusstvo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1508658950"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(196) "Статья «Роль педагога в развитии функциональной грамотности школьников на уроках художественного труда »"
    ["seo_title"] => string(80) "statia_rol_pedagoga_v_razvitii_funktsionalnoi_gramotnosti_shkolnikov_na_urokakh_"
    ["file_id"] => string(6) "515058"
    ["category_seo"] => string(9) "iskusstvo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1560788419"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Урок русского языка в 3 классе на тему: «Я и моя семья»"
    ["seo_title"] => string(60) "urok_russkogho_iazyka_v_3_klassie_na_tiemu_ia_i_moia_siem_ia"
    ["file_id"] => string(6) "388183"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1486314647"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства