Тақырыбы:    Қосу және азайту
        Мақсаты: 
  -  Оқушылардың  есептер шығару, теңдіктер құрастыру, өрнектерді салыстыру, 
сандар  құрамын анықтай білу дағдыларын  бекіту;
  -   Логикалық ой – өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын  арттыру; 
-  Оқушыларды ұйымшылдыққа,, шапшаңдыққа, белсенділікке  тәрбиелеу. 
      
        Сабақтың әдіс-тәсілдері:   сұрақ-жауап,  жинақтау, ойын.
        Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карточкалар, фигуралар,интерактивті тақта.
        Сабақтың типі:  пысықтау
        Сабақтың барысы:
       І. Ұйымдастыру  кезеңі
 Психолгиялық дайындық
 Қайырлы таң  достым
 Қайырлы күн  болсын.
 Аптаның  әр  күні
 Сәттілікке  толсын!
 ІІ. Қызығушылықты  ояту
       «Өз орныңды тап» ойыны.
 -Бұл сандар  қалай аталады?  (натурал  сандар)
 -Тақ сандар, жұп сандар  қатарын  көрсету.
        Жаңа сабақ
 -Балалар  тақтада  қандай  геометриялық пішіндерді көріп  тұрсыңдар?
 -Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шеңбер, шаршы.
 Сол пішіндерде  жазылған өрнектердің мәнін  ауызша  табайық.
     (слайд)
 – Ал балалар, мына  суретте қай жыл мезгілі   бейнеленген? – Қыс  мезгілі.
 Дұрыс. Суретте нелерді көріп  тұрсыңдар? – Күн, бұлт,аққала, шырша, қоян,құстар, үй.
 Осы суреттердің  әрқайсысының  артында  сендерге  арналған  тапсырмалар  бар.
 Тапсырмаларды орындауға  дайынсыңдарма?
 Күннің тапсырмасы:  (слайд) 
 Математикалық  диктант 
  -  Азайғыш 5 азайтқыш 3 айырманың мәні нешеге тең? 
-  Қосылғыш 2, қосылғыш 4 қосындының  мәні нешеге  тең? 
-  Ең үлкен  бір  таңбалы  сан. 
-  Айдоста 7 шар,  Шыңғыста  одан 2 шар кем.  Шыңғыста неше  шар  бар? 
5.7санынан  кейін  тұратын  сан.
        (слайд)
       Бұлттың  тапсырмасы:
 Бұлттарда  жазылған  сандар:
 2, 6, 1, 9, 4, 7, 0           9, 4, 2, 10, 5, 3, 1
 1-қатардағы сандарды өсу ретімен, ал 2-қатардағы сандарды  кему ретімен жазады.
      Сергіту  сәті (слайд)
      Шыршаның  тапсырмасы: (слайд)
  
 Сандар  құрамын  анықтау.
  -  қатар – 8 саны 
-  қатар – 9 саны 
-  қатар – 10 саны 
     Қоян тапсырмасы:   (слайд)                                                                                        
       Сәбіздерді  « жинауға  көмектесейік» ойыны
 10 – 0               7 – 2
 8 + 2               6 + 1
 3 – 1               8 – 3
       Аққаланың тапсырмасы:
 сурет  бойынша  ауызша  есеп  құрастыру.
 Оқулықта берілген  суреттер бойынша  есептер құрастыру
      Теңдіктер, теңсіздіктер    құрастыру
 4 + 2 = 6         6 – 2 = 4
 2 + 4 = 6         6 – 4 = 2
     Құстардың тапсырмасы:    кестені  толтыру
 Қосу мен азайтуға берілген  кестені әр оқушы жеке орындайды.
     (слайд)
     
      ІІІ. Қорытынды
 – Балалар  біз есептер шығарып отырып, қай жыл мезгілі туралы айттық?
 – Қыс.
 – Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
 – Қыс туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
 Қатысқан  балаларды  мадақтау