Керекті жабдықтар | Белсенді тақтада көрсетілетін презентациялар, Оқулық, смайликтер, таратпа қағаздар, бағалау парақтары, маркер, видеоролик, стикерлер |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Рационал сандарға амалдар қолдану және Есеп шығаруда қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын орындау барысын өз сөзімен баяндай алады. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Рационал сандарға қандай амалдарды қолданғанда ортақ бөлімге келтіру керек? Теріс сандарды қалай қосады? Таңбалары әр түрлі сандарды қалай қоса ды? Таңбалары бірдей сандарды көбейту және бөлу ережесін айт Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту және бөлу ережесін айт Жазылым бойынша: Ережелер, есептер шығару |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды ойландыруға, ойын жеткізе білуге, белсенділігін көтеруге, топтық жұмыста ұйымшылдыққа, өзара көмекке, сыйластыққа, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге дағдыландыру |
Қызығушылығын ояту | Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгендау, оқушылардығ. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар қабілет деңгейлері бойынша топтарға біріктіріледі. «Менің көңіл күйім» көңіл күй рефлексиясы: оқушылар смайликті таңдап, бүгінгі сабақ басындағы көңіл күйлерімен бөліседі: Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында тақырып бойынша қайталау сұрақтары қойылады: Қандай сандарды оң сандар дейді? Қандай санды теріс сандар дейді? Мысал келтір. Қандай сан оң да, теріс санға да жатпайды? Қарама-қарсы сандар дегеніміз не? Олардың қосындысы нешеге тең? Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды? Теріс санның модульі қандай сан? Нөлден өзге кез-келген рационал санның модульі қандай сан? Екі теріс санның қосындысын қалай табады? Таңбалары әр түрлі екі санды қосу ережесін тұжырымда Рационал сандар қалай азайтылады? Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту ережесін тұжырымда Екі теріс санның көейтіндісі қандай сан? Көбейткіштердің біреуі 0-ге тең болса, көбейтінді неге тең? Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесін айт Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін айт Санды қандай санға бөлуге болмайды? Рациоанал сандарды салыстыру ережесін айт Әр дұрыс жауап смайликпен бағаланады, оқушы өз баллын бағалау парағына жазып алады | Итерактивті тақта смайликтер |
Мағынаны ажырату | Әдісі: «Көңілді балық айлау» ойыны. Жұппен жұмыс Мақсаты: оқушыларды есепті шығару, рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбын қайталау, талдау арқылы білімді бекітуге дайындау Оқушылар есепті таңдап, талдап орындайды, бағалау парағына ұпайын жазып алады. Өзара тексереді, бағалайды. Оқушылар бір-бірлерінің жауаптарын тыңдап, қолпаштап, қолдау көрсетеді. Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау» | Интерактив ті тақта Слайд-презентация |
Ой толғаныс | Әдіс: «Ойлан, жұптас, пікірлес». Топпен жұмыс Оқушылар топта талқылау арқылы жауаптарын негіздеп, дәлеледейді. Жауап беру кезінде «Смайликтер» әдісі арқылы формативті бағалайды. Берілген сұрақтар бойынша оқушылар тез уакыт ішінде әр топтағы сұрақтарға жауап беріп, ортаға әр топ бір негізгі жауапты қорытынды жасап, ұсынады. №1. Ауызша есептер: 2,8+(-1.3) = -6.7+(-2.5) = -9+(+14.66) = 0.3+(-2.35) = 7+(-7) = 8+(-14) = 0+(-100) = №2.Сәйкес жауаптармен қос: 1. -2,3 – 0,7 1,5 2. -8-(-9,5) -5 3. 3,85-5,3 10 4. -32-(-42) -3 5. 10,5-(-9,5) -1,45 6. -1,9-3,1 20 №3 Салыстырындар: А) -15+(-78) және –(15+78) Б) –(8+(-6)) және –(8+6) Г) –(-(-0,7+(- 1,3))) және 0,7+1,3 №4 Жұлдызшалардың орнына теңдік орындалатындай санды жазындар: -16+(-*)=-23 -7,4+(-*)=-10 *+8,88=8,88 -5,23+(-*)=-6 Формативті бағалау: Түсінгенін білу үшін қолданылады: Қызылтүс – түсінген жоқпын; Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар; Жасыл түс – барлығы түсінікті. Сергіту сәті (физкультминутка) Жеке жұмыс: Оқулықпен жұмыс №607, 609, 614 Оқушылар осы тақырыпты пысықтап, «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы формативті бағалайды. 1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3 бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы … Оқушылар өз ойын стикерге жазады. | Жауап берген оқушы түсіне сай смайлик алады. Видеоролик бойынша сергіту сәті би орындайды жеке орындары нан жән тақтада есептер шығарады; |
Қорытынды Сабақ соңындағы рефлексия Үйге тапсырма: | «Бас бармақ» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау. Басбармақ жоғарыға қарай = Бүгінгі сабақты мен түсіндім Басбармақ көлденең = Бүгінгі сабақты мен түсінгендеймін.Бірақ әлі де қайталау керек Басбармақ төмен қарай = Бүгін сабақты түсінбедім. Мұғалім оқушыларды бағалау парақтарын жинап, қорытынды бағасын қояды. №608,615,617 | Слайд -презентация |