?азіргі кезде елімізді? білім беру саласыны? алдына ?ойып отыр?ан бірінші кезектегі міндеттері ?лтты? б?секелестік ?абілеттерін арттыру ж?не ?лемдік білім ке?істігіне толы?ымен ену, сол сия?ты білім беру ж?йесін халы?аралы? де?гейге к?теру ?шін білім беру ?дерісіне а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? жетістіктерін енгізу, электронды? о?улы?тар мен мультимедиялы? ба?дарламаларды тиімді ж?не ке?інен ?олдану, елдегі а?паратты? инфра??рылымды ?лемдік білім берумен ы?палдастыру, білім беру ?йымдарыны? байланыстарын ны?айту болып табылады. Сонымен бірге а?паратты? технологияларды? аса жо?ары ?ар?ынмен дамуы м??алімні? к?сіби іс-?рекетін ?згертуді, я?ни, м??алімдерді? ?з ?ызметінде жа?а а?паратты? технологияларды ?олдана білуге дайынды?ы м?селесін ал?а ?ойып отыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Математика саба?ында АКТ-ны пайдалану жолдарым »
Математика сабағында АКТ-ны пайдалану жолдарым
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласының алдына қойып отырған бірінші кезектегі міндеттері ұлттың бәсекелестік қабілеттерін арттыру және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену, сол сияқты білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру үшін білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиялық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып табылады. Сонымен бірге ақпараттық технологиялардың аса жоғары қарқынмен дамуы мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін өзгертуді, яғни, мұғалімдердің өз қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдана білуге дайындығы мәселесін алға қойып отыр.
Еліміздің білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы және оларды даярлаудағы кәсіптік, әрі ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің талапқа сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және педагогтардың кәсіби даярлығын білім беру стандарттарына, білім мазмұнына сай жетілдіру көкейкесті мәселе болып отыр. Осы бағытта Қазақстандық білім беру жүйесінде енгізіліп жатырған тың идеялар мен жасалып жатырған ауқымды жұмыстар дәлел болып отыр.
Ақпараттандыру ғасырында, ақпараттық қоғамда, білім беруді ақпараттандыру жағдайында кез келген педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет. Бұл қажеттілікті шешу үшін біліктілікті арттыру жүйесінің мазмұнын жаңа форматқа көшіру мүмкіндігі туындайды. Біліктілікті арттыру жүйесінің мазмұнын жасауда оқыту үдерісіне АКТ-ны қолдану бойынша американдық психолог Блум таксономиясы(1956) мен Дж.Дьюидің «Белсенді оқыту» (2000) және Кембридж университетінің ғалымдарының ұсынған сандық сауаттылықты қалыптастыру идеялары негізге алынды. Осы аталған мәселелердің негізі оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған.
Жаңа формация мұғаліміне қойылып отырған талаптардың бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияны кеңінен меңгеру. Яғни, басты мақсат – қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп,пайдалана білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
. Менің оқкшыларым АКТ-ны жақсы меңгерген,сондықтан онымен жұмыс жасау маған жеңілболды,бірақ мектепте интернет жүйесі ,интерактивті тақта болмағандықтан,оқушыларға компьютер арқылы дайын бейне фильмдер мен слайдтар көрсетуге қолданды.Бұлда оқушыларды ынталандырып,қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарының бірі.
Жаңа сабағын батамас бұрын АКТ-ны пайдалана отырып жұмбақ жасырдым.
Оның шешуі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталды. Компьютер арқылы » Ертегілер түрлері» туралы слайд көрсетілді.Соны мен қатар АКТ-ны сергіту сәті кезінде өте сәтті пйдаланды.Оқушылар музыканың ырғағымен көңілді би-қозғалысын жасады.
АКТ міндеті – оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа баулу. АКТ оқу үдерісінде компьютерлерді пайдалануға, модельдеуге, слайдтар мен презентацияларды жасауға, электрондық оқулықтар мен интерактивтік тақтаны қолдануға, интернетпен, аудио және видео материалдармен, байланыс құралдарымен (ұялы телефон) жұмыс жасауға негізделеді.
Қазіргі жағдайда оқушылар АкТ кәсіби деңгейде еркін пайдалана алатындай деңгейге жететіндігі тәжірибе барысында айқындалды.
Сабақ соңында оқушылар жеке компьютерлерге отырып жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру мақсатында «Тест жүйесін (TMS)» жүргізу технологиясымен тақырып бойынша дайындалған тестерге жауап беру арқылы әрқайсысы жеке электрондық білім сапасының мүмкіндіктерін анықтады. Бұл оқушылардың білімін бағалауға мүмкіндік беріп, бағалар қорын көбейтуге ықпал етеді. Оқушылардың үлкен ізденіспен жұмыс жасауына жағдай туғызды. Электрондық оқулықтардың оқу үрдісінде маңызы зор. Электрондық оқулықтартарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырып шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасауға себепкер болады.
Математика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологиялар жүйелі түрде қолданылып отырды. Оқушылар мұғаліммен , электрондық почта көмегімен мұғалім мен оқушы арасында өз бетінше орындалған материалдарды тексеруге жіберу мен түсінбеген сұрақтарын сұрап алуға мүмкіндік туғызылды.
Біріншіден, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетті.
Екіншіден, оқушы мен мұғалім арасындағы субъект-субъектілік қарым-қатынасты қалыптастырды.
Үшіншіден, оқушылардың пәнеге деген қызығушылығын тудырды. Яғни, сабақтың басым бөлігінде мұғалім оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын, АКТ пайдалану арқылы оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізуге көп мүмкіндік туғызылды. \
АКТ туралы менің түйген ойым:
АКТ қолданудану арқылы уақытты үнемдейді;
Негізгі оқулықпен салыстырмалы түрде нақты ақпарат беріледі яғни, кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамайды;
Теориялық материалды оқушының өз бетімен оқып үйренуіне, зерттеуге мүмкіндік береді;
Тез арада кері байланыс болуын қамтамасыз етеді;
Оқушының білім, білік, дағдыларын жеке тақырыптар бойынша тест арқылы тексеріп, бағалауға мүмкіндік береді;
Сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі (Б.Блум таксономиясы бойынша), шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.
АКТ негізінде оқытуда демонстрациялық әдіс міндетті түрде қолданылады. Р.Омарованың (2007) пікірінше: «Демонстрациялық әдіс – көрнекі түрде оқыту талабын жүзеге асыру негізі».
Қорыта келе, компьютер және интерактивті құралдарды қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу-тәрбие үдерісі – оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға, нәтижесінде өздерінің кәсіби мүмкіндіктерінің, кәсіби құзіреттіліктерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бағдарлама. (2012). www.cpm.kz
Bloom B.S. (1956). Taxonomy of Educational objectives. The classification Educational Coals/Handbook I: Cognitive Domain. New York: Longmans, Creen and Co.
Вассерман Ф.Я. (2008). Управлением качеством обучения в общеобразовательных школах на основе ИКТ и информатики. Алматы.
Д.Дьюи. (2000). Демократия и образование /Перевод с англ.-М.: Педагогика-Пресс.
Мұғалімге арналған нұсқаулық /Үшінші (негізгі) деңгей (2012). – www.cpm.kz