kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Теңдеу.Теңдеудің түбірі.Теңдеуді шешу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар орындай алады:

1. Теңдеу ұғымын біледі.

2. Теңдеудің түбірі ұғымын біледі.

3. Теңдеулерді арифметикалық амалдардың  белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде шеше алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Теңдеу.Теңдеудің түбірі.Теңдеуді шешу»

Қысқа мерзімді жоспар




Мектеп:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


5.1А: Натурал сан және нөл

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді ықшамдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.1.2Әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектің мәнін табу

Сабақ мақсаттары:


Оқушылардың жаңа тақырып бойынша іс-әрекеттерін ұйымдастыру, оқушылардың әріпті өрнекті көбейтудің улестірімділік қасиетін қолданып ықшамдау дағдысын қалыптастыру, ұқсас мүше және сан көбейткіш ұғымдарымен таныстыру, белсенді тұлға қалыптастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Бағалау критерийлері


Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

- қосу мен көбейтудің қасиеттерін пайдаланып, әріпті өрнектерді түрлендіреді;

- әріптердің орнына берілген сандарды қойып, әріпті өрнектердің мәнін табады

Құндылықтарды дарыту


Академиялық шыншылдық. ынтымақтастық.

 Өзіне және қоршаған ортаға деген құрмет:

Құндылықтар жеке, жұппен және топпен жұмыс барысында дарытылады.

Пәнаралық байланыс

тарих

АКТ қолдану дағдылары

презентация


Бастапқы білім

«Цифр», «сан», «жұп» және «тақ,»ұғымдарын білу; натурал сандармен арифметкалық амалдар орындай білу; Санды және әріпті өрнектермен жұмыс жасау дағдысы; сандарға байланысты амалдардың қасиеттерін білу.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы

2 мин


I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен таныстыру.



Презентация

Қайталау

2-3 мин


Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін есімізге түсірейік. Сонмен қатар қосу мен көбейтудің терімділік қасиетін есімізге түсірейік.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Көбейтудің үлестірімділік қасиеті



Презентация



Жаңа тақырыпты түсіну


11-12 мин


II Жаңа тақырып

Мына есепті қарастырайқ:

Есеп. Дүкенге қарындаштары бар 4 қорап әкелінді. Әрбір қорапта түрлі түсті қарындаштардан 16 қаптама және жай қарындаштардан 12 қаптама. Дүкенге барлығы қанша қаптама қарындаш әкелінді?

Бұл есепті екі түрлі әдіспен шешейік

(16 + 12) ∙ 4 = 16 ∙ 4 + 12 ∙ 4

Бұдан кейін мұғалім оқушыларға анықтама береді: егер сандардың орнына әріптерді қойсақ, онда


(a + b) ∙ c = a ∙ c + b ∙ c


Бұл қасиет - көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті деп аталады.


Қосындыны санға көбейту үшін әрбір қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады.



Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті .


(a – b) ∙ c = a ∙ c – b ∙ c


Айырманы санға көбейту үшін , сол санға азайғышты да, азайтқышты да көбейтіп, бірінші көбейтіндіден екінші көбейтіндіні азайтуға болады




Презентация

Мысалдар

5-6 мин

III Есептерді шығару. Мысалдар

Мысалдарды қарастырамыз

Презентация

Сергіту сәті

1 мин

Сергіту сәті : Қолға жаттығу


Презентация

Топтық жұмыс

5-6 мин

IV. Математикалық лото

Әрбір топ әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектің мәнін табуы керек . Өрнектер кеспе қағаздарда жазылған. Жауаптардың нұсқалары тақтада үлкен картада жазылған.

75

490

2

56

232

27

39

303

Оқушылар өздерінің кеспеқағаздарын өз жауап нұсқасына бекітеді.


Тапсырмалар (Қосымша 1)

Кеспеқағаздарды аударғанда сурет шығады.

Оқушыларға Ф. Виеттің портреті көрсетіледі.

Франсуа Виет – француз математигі. Ол алғашқылардың бірі болып, сандарды әріппен белгілген.

Франсуа́ Вие́т, сеньор де ля Биготье (фр. François Viète, seigneur de la Bigotière; 1540 – 13 ақпан 1603) француз математигі, символдық алгебраның негізін қалаушы. Өз еңбектерін «Франциск Виета» (Franciscus Vieta) деген атпен шығарғандықтан, оны кейде «Виета» деп атаған. Білімі және негізгі мамандығы бойынша – заңгер.


Презентация

Қосымша 1


https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B8%D0%B5%D1%82,_%D0%A4%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%81%D1%83%D0%B0






Күрделірек есептерді шешу

10-11 мин
















V. Күрделі есептерді шешу

1-есеп. Партердің әрбір қатарында к орын, ал қатарлар саны қатардағы орындар санына қарағанда 8-ге артық. Партерде қанша орын бар? Егер к = 10; к = 16 болса, есепке өрнек құрастырып, оның мәнін табыңыз.


2-есеп. Туристер саяхат уақытында 450 км жүруі тиіс еді. Олар таулармен 4 км/сағ жылдамдықпен а сағат, қайықпен 8 км/сағ жылдамдықпен b сағат, велосипедпен 40 км/сағ жылдамдықпен с сағат жүрді және қалған арақашықтықты атпен жүріп өту керек болатын. Туристер атпен қанша арақашықтықты жүріп өтеді? a) Есепті шешу үшін өрнек құрастырыңыз. b) екені белгілі болса, онда туристер атпен қанша арақашықтықты жүріп өткендігін табыңыз


3-есеп. Сынық сызықтың бір буынының ұзындығы – 3 см 4 мм, және ол екінші буыннан х мм-ге ұзын. Үшінші буын екіншіге қарағанда у мм-ге қысқа. Үшінші буынның ұзындығын тап және оны х = 5 мм, у = 1 см 6 мм деп есепте.


Қосымша 2



Қорытынды

2 мин

VI. Сабақтың соңы

Әрбір оқушыға сабақтағы өзінің жұмысын бағалау ұсынылады

Үй тапсырмасы № 308-309

Рефлексия.Оқушылар келесі сөйлемдерді толықтыруы тиіс

Бүгін мен .... білдім.

қызық болды.

қиын болды.

Мен … тапсырмаларды орындадым.

Енді мен .... (істей) аламын.



Оқулық Н.Я. Виленкин

Математика

5 сынып: жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған

Саралау – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?

Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Сілтемелер

Денсаулық жағдайын тексеру

АТ құндылықтар

Бірлескен жұмыс ол мұқият жоспарланған басты жұмыс, сондықтан оқушылар өз деңгейіндегі оқушалармен сенімді түрде жұмыс жасайды, ал өз деңгейімен болмаса онда сенімсіз болады. Серіктестер арасындағы диалог кезінде, екеуі де бірдей үйренеді, біреуі екіншісіне тәуелді болмайды.

Бақылау

Сұрақ қою

Түсінуге сұрақтар

Өзара бағалауе

Өзін-өзі бағалау

Рефлексия


Денсаулықты қорғау технологиясы. Сергіту сәттері және іс-әрекеттің белсенді түрлері. Осы сабақта қолданылған техника қауіпсіздік ережелерінен бөлімдер.

Рефлексия

Сабақ міндеттері/ Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені білді?

Бүгін сыныпта қандай атмосфера болды?

Менің дифференциалдау бойынша жұмысым жақсы өтті ме?

Барлығы жоспарланған уақытқа сәйкес өтті ме?

Мен жоспарға қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос орынды Сіздің сабағыңызды бағалау үшін пайдаланыңыз.

Сол жақтағы кестедегі Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Қандай екі мезет бәрінен де ұнады (сабақ беру мен оқытуды ескергенде)

1:



2:


Қандай екі мезет сабақты жақсартар еді (сабақ беру мен оқытуды ескергенде)

1:



2:


Мен сабақтан топпен келесі сабақта менімен болатын жекелеген оқушылар туралы не білдім




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Теңдеу.Теңдеудің түбірі.Теңдеуді шешу

Автор: Абыханова Назерке Мақсұтқызы

Дата: 26.10.2020

Номер свидетельства: 561314


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства