Математикалық статистика элементтерін ғылымда қолдану
Математикалық статистика элементтерін ғылымда қолдану
Тілді зерттеудің жаңа бағытын эстондық Я.Микк пен Ю.Тулдаева, өзбекстандық С.А.Мухамедов, қарақалпақстандық М.Айымбетов, қырғызстандық Т.Салыковтар өз ана тілдерін зерттеу ісінде қолдану мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырған.
Әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдарының озық тәжірибелерін елімізде Қ.Б.Бектаев, А.Қ.Жұбанов,Ә.Ахабаевтар қазақ тілін зерттеуге қолданған. Қ.Б.Бектаевтың «Статистико – информационная типология тюркского текста» атты монографиясында (1978) және Р.Г.Пиотровский, А.А.Пиотровскаялармен авторлық бірлестіктегі «Математическая лингвистика» (1977), А.Қ.Жұбановтың «Квантитативная структура казахского текста» (1987) еңбектерінде лингвостатистикалық әдістерді тілге қолданудың қыр-сырлары жете зерттелген.
және кандидаттық диссертацияларына да арқау болады.
Ғылым мен техниканың даму заманында математикаландыру бүкіл адамзат қызметін, сонымен қатар тілтануды да жаулап алды. Математикалық әдістердің лингвистикаға енуінің екі түрлі себебін айтуға болады.
Біріншіден, тілді зерттеудің теориясы мен практикасында тіл мен мәтіннің сараптамасы неғұрлым нақты және объективті әдістердің енуін талап етеді.
Екіншіден, тілтанудың басқа ғылым салалары, мысалы, акустикамен, жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясымен, кибернетикамен және есептеуіш техникамен байланысы тек қана математикалық тілді қолдану барысында жүзеге асады.
Әсіресе тілтанудың математикаландырылуы табиғи тілдің көмегімен ақпараттық жүйелерде және адам – машина – адам басқару жүйелерінде жүзеге асады. Бұған мысал ретінде қазіргі ұялы телефондардағы дыбыспен басқару жүйелерін келтіруге болады. Математикалық әдістерді тілтануда қолдану, әдетте диффузиялық, интуициялық сипатталған және толық шешімі жоқ лингвистикалық есептерді бір немесе бірнеше қарапайым, қисынды сипатталған және алгоритмді шешімдері бар математикалық есептермен алмастыру ретінде қарастырылады. Мұндай қиын лингвистикалық мәселелерді қарапайым алгоритмді есептерге жіктеуді біз – лингвистикалық объектінің немесе оқиғаның математикалық экспликациясы деп атаймыз.«Сандық емес» математикалық аппаратты қолдану негізінде теориялық тілтануда шартты түрде комбинаторлық лингвистика деп аталатын бағыт қалыптасты, мұнда математикалық статистиканың, ықтималдықтар теориясының, ақпарат теориясының, математикалық анализдің әдістері қолданылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі мәтінді қалыптастыруды табиғи объект ретіндегі заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігіне негізделген. Сонымен қатар зерттеу жұмысы, ауызекі тіл ұлттық тіл жүйесінің ядросы негізінде өзінің барлық заңдылықтарын білуі қажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Математикалық статистика элементтерін ғылымда қолдану»
Математикалық статистика элементтерін ғылымда қолдану
ХХ ғасыр 50 жылдары табиғи және кейбір жасанды тілдердің кұрылысын сипаттауға және тіл біліміне тән негізгі ұғымдарды анықтауға арналған формальды аппарат жасау мақсатында туған. Математикалық лингвистика әдістері мен математикалық аппараттың көмегі арқылы тілдің әр түрлі заңдылықтарын ашуға болады. Белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сөз бөлшектерінің кезектескен тізбектерін ("дұрыс мәтіндер") математика тұрғысында зерттеу Ф. де Соссюрден басталады. Математикалық лингвистика синтаксистік құрылымды сипаттау тәсілдерінің теориясы және формальды грамматика теориясы деген салаларға бөлінеді. Формалды грамматиканың кеңірек қолданылып жүргені түрі — "Туынды грамматика" немесе Н. Хомский грамматикасы. Қазақстанда бұл сала бойынша Ұлттық Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында ЭЕМ көмегімен қазақ мәтіндерінен сөз, сөз тұлға, сөз тіркесінің әр түрлі жиілік сөздіктері түзіліп, лексика, фонетика, синтаксис салаларындағы сандық зандылықтар анықталуда. [1],[3]
Алғашқы болып синтаксисті математикалық тұрғыдан таңбалаған американ ғалымы У.Сепир болды. Оның «Тіл» атты кітабы 1921 ж. жарық көрді. Онда автор: «Тіл – ойын, көңіл күйін, қалауын түйсіксіз, арнайы шығаратын таңбалар жүйесінің көмегімен жеткізетін, тек адамға тән тәсіл», – деген еді. Сонымен қатар, физика-математика ғылымының кандидаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Бектаевтың бұл салада жазған «М.О.Ауэзовтың «Абай жолы» романының жиiлiк сөздiгi» (1979), «Математические методы в языкознании» (1973-1974), «Қазақ тiлiнiң кepi алфавиттi сөздiгi» (1971), «Математическая лингвистика» (1977) еңбектерін айтпасқа болмайды. [3]
Үнді – Еуропа тіл білімі мамандары қолданған математикалық және кибернетикалық әдістердің түркітану бағытындағы зерттеулерге де әсері тимей қойған жоқ. Алайда бұл құбылыс 1960 жылдарға дейін айтарлықтай еленіп, ескерілмеді.
Әр кезеңдегі түрлі авторлар арқылы жалпы лексикологияның мәселелері, жалпы халықтық лексиканың құрылымы, оның әр алуан қабаттарының ара қатынасы, қазіргі замандағы тілдік норма, жазушы тілінің функционалдық стилі мен ерекшеліктері, сөз қорының тарихи дамуы және т.б. аса маңызды мәселелер принциптік тұрғыдан жаңаша пайдаланылып отыр.
Лингвистика ғылымының негізін қалаушы ғалымдардың бірі Дж.Гринберг нысандарды зерттеудің қарапайым түрімен шектеліп қоймай, оларды салыстыру мен жіктеуге көшу керектігін «Один из шагов, которое должна предпринимать любая наука, если она хочет ясно осмыслить потенциальные возможности своего научного метода, заключается в том, чтобы не ограничиваясь простым описанием изучаемых объектов, перейти к их сравнению и классификации» атты пікірімен тұжырымданған.
Қазіргі уақытта тілтану мен әдебиеттану ғылымында тіл мен сөйлеу мәнерін үйренудің статистикасы жайлы бай тәжірибелер жинақталған. Мұнда тіл белгілері мен сипаттамаларының объективті мәндерін анықтау көзделеді. И.А.Бодуэн де Куртенэ, М.Н.Петерсон, Е.Д.Поливанов және білімпаздар тілдік элементтерді сандық тұрғыдан бағалауға тырысқан.
Кеңес дәуіріндегі П.М.Алексеев, Г.Г.Белоногов, М.Г.Бород, А.Н.Гвоздев, Б.Н.Головин, Р.Г.Пиотровский, Р.М.Фрумкина сынды тілтанушы ғалымдар тіл біліміне лингвистикалық статистика әдістерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеп, құнды еңбектер жариялаған.
Тілді зерттеудің жаңа бағытын эстондық Я.Микк пен Ю.Тулдаева, өзбекстандық С.А.Мухамедов, қарақалпақстандық М.Айымбетов, қырғызстандық Т.Салыковтар өз ана тілдерін зерттеу ісінде қолдану мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырған.
Әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдарының озық тәжірибелерін елімізде Қ.Б.Бектаев, А.Қ.Жұбанов,Ә.Ахабаевтар қазақ тілін зерттеуге қолданған. Қ.Б.Бектаевтың «Статистико – информационная типология тюркского текста» атты монографиясында (1978) және Р.Г.Пиотровский, А.А.Пиотровскаялармен авторлық бірлестіктегі «Математическая лингвистика» (1977), А.Қ.Жұбановтың «Квантитативная структура казахского текста» (1987) еңбектерінде лингвостатистикалық әдістерді тілге қолданудың қыр-сырлары жете зерттелген.
және кандидаттық диссертацияларына да арқау болады.
Ғылым мен техниканың даму заманында математикаландыру бүкіл адамзат қызметін, сонымен қатар тілтануды да жаулап алды. Математикалық әдістердің лингвистикаға енуінің екі түрлі себебін айтуға болады.
Біріншіден, тілді зерттеудің теориясы мен практикасында тіл мен мәтіннің сараптамасы неғұрлым нақты және объективті әдістердің енуін талап етеді.
Екіншіден, тілтанудың басқа ғылым салалары, мысалы, акустикамен, жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясымен, кибернетикамен және есептеуіш техникамен байланысы тек қана математикалық тілді қолдану барысында жүзеге асады.
Әсіресе тілтанудың математикаландырылуы табиғи тілдің көмегімен ақпараттық жүйелерде және адам – машина – адам басқару жүйелерінде жүзеге асады. Бұған мысал ретінде қазіргі ұялы телефондардағы дыбыспен басқару жүйелерін келтіруге болады. Математикалық әдістерді тілтануда қолдану, әдетте диффузиялық, интуициялық сипатталған және толық шешімі жоқ лингвистикалық есептерді бір немесе бірнеше қарапайым, қисынды сипатталған және алгоритмді шешімдері бар математикалық есептермен алмастыру ретінде қарастырылады. Мұндай қиын лингвистикалық мәселелерді қарапайым алгоритмді есептерге жіктеуді біз – лингвистикалық объектінің немесе оқиғаның математикалық экспликациясы деп атаймыз.«Сандық емес» математикалық аппаратты қолдану негізінде теориялық тілтануда шартты түрде комбинаторлық лингвистика деп аталатын бағыт қалыптасты, мұнда математикалық статистиканың, ықтималдықтар теориясының, ақпарат теориясының, математикалық анализдің әдістері қолданылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі мәтінді қалыптастыруды табиғи объект ретіндегі заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігіне негізделген. Сонымен қатар зерттеу жұмысы, ауызекі тіл ұлттық тіл жүйесінің ядросы негізінде өзінің барлық заңдылықтарын білуі қажет. [23]
Филологиялық факультеттерде оқитын студенттерге, тіл мамандарына өз шығармаларында математикалық лингвистика әдістерін қолдана білуді үйрету. Математикалық лингвистика пәнін енгізуді ұсыну.
Тіл біліміндегі, соның ішінде әртүрлі тілдерде жазылған өлеңдердің айрмашылықтарын математика көмегімен есептеуді көрсету.