Просмотр содержимого документа
«Математика п?нінен д?ст?рлі емес саба? ?ту »
Математика пәнінен дәстүрлі
емес сабақ өту.
Кабиева Б.М.
Текелі қаласы
№4 орта мектеп
Математика пәнінен дәстүрліемес сабақ өту.
Б.М.Кабиева
№4 орта мектеп,
математика пәнінің мұғалімі
Текелі қаласы
«Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп В.Ф.Сухомлинский айтқандай ойын ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады.
Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттыратынына өз тәжірибемде көзім жетті. Алайда ойында үнемі оқу үрдісінде пайдалануға ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ үрдісіне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. Осындай халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып өткізген 5 сыныптағы бір сабақтың жоспарын көрсеткім келеді.
Дамытушылық: Өткен сабақтарда алған білімдерін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Логикалық есептер мен дидактикалық ұлттық ойындар ойнату арқылы пәнге деген қызығушылығынт арттыру, өз ұлтын сүйе білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: шарлар, карточкалар, конверт, арқан т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)
Білім тексеру (5 мин.)
Жаңа сабақ (10 мин.)
Практикалық жұмыс (22 мин.)
Қорытынды (5 мин.)
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Алдымен жаңа сабақты бастамай тұрып, мынандай қызықты логикалық ойлау қабілетін жетілдіретін есептер шығарайық. Сендер менің қолымдағы қоржынға назар аударыңдар, бұл жай қоржын емес! Оның іші толған қызықты есептер!
«Қоржын»
Үйдің әр бұрышында бір-бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде неше мысық отыр? Ж:4
Сағат кілті тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? Ж:4
Бір баланың жасы 3 жылдан соң жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? Ж:3
Бір жанұяда 5 ұл бар. Олардан әрқайсысының қарындасы бар. Осы жанұяда қанша бала бар? Ж:6
1 кг. түбіт ауыр ма, 1 кг. темір ауыр ма? Ж: тең
Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырдым. Ондық бөлшектерді азайту үшін:
Азайғыш пен азайтқыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек.
Ондағы разрядтар бірінің астына бірі тұратындай етіп жазу керек;
Разрядтар бойынша азайтып, айырмадағы үтірді азайғыш пен азайтқыштағы үтірлерге тура келтіріп қою керек
6,83 17,23 32,850 49,00
- 2,51- 8,45- 3,673- 44,72
4,32 8,78 29,177 4,28
Практикалық жұмыс.
№1027. (ауызша есептер)
1) 420:14-42:14=27 2) 3648:12-48:12=30
3) 7575:25-75:25=30 4) 9696:32-96:32=30
5) 7070:35-70:35=20 6) 6060:15-60:15=40
«Арқан тарту» тапсырмаларды орындап, жауаптарын арқанға өсу ретімен іліп көрсек, кері аударғанда жасырын сөзіміз шығады.
Тапсырмалар:
6,25-4,3=1,95 18,3-5=13,3 106-15,49=90,51
67,45-49,88=17,57 15,9-4,75=11,15 29,08-15=14,08
1,95
11,15
13,3
14,08
17,57
90,51
З
Ы
Р
У
А
Н
«Үш конверт» бар: «Жауабын тап», «Жұлдыздар», «Азайтқым келеді». Үш қатардан әрқайсысы бір конвертті таңдап алады. Ішіндегі тапсырмаларды қай қатар бірінші болып аяқтаса, сонымен қатар қатесіз орындаса сол қатар жеңімпаз болып табылады.
«Жауабын тап»:
Бассейннің 0,75 бөлігі су толтырылған. Бассейннің қандай бөлігі бос? Ж.1/4.
Мұздатқыш вагонның массасы 28,5 т., ондағы мұз 4,6 т. Мұздатқыш вагонның мұзсыз массасы қанша? Ж.23,9
АВ кесіндісінің ұзындығы 15,7 см., СД кесіндісі АВ кесіндісінен 9,35 см. қысқа. СД кесіндісінің ұзындығын табыңдар. Ж: 6,35 см.
«Азайтқым келеді»: Ондық бөлшектерді жай бөлшектерге айналдырып
4,8 – 2 3 = 2 1
4 20
есептеңдер 6,4 – 2 1 = 4 1
153
5,7 – 3 1 = 2 9
420
«Жұлдыздар»: жұлдызшалардың орнына цифрларды қойыңдар
*,2* 4,23 *6,*7* 26,875 4*5,6* 425,63
- 2,*8*- 2,783- *,0* - 0,01- *48,*5- 148,35
1,447 1,447 26,865 26,865 27*,28 277,28
Сонымен қорыта айтқанда дидактикалық ойындардың математика сабақтарында атқаратын рөлі ерекше. Математикалық ойындарды тек қана қорытынды сабақтарда емес, жаңа сабақтарды түсіндіру барысында оны қорытындылауда пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырумен қатар, оларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеуге, логикалық ойлау қабілеттерін арттыруда маңызы зор. Сондықтанда математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты, тартымды өтер еді.