І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару. 3. Оқушылармен бірге сабақтың ОМ анықтау. ІІ. Психологиялық ахуал орнату. «Әр елдің амандасу салтын» жасайды. Қазақтар – қол алысады; Жапондықтар – бірін-бірі көргенде иіледі. Италияндықтар – құшақтасады. Кенияның Масаи тайпасы – билейді. Қытайлықтар – қолдарын бүгіп иіледі. Бразилиялықтар – бір-бірінің иығын қағады. Тай елі – алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. ІІІ. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. «Сұрақты қағып ал» әдісімен жүзеге асады. Еске түсіру сұрақтары : Қандай өрнектер айнымалысы бар өрнектер деп аталады? Жақшаның алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады? Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады? Жақшаның алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады? Көбейтудің үлестірімділік қасиеті қалай тұжырымдалады? Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі? IV. Үй тапсырмасын тексеру. «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі арқылы. Интербелсенді тақтаға үйге берілген есептердің екі дұрыс, бір бұрыс жауабы ұсынылады. Осыған қарап оқушы есебінің мүмкін болатын жауабын да көреді. Оқушылармен бағалау критерийлерін талқылап өту. V. Топқа бөлу: «Материктер мен мемлекеттер» бойынша 3 топқа бөлемін: Ол үшін мемлекет атаулары жазылған қағаз бөліктері таратылады. Оқушылар еншілеріне тиген мемлекеттердің қай материкте орналасқанына байланысты топтарға бөлінеді. Бірінші топ «Еуразия». Екінші топ «Америка». Үшінші топ «Африка». |