Просмотр содержимого документа
«"Те?деу" 5 сынып »
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Дулыбаева Каламкас Алпысовна
Пән: математика
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға теңдеу, теңдеудің түбірі және теңдеуді шешу туралы
мағлұмат беру.
2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелігі: достық қарым-қатынасқа,ауызша және жазбаша шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасай алуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: пысықтау
Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Өткен сабақты пысықтау
Осы кезге дейінгі өтілген материалдарды оқушылар еске түсіреді
Бүгінгі сабағымызда сынып оқушыларымызды 3 топқа бөлеміз. Олар: «Х», «У», «Z».
4. «Кітап –білім бұлағы, білім -өмір шырағы» (оқулықпен жұмыс).Дамыту кезеңі.
№166 Теңдеудің түбірлерін табыңдар
1. (х-24)-15=326
2. (x-17)+24=432
3. (x+121)+327=620
4. (y+96)-73=515
№167 Теңдеуді шешіңдер:
1. 321+(х+13)-15=450
2. 122+(y-7)=200
3. 204-(x+29)=100
4. 53-(y-13)=24
№172 Теңдеудің түбірлерін табыңдар
1. (4294+х):89=67
2. 1215:(71-y)=27
3. (1001-z) ·13=1157
4. 26· (z-23)=2574
5. Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
1. Теңдеуді шешіңдер
28+x=43
2-деңгей.
1. Теңдеуді шешіңдер
(x-23) ·14=56
3-деңгей.
1. Теңдеудің түбірін табыңдар
(у+68) ·39=4095
6. Сергіту сәті.
7. Қызықты сұрақтар
Газет 15 теңге тұрады. Осындай 4 газет неше тұрады?
Бақтиярда 100 теңге болды. Ол 55 теңгеге журнал алды. Оның неше теңгесі қалды?
200 теңгеге бірдей 5 ашықхат сатып алынды. Бір ашықхаттың бағасы неше?
Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес неге? 5. Су жағасында тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? (2 балапан тауықтікі)