Просмотр содержимого документа
«К?бейту мен б?луді пысы?тау саба?ы.»
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының
№4 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ирмикбаева Нургуль Жунусовнаның сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлуді пысықтау сабағы.
Мақсаты: білімділік: көбейту мен бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту; 2-3 амалмен орындалатын өрнектерді шығара алу дағдыларын дамыту; есептердің әр түрлерін шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық:логикалық ойлау, есте сақтау, ақыл-ой танымын, интеллектуалды қабілеттерін, өз беттерінше жұмыстануын, тапқырлығын дамыту
Күтілетін нәтиже: қойылған міндеттерді шешу, көбейту кестесін жатқа білуі, алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым аясында жүйелендіреді.
Сабақтың барысы:
І Психологиялық дайындық
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
ІІ Үй тапсырмасын тексеру №7 (3 баған ) 2 балл
ІІІ Қызығушылықтарын ояту
- Балалар, мен жаңа жолда келе жатып, Дымбілместі жолықтырдым. Ол сабаққа бара жатырмын, бірақ математика пәнінен не көбейту кестесін, не есептер шығару, не теңдеу шешуді... түк білмейтінін, өтілген тақырыптарды дұрыс меңгермегенін айтқан. Сосын менің оған жаным ашып, біздің сыныптың электронды поштасының мекен-жайын беріп кеттім, егер қатты қиналсаң, біздің сыныптың оқушылары көмектеседі дегенмін (сол кезде хат келеді)
-Ой міне, балалар, Дымбілместен хат келді. Не дейді екен?
-Құрметті 3 «А» сынып оқушылары, мен сендердің білімді, парасатты, алғыр, үлгілі оқушылар екендеріңді естідім. Сонымен қатер қиналған кезде қол ұшын беретін жанашыр достар деп те сенемін. Ал менің атым – затыма сай Дымбілмеспін. Менің тапсырмаларымды орындауға көмектесіңдерші.
3. Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да сол сөз шығатын сан
4. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш
5. 100см
6. Жер жүзінде неше материк бар?
Екінші тапсырмам
Сызба бойынша өрнек құрастыр
Үшінші тапсырмам «Көркем жаз»
3,5,7цифрларын пайдаланып, үш таңбалы қанша сан жазып шығуға болады?
Сол сандарды жаз.
Төртінші тапсырмам (карточкалар)Математикалық диктант «Ия, жоқ»
-үшбұрыштың барлық бұрыштары тік
-Төртбұрыштың төрт бұрышы бар
-Шаршының барлық қабырғалары тең
-Тіктөрбұрыштың ауданы - қарама-қарсы қабырғаларының қосындысы
-Фигураның ауданы квадрат сантиметрмен өлшенеді
(жауабы тексеріледі, 1 балл)
Оқу жыл бойында жай мысалдардан күрделі мысалдарға дейін шығардық, осы уақыт аралығында математикалық таңбалармен бірнеше рет кездестік. Осы таңбалардың қайдан шыққанын ойланып көрдіңдер ме?
Қосымша материал
Көбейту амалын белгілеу үшін еуропалық математиктердің бірі 16 ғасырда арту, көбею (мультипликация) деген ұғымды білдіретін латын сөзінің басында болатын М әрпін пайдаланады. 17 ғасырда кейбір математиктер көбейтуді «х» таңбасымен белгілейді. Ал кейбірі нүктені пайдаланады. Символды бірдей пайдалану деген болған жоқ. Тек қана 18 ғасырдың матеметиктердің көпшілігі нүктені қолдана бастады. Көбейту белгісі (х,∙) неміс математигі Готфрид Вильгельм Лейбництің арқасында жалпыға бірдей қолданылатын таңбаға айналды.
Мыңдаған жылдар бойы бөлу амалы белгіленбеді. Оны сөзбан жазды. Үнді математиктері осы амалдың аталуының басқы әріпін D әрпімен алғашқы болып белгілей бастады. Арабтар бөлуді сызықшамен белгіледі. «:» таңбасы 17 ғасырдың аяғында қолданысқы енді.
Дымбілместің бесінші тапсырмасы
Бүгінгі сабақтың №3 тапсырмасын ойланып көріп едім, тіптен тісім батар емес. Балалар, одан да сендер маған тез есептеп бере қойыңдаршы (Слайд)
45-(5+2)х3 100- 35:(5+2)
9+(3+6)х9 9х8+54:9
(2 балл)
№4 Есепті шығар
А)Асханаға 72кг өсімдік майы әкелінді. Сегізден бір бөлігі бауырсақ пісіруге жұмсалды. Қанша килограмм май қалды? (3 балл)
ІVСергіту сәті
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Ә) ауызша Гүл сатушы 35 бақытгүлінен 5 гүлшоғын жасады. 56 бақытгүлінен ол осындай неше гүлшоғын жасайды? (3 балл)
Қосымша
Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жоқта
Қайда кеткен жан –жаққа?
Мына сандардың «Көршілерін тап»
...376... ...500... ...1000...
...818... ...340... ...702...
1х(92+62) 72-32+52
Тапсырма №6
Үлес тақырыбына байланысты (дөңгелекшелерді бояу әр балаға каточка) (2 балл)
Дымбілместің №7 тапсырмасы
Теңдеулер
62+а=99 48:х=6 54:у=17-8
Жауабын дұрыс орындаған оқушы 3 балл,
Дымбілместің №7 тапсырмасы «Ойлан, тап!»
Қапшықтар 52-бет «Қызықты математика»
Балалар, мына қапшықтарға геометриялық денелер жасырынып қалыпты.
Ненің қайда жатқанын таба алмай дал болдым.
ІV Сабақты қорытындылау
-Балалар, біз Дымбілмеске көмектесе алдық па?
-Ең қызықты тапсырма қайсысы болды?
-Қай тапсырманы орындауда қиналдыңдар?
-Осы қиналған тапсырмаларға ұқсас тапсырмаларды орындап, алдағы уақытта олқылықтарды жеңеміз
Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді қайда пайдаланасыңдар?