kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка открытого внеклассного занятия по математике на тему: "Қызықты математика әлемінде" (5 класс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін қалыптастыру, логикалық және қызықты математикалық есептерді шеше білуге дағдыландыру. Әрбір есепті шешу деңгейлігіне, маңызына, түріне, логикасына қарай іріктеп шығарту. Жан-жақты ойластырылып, құрастырылған есептерді шығартып, сұрақтарға жауап бергізіп, оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігінің дамуына ықпал жасау. Жарысуға, жарыстард жеңімпаз болуға ұмтылуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, аңғарымпаздылыққа, білімді, дарында, озық болуға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого внеклассного занятия по математике на тему: "Қызықты математика әлемінде" (5 класс)»

№275 ОРТА МЕКТЕП












СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС

Қызықты математика әлемінде










Қалмаханова Баян

математика пән мұғалімі







Байқоңыр

Сыныбы: 5 «В», 5 «Е»

Математикалық сайыс

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Қызықты математика әлемінде»

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін қалыптастыру, логикалық және қызықты математикалық есептерді шеше білуге дағдыландыру. Әрбір есепті шешу деңгейлігіне, маңызына, түріне, логикасына қарай іріктеп шығарту. Жан-жақты ойластырылып, құрастырылған есептерді шығартып, сұрақтарға жауап бергізіп, оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігінің дамуына ықпал жасау. Жарысуға, жарыстард жеңімпаз болуға ұмтылуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, аңғарымпаздылыққа, білімді, дарында, озық болуға тәрбиелеу.

Түрі: математикалық сайыс

Әдісі: ішінара іздендіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка.

Көрнекілігі: сұрақтар жинағы, нақыл сөздер, газеттер, эмблема.

Барысы: І. Кіріспе.

ІІ. Танысу.

ІІІ. «Ойна, ойла» сайысы

ІV. Оқушылар қойылымы.

V. Капитандар сайысы.

VІ. Қорытынды.

І. Кіріспе.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздер бүгін 5 «В» және 5 «Е» сынып оқушыларының арасында өтетін математикалық сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайыстың негізгі мақсаты оқушыларды логикалық және қызықты математикалық есептерді шеше білуге дағдыландыру, әрбір есепті шешу деңгейлігіне, маңызына, түріне, логикасына қарай іріктеп шығарту.

«Қызықты математика әлемінде» сайысында екі топ болады. Әр топтың аты, эмблемасы, ұраны, әні, болуымен қатар құрамы 3–12 оқушыдан аспау керек.

Алдын ала жоғары сынып оқушыларынан сайланған әділқазылар алқсының өз орындарына келуін сұраймыз. Олар әр кезеңнен кейін топтың бағасын беріп отырады. Сонымен, алдарыңызда сайысқа қатысатын оқушылар. Сайысымызды бастаймыз. Әр кезең алдында ережелерімен таныстырамын.


ІІ. «Танысу». Ол мынадай бөлімнен тұрады: капитандардың тобын өлең шумағымен таныстыруы, газетін қорғауы, сыйлық алмасуы, топ мүшелерінің өзін сипаттауы.

«Сандар» тобы топ жетекшісінің тобын таныстыруы.

Ұраны: Математика – ғылымдар патшасы.

Әні: Келдік міне біз бүгін

Өлшемдермен сайысқа

Тайсалмай да жалықпай

Келіңіздер жарысқа

Апталықта басталды

Армысыздар достарым!

Ойын берсін ойшылдың,

Бірлігін берсін халқымның , достарым-ай.

Әрқашан да біз қолдаймыз

Әділеттің ұранын,

Жасай берші әр елде,

Өсе берші ұланым.

Қарсылас топпен сәлемдесуі:

Сәлем «Өлшем» тобына

Сәлем «Сандар» тобынан

Қош келіпсіз сайысқа

Қарсыласпен жарыса!

Әділ-қазылар алқасымен сәлемдесуі:

Армысыздар әділ-қазы алқасы

Бүгінгі күнге әділ төрелік

Күтеді Сізден баршасы

Әділ-қазы алқасына иіліп сәлем берелік.

Жанкүйерлермен сәлемдесуі:

Мың-мың сәлем жанкүйер

Тобымыздан жолдаймыз

Үмітпенен келер жыл

Қатарымыздан сіздерді

Көруді біз ойлаймыз.

Капитанның тобын таныстыруы:

Тобыма менің қарасаң

Сырымды сонда ұғарсың

Математика әлемі

Натурал саннан тараған

Ең алғашқы он цифр

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

Араб, Үнді жерінде

Санау үшін жараған

Басқалары осылардан тараған.

Мынауыңыз Бірлік

Ол болмаса жоқ тірлік

Келесі сан Екі

Тұр әлпетін көңіліне тоқы

Мойны құстай иілген,

Қыран құстай шүйілген.

Жалқаулардың досы.

Келесі сан Үш

Болсын бізде күш

Одан әрі Төрт

Белін, буған, бекем тұрған.

Келесі сан Бес

Билеп шыққан кеш

Келесі бір досың,

Алты болар осы.

Бейне бір өзі акробат

Секіріп бір тұрса

Тоғыздық болар осы.

Келесі бірі — Жеті

Ұзын тұрқы осы.

Келесі бір көршің

Сегіздік болар осы

Көргені оны көркем дер

Бейнесі егіз сақина

Ал мынауың әріп пе?

Ұқсайды ол «О» әріпке

Бірақ одан өзгеше

Аты бар да, заты жоқ

Нөл дегенің осы ғой.


«Өлшемдер» тобы өздерінің ұранын, әнін орындайды, топ жетекшісі тобын таныстырады.

«Өлшемдер» тобы

Ұраны: Шыдамды еңбек, алғыр ой,

Анық досың біліп қой.

Әні: Апталық та басталды,

Сайысқа түсер кез келді.

Сандар менен Өлшемдер

Математика бастауы

Қайырмасы: Ей, Өлшем-ай, сандар-ай.

Оқу-білім, алтын-ай.

Жеңсең «Сандар» тасыма

Жеңілсең тағы жылама

Арман қуған ей өлшем-ай

Сайысымыздың межесі

Жеңімпаздың жебесі

Сабырлық түбі сары алтын

Достар, мұны біліп қой.

Қайырмасы: Ей, Өлшем-ай, сандар-ай.

Оқу-білім, алтын-ай.

Жеңсең «Сандар» тасыма

Жеңілсең тағы жылама

Арман қуған ей өлшем-ай

Қарсылас топпен сәлемдесуі:

Жарысуға, жалықпай

Үміт оты жалындай

Үйренуге, білуге

Қош келіпсіз, сайысқа.

Әділқазылар алқасымен сәлемдесуі:

Армысыздар әділ-қазы алқасы

Әділдік сұрап сіздерден

Тілек қылар баршасы

Әділқазы алқасына «Өлшемдерден» мың сәлем!

Жанкүйерлермен сәлемдесуі:

Армысыздар, жанкүйер

Сіздерден көмек бір тиер

Мың-мың сәлем сіздерге

Ақ пейілді жанкүйерлер.

Топ жетекшісінің тобын таныстыруы:

Тобыма менің қарасаң,

Сан өлшемді табарсың

Ұзындық өлшем бірлігі

Санти, деци, километр ғой.

Олардың өзіндік құпиясы

Сыры менен жыры бар.

Атқаратын қызметі

Бар әлемде біркелкі

Білер оны құрылысша

Құрылыс үйін тұрғызса.

Білер оны теңізші

Жүйіткіген қайық кемемен

Толып жатқан мамандық

Керегін табары бір шындық

Ал келесі бір өлшемдер

Өлшеп берер салмақты

Дүкендегі сатушы

Таразы мен гир тасын

Салмақтайды килограмм, граммен

Диқаншы мен еңбеккер

Тонналап астық бір өлшер

Сауыншы мен зоотехник

Сүтті литрмен мөлшелер

Агроном мен комбайншы

Жер қыртысын гектармен бағалар

Біле білсек білгенге

Үй маңында бір пайда

Көкөніс, жеміс еккенге

Ар дегенің ол қайда?

Міне осындай өлшемдер

Керек физик ғалымға

Керек химик дарынға

Сондықтан көңілге тоқы, біліп ал!

Топ жетекшілері өздерінің газеттерін таныстырады. Одан соң бір-біріне сыйлық алмасады. Сыйлықты сол сияқты әділ-қазыларға да береді және мағынасын өлең шумақтармен келтіреді.

«Өлшем» тобының «Сандар» тобына сыйлығы гир тасы (1 г)

Гирді берген себебім

Жетістігің тонналап өсе берсін дегенім

Өкпе назың біздерге

1 грамда болмасын.

«Өлшем» тобының әділ-қазыларға термометр сыйлауы

Термометр бергенім

Жалындаған біз үшін

Намыс отын қайраған

Оттай ысып жайнаған

Жанкүйерлер қызуын

Өлшей білсін дегенім.

«Сандар» тобының қарсылас тобына сыйлығы үлкен бестік.

Бесті сыйға бергенім

Білімді бол дегенім

Өнер, білім жарыста

Жүлделі бол дегенім.

Әділ-қазы алқасына таразыны қолдан істеп сыйлады.

Өлшегішті бергенім

Әділ-қазы алқасы

Әділ болсын дегенім

Жетістік пен кемшілік

Қатар жүрсе көрсеңіз

Таразымен өлшеңіз.


І сайыс қорытындысы бойынша әділ-қазылар қорытынды шығарады.


«Сандар» тобының мүшелерінің сөзі:

    • Мен бірлікпін, бірлікпін

Тікесінен тік тұрмын

Соңыа ертіп сандарды

Көш бастайын деп тұрдым.

— Мен екілік, екімін

Бірмен көрші тұрамын

Жұп сандарға жақынмын

Амалдармен татумын.

— Мен үшпін, үштікпін

Мен өзгеше жаралған

Бойымда күш қасиет

Ақыл білім, парасат

Үш тоқтам боп бекіген

Ең жақсысы киелі

Үш санымен берілген

Осыны көңіліңе түй енді.

— Мен «төрт» бұрышы дүниенің

Оңтүстік, шығыс, батыс, солтүстік елмін

Мен төрт қасиетті кітаппын

Адамдардың сенім-ойын баураған

Мен төртпін дарамын

Балалардың біліміне бағамын

Білгендерге данамын

Білімдіге панамын.

— Мен беспін, бестікпен.

Аспандағы жұлдызбын

Жамандық пен жақсылық

Қасиеті адамның

Бес өлшеммен берілген

Ер қаруы — бес қару

Нақыл сөзде тірелген

Мен беспін дарамын

Білімдіге бағамын

Мен биікпін шынармын

Білімді бол! — ұраным.

— Мен алтымын, алтымын

Ойыным бар әр түрлі

Цирктегі жанглер

Қойды міне тамаша

Шықты цифр жаңаша

Алтылықтан-тоғыздық

Дара сандар, жаңа сандар

Қасиеті әр түрлі.

— Мен жетімін, жетеумін

Есептік сан есім

Киелі сан жетімін

Дүниеде жоқ жетеу

Шежіреде — жеті ата

Өмірдегі шын ғашық жетеу ғана

Білімдіге бұл маржан

Білімсізге тым арзан.

— Мен сегізбін-сегізбін

Қол ұстасқан егізбін

Пішінім жұп санына

Кейде шексіз шетсізбін.

— Мен нөлмін дарамын

Ақылдымын, данамын

Бағыт беріп сандарға

Ортасында тұрамын.


«Өлшемдер» тобының мүшелері өздерін таныстырады.

Сантимерт.

Ұзындық өлшемдерінің бірі сантиметр 1 см = 10 мм. Қазақша өлшемдердің бірі — «бір сүйем» ол 15 см тең, бас бармақ пен сұқ саусақ қолдың керілген ұзындығы. Сол сияқты «қарыс» ұзындық өлшемі ол кең керілген бас бармақ пен шынашақтың ара қашықтығы.

Метр.

Ұзындық өлшем бірлігі — метр. 1 м = 100 см. Метрге саусақтың ұшынан иыққа дейінгі аралықты жатқызуға болады.

Километр.

Ұзындық өлшем бірлігі — километр. Ұзындық өлшемдеріне басқа елдерде де адам мүшесінің өлшемдері қолданған. АҚШ пен Англия фут — 31 см (табан өлшемі), ярд — 91 см (король Генрихтің мұрын ұшынан иығына дейінгі 1 шақырым — 500 сажын = 1 км 67 см).

Сантиметр, метр, километр — ұзындық өлшемдері.

Грамм.

Бар әлемде бар елде

Өлшегіштер бар екен

Таразымен уақ тас

Ең азын өлшер граммен.

Килограмм.

Дүкенде бар тәттілер

Мөлшерлі ол — килограмм

1 килограмм мың грамм

Ұсақтаған ептілер.

Центнер.

Келесі бір жаңа

Центнер болар шама

Центнерде 100 кг салмағы

Жоқ басқаша оның алмағы.

Тонна.

Келесі бір көршің

Тонна болар өршіл

1000 кг, тонна ғой

Астық, көмір товарың.

Грамм, килограмм, центнер, тонна — салмақ өлшемдері.

Сұйықтарды литрмен өлшейді

1 литр = 1 дм3. Мұнайдың көлемі баррельмен өлшенеді. 1 баррель = 159 литр.

Ар.

Ауданды өлшегенде гектардан кіші өлшем ар жүздің қолданылады. 1 га=100 а. 1а=100 м2

Гектар.

Гектар аудан өлшемі егістік, шабындық ауданын өлшейді. 1 га = 10000 м2.

ІІІ. «Ойна, ойла» сайысы

«Сандар» тобына

  1. Бір таңбалы әр түрлі үш санның қосындысы сол сандардың көбейтіндісіне тең.

  2. Бес «1» санымен 100 санын өрнекте.

  3. Жарты қарбыз 20 теңге тұрады. Бүтін қарбыз қанша теңге тұрады?

«Өлшемдер» тобына

  1. Барлық сандардың қосындысы көп пе, әлде көбейтіндісі көп пе?

  2. 5 санынан бесеу алып 100 санын жаз.

  3. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?

«Сан тізбегін» жалғастыр. Тізбектегі жазылған сандарға мұқият қарап қандай заңдылықпен жазылғанын анықта және келесі санмен толықтыр ( екі топ қа да беріледі).

2, 3, 4, 5, 6, 7...

10, 9, 8, 7, 6, 5...

5, 10, 15, 20, 25...

9, 12, 15, 18, 21...

8, 8, 6, 6, 4, 4...

3, 7, 11, 15, 19, 23...

9, 1, 7, 1, 5, 1...

«Еселік» ойыны екі топқа да жеке-жеке сандар беріледі. Мысалы, «5» саны оның 1-ден 30-ға дейінгі сандарды қатарымен сол санның еселігі кезіккенде санды атамай «еселік» деген сөзді қолдану шарт.


ІV. Оқушылар қойылымы

  1. «Арифметикалық орта» — «Сандар» тобы.

  2. 13-саны — «Өлшемдер» тобы.

  3. «Ертегілер елінде» ертегі құру.

«Арифметикалық орта» (қойылым)

Қойылымға екі оқушы қатысады.

1-оқушы: Сен не ойлап тұрсың?

2-оқушы: Сен білесің бе менің не ойлағанымды? Арифметикалық орта математиктердің керемет жетістігі емес пе? Өзің ойлап көрші екеуміз доспыз. Жақсылық та, жамандық та екуемізге бірдей емес пе? Мысалы, бүгінгі бағаны алайық, сен «5» алдың, мен «1» алдым. Егер бағаларды қосып екіге бөлсек екеуміз де «3» алған боламыз. Көрші өзің қандай тамаша! Әкем де маған ұрыспайтын болды. Сондықтан жасасын арифметикалық орта!

1-оқушы: Бірақ, өзің менен ештеңе сұрамайсың ғой, мен келісемін бе, келіспеймін бе, соны әуелі білуің керек қой.

2-оқушы: Тоқтай тұр, мені тыңда. Сен бүгін мектепке 15 минут ерте келдің, мен болсам кешіктім 15 минутқа, енді тағы арифметикалық орта көмекке кел се онда екеуміз де мектепке дәл уақытында келген боламыз. Керемет емес пе?

1-оқушы: Сен өзің тым ақылды екенсің. Қап бәлем, сені үйретпесем. Сен маған магазиннен кеды әкеліп берші едің ғой, мамаң ақша беріп пе еді. Мен әкеліп берейін.

2-оқушы: Ақша берген.

1-оқушы: Онда сен арифметикалық ортаға тағы есептер шығар. Мен магазинге кеттім.

2-оқушы: Қандай тамаша. Менде енді кеды болады. Мұғалім де ұрыспайды.

1-оқушы: Мен де тез оралдым. Саған кеды әкелдім.

2-оқушы: Кәне, әкелші көрейін. Бұл не?

1-оқушы: Немене ұнамай тұр ма? Бұл сенің кедың. Бірі 26 размер. Екіншісі 44-і размер. Екеуін қосамыз, екіге бөлеміз, сонда 35-і размер сенің размерің шығады. Жасасын арифметикалық орта! Саған бұл ұнайды емес пе?

Нөл және бір (ертегі ойдан құрылды).

Ерте, ерте, ертеде «1» саны кербез, өркөкірек болыпты. Ол басқа сандардан бөлектеніп, жеке дара жүруді ұнатыпты. Оны басқалары «дара жалғыз «бір» деп атайды екен. Сол кезде сыпайы, селтеңдеп көзге көп түсе бермейтін «нөл» бір күні менменсіген «бірге» кездесіп қалып:

— Мені қасыңа ал дос, жолдас болайық, — депті.

«Бір» паңданып, кеудесін көтеріп, бойын тік ұстап қол аяғы жоқ, домаланған сені жолдас етіп қайтем. Не санда, не сапада жоқсың! — дейді.

— Сен қателесесің, мен жеке тұрғанда құнсыз нөл болсам, екеуміз біріксек бағамыз артады. Сенің де жалғыздығың білінбейді 10 есе өсесің.

— Сендейлермен менің құным артпай-ақ қойсын, жақсылығың өзіңе, — деп ашуланыпты «бір».

— Сабыр, ақылға кел. Жүр қазыға барып жүгінейік.

Содан екеуі қазыға келіп, әділ төрелігін алса керек. Содан бері «бір» және «нөл» дос екен.


V. Капитандар сайысы.

  1. Бір-біріне сұрақ қою.

  2. «П» әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді жазуы.

  3. Ревлексие «таныс», «жарыс», «сайыс», «ойна», «ойла», «топ» сөздерімен өлең құр.


VІ. Қорытынды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Калмаханова Баян

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377401


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1390 руб.
1980 руб.
1650 руб.
2350 руб.
1860 руб.
2660 руб.
1850 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства