Просмотр содержимого документа
«?ЫЗЫ?ТЫ ЖАТТЫ?УЛАР МЕН ЛОГИКАЛЫ? ЕСЕПТЕР »
Өмірбек Аружан Пернебекқызы- «Комсомол» жалпы орта мектебінің 3- сынып оқушысы, Қазығұрт ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Жетекшісі: Ерметова Ұлжан- бастауыш сынып мұғалімі
Қызықты жаттығулар мен логикалық есептер
Түйін
Цель научного проекта: Занимательные упражнения и решение логических задачи. В предмете математика особое место занимает «Интересная математика».
Используя занимательные математические примеры я убедилась, в том что можно достичь больших успехов, при вычитаный, сложении, умножений и делений.
Дальнейшее время на уроках математики взаймет особое место занимательные упражнение и логические задачи.
Summary
The purpose of the scientific project: “ the Interesting mathematics”. In a subject of the mathematician the special place is occupied with “ the interesting mathematics”.
Using entertaining mathematical examples I was convinced of that that it is possible to reach the big successes, at subtraction, addition, multiplication and division.
The further time in my lessons the interesting mathematics will take a special place.
Математика бізге айнала қоршаған сандар мен фигуралардан тұратын ерекше әлемнің құпия сырын ашып береді.
Адамның бұйымдарды қажетті ретпен топтау, санау, өлшемдері мен түрін табу, олардың өзара орналасу қалпын анықтау секілді жұмыстармен түйіспейтін қызмет саласын атау қажет. Қарапайым есептеу мен өлшеу - бұл әлі математика емес! Математика бізді керексіз қайта - қайта санаудан құтылуға, бұрыннан белгілі жайттар арқылы бізге белгісіз жайтты таба білуге үйретеді. Мұның техника мен ғылым үшін аса зор маңызы осы қажетінде
Логикалық ойлауды дамыту болып табылатын қызықты математика күні бүгінге дейінгі өмір жасында белгілі бір жүйеге түскен көптеген қымбат қазыналары бар. Өзін қоршаған ортамен логикалық ойлауды дамыту туралы қымбат қазыналар елмен қатар жасасып, сенімі мен таным түсінігін тудырған. Сан ғасырлық уақытқа созылған сол таным- түсініктер бірте –бірте дами келіп, логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл- ойын, қиялын, ой ұшқырлығын қалыптастырған. Оқу еңбегінің қаруы-ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс- әрекеттің негізгі өзегі болып келеді. Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, оның сапасын қалай өсіру керектігін ойластырғаны жөн.
М.Жұмабаев баланың ойлауын дамыту туралы былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек». Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл- ойын , қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер балалардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түседі.
Математикалық ұғымдарды, аксиомаларды, анықтамаларды енгізуде, теоремаларды, дәлелдеуде, таблицалармен жұмыс істеуде, есептер шығаруда алгоритмдік бейімділік қалыптасады. Ол « Математика» пәнін оқуға негіз болады. Алгоритмдік бейімділік пен машықтың бірінші сыныптан басталады. Алгоритим деген сөз қайдан шыққан?
1983 жылы ЮНЕСКО –ның шешімі бойынша Мухамед иби Мұса Әл –Хорезмнің 1200 жылға толуын атап өткен. Хорезмдік Мұхамед иби Мұсаның творчестволық еңбектері ІХ ғасырда . Бағдад қаласында жарыққа шыққан. Бағдатты басқарған Халиф Әл- Момун сол кездегі барлық математиктерді, ғалымдарды «Данышпандар үйі» атты казіргі заманның академиясы сияқты үйге жинаған. Әл- Хорезми еңбектерінің бірі ондық есептеу системасы туралы және ол бүтін сандар олардың орындалу заңдылықтарын бірінші ашқан. Бұл еңбектің араб тіліндегі тұпнұсқасы жоғалып кеткен, тек ХІІ ғасырда ғана Батыс Европада латын тіліндегі аудармасы ғана бар.
Кей кездері математикаға ешбір қатысы жоқ болып көрінетін мәселенің өзі математикалық жаңалық ашуға әкеп соқтырады. Мысалы: бұдан 350 жыл бұрын өмір сүрген тамаша ғалым Кеплерді шарап саудагерлерінің формалары әр түрлі бөшкелерінің сыйымдылықтарын қалай анықтайтыны ойға қалдырған. Олар бөшкенің аузындағы тесіктен таяқ жүгіртіп, оның түбіне дейінгі аралықты өлшеген.
Арифмометр- төрт арифметикалық амалдарды орындауға болатын есептеу құралы атады. Бұл арифмометрдің жетілдірілген түрлері әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Бірақ бұл есептеу құралдары механикалық немесе электромеханикалық құралдар еді.
Есеп шығару балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыруда, олардың бағдарлама анықтап берген теориялық білімді игеруі өте маңызды. Математикалық іс- әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемділіктер – салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өң бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп. Логикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға барлық сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде математика сабағының ара салмағы үлкен.
Логика дұрыс ойлаудың заңдары мен жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, дәлелдеме, пайымдау, жіктеп – саралау сияқты т.б логикалық амалдарын өзінің ойлау қызметінде қолданып отырады.
Арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсына өзінше талдау жасауды қажетсінетін есептерді логикалық есептер дейміз.
Қызықты жаттығуларда натурал сандардың арифметикасынан, геометриялық элементтерден алғашқы мағлұматтар беріп, математикалық өрнектер, санды теңсіздіктер мен теңдіктер, әріпті символикалар, қарапайым теңдеулер шешу есептерді теңдеу құру арқылы шешуді үйретеді.
Логикалық есептер де бір –бірімен байланысты болады. Енді соларға тоқталайық.
Логикалық есептер
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпестен бұрын , логика туралы қысқаша айтып кету керек. Логика – (грек тілімен айтылған logic- сөз , ой, ойлау , ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.
Объективті пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.
5. Логика – (грек тілімен айтылған logic- сөз , ой, ойлау , ақыл-ой)
Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде.
Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары , ұғымдар арасындағы бвайланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде , әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау , ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым – логиканың көмегі мен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз . Логикалық тұжырым теориясының , ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.
Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қортындылары деп аталады.
6.Пікір- ойлау формасы біртұтас . Бұл талаптар ой мен іс- әрекеттің негізгі өзегі болып келеді.
Жеке ойлау қабілеттін дамыту үшін өзіндік күш қуаты мен сенімін арттыру керек.
Логикалық ойлаудың компоненттері:
Қабылдау
Түсіну
Есте сақтау
Қорыту және жүйелеу
Логикалық есептерді орындауда ақыл –ойды , қиялды , ой ұшқырлығын дамытады. Бұл дегеніміз – түрлі мазмұнда есептерді шығаруды , есептің шартын құра білуді қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып , логикалық
7. Зерттеу- кез келген нәрсені анықтп көріп, соңына дейін бақылау
есептер күрделене түсуі қажет. Логикалық зерттеу саласы – ойлау қабілеті. Демек адамның ойы – ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылады.
Әр түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану арқылы ойлау қабілеті дамып , ізденуге , өз жұмыстарының ойларын ортаға салуға дағдыланады да , сөз қорлары молаяды. Математика ойлау , есте сақтауын қажет етеді , қызығушылығы оянып ой - өрісі дамиды.
Логикалық жаттығулар
Қызықты есептер.
1.Циферблат
Бұл циферблатты әр бір бөліктегі сандардың қосындысы бірдей болатындай етіп кез келген формада 6 бөлікке бөлу керек
Мақсаты сіздің қаншалықты тапқырлығыңызды емес , ойлау жылдамдығыңыздың қандай екенін сынау.
10. Циферблат- уақыт аралығын көрсететін сағат панелі
Шынжыр
Сыныптасыма әр үзіндісі 3 буыннан тұратын 5 үзік шынжыр әкеліп , оларды бір шынжырға жалғап беруді тапсырдым. Іске кірісуідің алдында сыныптасым қанша шығыршықты ашып қойма соғу керектігін ойластырды. Сөйтіп ол 4 шығыршықты ашып және қайта соғу керек деп шешті. Осы жұмысты одан гөрің аз шығыршықты ашып және соғу арқылы бітіруге бола ма? – деген ұсыныс тастадым.
Отбасы.
Барлық отбасы мүшелерінің жасы 73-те . Отбасы мүшелері : әкесі , шешесі , қызы және ұлы . әкесі шешесінен 3 жас үлкен, қызы інісінен 2 жас үлкен. Бұдан 4 жыл бұрын отбасы мүшелерінің жасы 58-де еді. Қазіргі күні әр бір отбасы мүшесінің жасы нешеде?
5. Бір отбасында екі әкесі және екі баласы бар. Отбасы мүшесі нешеу?
Қызықты әзіл - есептер.
Сыныпта 30 оқушы бар. Оның ішінен 18 оқушы математика
үйірмесіне қатысады. 10 оқушы қазақ тілі үйірмесіне қатысады. Ал
3 оқушы 2 үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта неше оқушы барлық үйірмелерге қатыспайды.
Қоржындағы 10 асықта 10 балаға бір – бірлеп таратты. Сонда бір
асық қоржында қалды. Бұл қалай?
7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға
болады?
Торда қояндар мен тотықұстар бар. Барлық жануарларда 35 бас және
94 аяқ бар . Қояндар нешеу? Тотықұстар нешеу?
Блакнот қаптағышымен 11 теңге тұрады. Блакнот қаптағыштан 10
теңге қымбат
Жұмбақ есептер
1.Неше оқушы?
Ортаға әкеп тосты Оспан
Отыз жеті қаламды
Тиді әркімге қос-қостан
Балалардың бәрі алды
Өзгелерден бір қалам
Артық тиді Күләшқа
Береді айтып кім маған
Неше жан бар сыныпта?
2.Қанша тырна?
Аспанда қандай күздегі
Қарап тұрмын ауладан.
Тырналардың тізбегі
Сүйір бұрыш аумаған.
Әр қанатта он бірден
Басшысынан бөлегі
Бар тырнаны кім бірден
Тез есептеп береді?
Тоғыз тарау иіремдерінің бүге-шегесін меңгеріп , зерде тезіне салып, керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін табу есепті шешудің алтын балдағы. Оны көп із кезсең табасың.
Қазақтың қара есебі , бітір есебі, тоғыз құмалақ есебі өз алдына бір төбе. Қазақтың қара есебі өмір қажеттілігінен туындаған. Қазақ халқының тәжірибесінің математикалы астары да түрліше.
Олар :
Жұмбақ есеп
Ертегі есеп
Өлең есеп
Әзіл есеп т.б.
Ғасырлар бойы даналығымен , өміршеңдігімен дәлелденген халықтық есептер үлгілері тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де маңызын жоймаған халықтың ұлттық имұрасын тәлім – тәрбиенің түп қазығына айналдыру – біздің де асыл борышымыз.
Сондықтан оқушылардың ақыл-ой зердесін тәрбиелеуде ұлттық мазмұнды есептер шығарудың маңызы зор. Мұны іске асырудың бір жолы қызықтыратын тапсырмалар мен қызықты жаттығулар таңдай білу. Ойлау барысында менің дербес жұмыс істеу мүмкіндігім , көңіл қоя білу қабілетін , еркін ойымды жеткізе білдім., көппен жұмыс істеуге қызығушылығым дамып , артты. Сондықтан бұл менің шығармашылық жұмысым келешекте жолдастарыма өз білімдерін тереңдетуге көмектесетіне сенімдімін.