Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «+», «-» та?балары. «+», «-» та?балары.»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «+», «-» таңбалары.
Мақсаты:
а)Білімділігі: Балаларды математикалық есептермен таныстыру. 5 көлемінде қосу және азайтуға берілген есептерді шығару. Өз бетінше есептер құрастыра білуге үйрету. Сандар мен цифрлар туралы білімдерін жетілдіру. Логикалық есептерді шығару дағдыларын дамыту. Ертегілер элементтерін пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру.
ә) Дамытушылығы:Ертегілерді пайдаланып, балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін, ақыл-ой, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту .
б) Тәрбиелігі: Балаларды қайрымдылыққа, мейрімділікке, әрқашан көмектерін аямауға сыпайы болуға өз-өзін ұстай білуге ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Ертегілер елінде, музыка, жапсыру,сурет.
Көрнекілігі: Слайд, ертегі кейіпкерлері, оқу -құралдар.
Қостілдік компонент:Қызыл телпек-красная шапчка.
Қосу-плюс
Азайту-минус
Қоян-заяц
Тиін-белка
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Психологиялық дайындық:
Достар бірге жүреді
Бірге балық аулайды.
Құстарға жем шашады.
Бақта гүлдер тереді
Міне біздер қандаймыз
Жазылмастан іргеміз.
Әр қашанда біргеміз!
Ғажайып сәт: (Топтың есігі қағылады көңілді әуенмен топқа Қызыл телпектің келуі)
-Сәлеметсіздерме балалар! Мен Қызыл телпекпін. Мені анам әжеме жіберіп еді, тәтті бәліштер алып бар деп.. Ал мен болсам орманның ішіне кіріп күзгі табиғатты тамашалап, әдемі жапырақтар жинап жүріп адасып кеттім сол жүргенде алдымнан қасқырды жолықтырдым.
-Қасқыр болса математикадан есептерін шеше алмай отыр екен.
-Тапсырмаларымды орындап алып келмесең әжеңнің үйіне жібермеймін дейді. Мен әжемді қатты сағындым. Барғым келіп тұр -Сіздер маған көмек бересіздер ме?
Психологиялық дайындықты қызығушылықпен жасайды.
- Қызыл телпекті көріп қуанып қалады.
-Әңгімесін қызығушылықпен тыңдайды.
-Әрине Қызыл телпек бар көмегімізді береміз.
Ұйымдастырушы
іздестіруші
-Балалар біз Қызыл телпекке көмектесеміз деп шештік. Ол үшін мен сіздерге бүгінгі Қарапайым математикатикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қандай тақырыппен танысатындығымызды айтып өтейін.
«+», «-» таңбалары.
Балалар қараңдаршы сіздер тақтадан нені көріп тұрсыздар?
-Дұрыс айтасыңдар қоян.
Қоянның орысшасы қалай?
-Балалар неше қоян көріп тұрсыңдар?
-1 қоян.
-Енді балалар 1 қоянға неше қоян қосылды?
1+1=2
2+1=3
3+1=4
4+1=5
-Балалар сонымен неше қоян бар екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар біздер қояндарды бір-біріне қостық.
-Енді біз осы есепті қандай таңбаны қолдана отырып шығардық? -Қосу деген сөздің орысшасы қалай?