Пәннің аты Математика | Уақыты: 21.12.2015 ж. | Кабинет: № 19 | Мұғалім Жанина А.Н. |
Сабақтың атауы | Қосу және азайту. 26+7, 33-7 |
Мақсаты | 26+7 және 53 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайтуды дұрыс орындау тәсілдерін түсіндіру, үйрету. |
Күтілетін нәтиже | ауызша есептегі тапсырмаларды орындайды қосу мен азайтуға берілген тапсырмалар арқылы білім, білік дағдылары нығаяды танымдылық, ізденімпаздық қабілеттері артады |
Психологиялық ахуал | Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл кімсіз болмайды? Аяз атадан нені күтесіңдер? Иа, бәрің одан сыйлық күтесіңдер. Кездейсоқ жағдай болып қалыпты. Аяз атаның айтуынша оның сыйлығы бар дорбасы жоғалып кетіпті. Енді бізге осы сыйлық салынған дорбаны табу тапсырылды. Ал, оны табу үшін біздерге еңбек етуге тура келеді. Ол үшін біздер қосу мен азайтуға арналған есептер шығаруымыз керек. Ауызша есеп: 53-тен 61-ге дейін, 78-ден 81-ге дейін, 54-тен 60, 43-тен 39, 100-ден 94-ке дейін санайық. Сандар қатары берілген: 27,11,43,54,2,5,99,8. Сандарды оқиық. Өсу ретімен орналастырыңдар Кему ретімен атаңдар. Дорба жоқ. Әрі қарай іздейміз. Мына сандарды қандай екі топқа бөлуге болады? 27,2,11,43,5,54,8,99 Бір таңбалы, екі таңбалы Бірінші бағандағы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жазыңыздар. Бір таңбары сандарды ыңғайлы екі санның қосындысы түрінде жазыңыздар. Екі таңбалы санмен бір таңбалы сандарды пайдаланып қосындылар құрастырыңдар. 27+2, 11-5 т.б. Геометриялық мәлімет
| Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі. |
Мағынаны тану | Оқулықпен жұмыс № 2 116 б. Есепке қараңыздар. Кім шығара алады қолдарын көтерсін? Есептің сұрағын екі амалмен шығаратындай етіп өзгертіңдер. Қандай сұрақ қойдыңыздар? Кім енді өзі шығара алады? Шешуін дәптерге жазыңыздар. № 2 Бірінші күні – 22 бет Екінші күні - ? 8 бет артық Үшінші күні - ? бет сонша 22+8= 30 (бет) № 3 Бірінші көшеге – 30 үй Екінші көшеге - ? 5 үй кем Үшінші күні - ? үй сонша 30-5=25 (үй) Кім жылдам? 72+16-24+32-14= № 4 Шаршылар – 4, 5. 1 см 2 см 1 см 1 см 2 см 2 см
1 см 2 см Р = 1 см+1 см +1 см + 1см = 4 см Р = 2 см+ 2 см + 2 см + 2см = 8 см № 5 1 онд. 5 бірл. + 5 бірл. = 2 онд. 2 онд. – 5 бірл. = 1 онд. 5 бірл. № 6 (48+2)+5=55 (36+7)+3=46 (57-7)-2=48 (65-7)+4=62 | Кофе | Шырын | Шай | Стақан | | | + | Кесе | | + | | Шыны аяқ | + | | | | |
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? | Ой сергітеді, шаршағандары басылады |
Өз бетімен жұмыс | І нұсқа ІІ нұсқа 78+9 64-30 58+9 56+30 36+50 80-27 78-9 46-20 58-9 38-3 70-13 99-7 | |
Өзін- өзі бағалау | 1.Тапсырмалар қандай болды? 2.Орындай алдыңба? 3.Қатемен бе, әлде дұрыспа? 4. Өзің бе, әлде біреудің көмегімен бе? 5.Өзіңе қандай баға қоясың? | Көршінің жұмысын тексереді, бағаны өздері қояды. Өз жұмысына қатал қарауын қалыптастыру |
Сабақты қорытындылау | Қараңыздар, сыйлық салынған дорба табылды Біз бірге бұл кедергілерден өттік. Аз уақыттың ішінде сыйлық салынған дорбаны қайтардық. Оңай емес тапсырманы орындау үшін бізге не көмектесті? Дұрыс, білім және шеберлік, одан бетері достық, бірбірімізге көмек. | Сабақта алған ақпаратын қорыту |
Кері байланыс | Бүгін қызықты және барын орындау қйынға соқпаса аяз атаға күліп тұрған күлкінің суретін салыңыз. Егер тапсырмалар қиын болып сізді еш қызықтырмаса онда мұңайып тұрғанын салыңыз. Егер тапсырмалар ішпыстырарлық болса онда немқұрайлы қылып белгілеңіз. Жарайсыңдар! | Оқылған мәліметті қаншалықты жақсы ұғынғандығын оқушыларға сезіндіру |