Кез келген рационал санды p/q (p-бүтін сан, q-натурал сан) – қысқартылмайтын жай бөлшек түрінде жазуға болады. Қысқартылмайтын жай бөлшек түрінде жазылған рационал санды ондық бөлшек түрінде жазу үшін, оның алымын бөліміне бұрыштап бөлу керек. І жағдай. p/q қысқартылмайтын жай бөлшектің бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5-тен басқа жай көбейткіштер болмайды. Мысалы, жай бөлшегіндегі 40=2*2*2*5 , 9:40=0,225. Демек, Анықтама. Ондық таңбаларының саны шектеулі (санаулы) ондық бөлшектер шектеулі ондық бөлшектер деп аталады. ІІ жағдай. p/q қысқартылмайтын жай бөлшектің бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5-тен басқа жай көбейткіштер болады. Мысалы, Мұндай жағдайда жай бөлшектің алымы бөліміне қалдықсыз бөлінбейді, бөлу шектеусіз жалғаса береді. Енді осы жай бөлшектердің ондық бөлшекпен жазылуын қарастырайық: 1) 2) Анықтама. Ондық таңбаларында бір цифр немесе реті өзгермейтін цифрлар тобы қайталанатын шектеусіз ондық бөлшек периодты ондық бөлшек деп аталады. Анықтама. Периодты ондық бөлшектегі үтірден кейінгі шектеусіз көп қайталанатын бір цифр немесе цифрлар тобы период деп аталады. Периодты ондық бөлшектің периоды жақша ішіне алынып жазылады. 0,222... = 0,(2) Оқылуы: 0 бүтін периодта 2; 0,4666...= 0,4 (6) Оқылуы: 0 бүтін оннан 4 периодта 6. Периодты ондық бөлшек Таза периодты аралас периодты периодты ондық бөлшектің периодты ондық бөлшектің үтірі периоды үтірден кейін мен бірінші периодының басталады. аралығында бір немесе бірнеше Мысалы: 0,(6); -0,(18) т.с.с қайталанбайтын цифрлар тобы болады Мысалы: 0,4(6) ; -0,41(6) т.с.с |