Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 7 мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №1053, 1054, 1057 | 1.Оқушылар мұғаліммен амандасады. 2. Сабаққа дайындалады. 3. Үй тапсрымасын өзара ауызша тексереді. №1053 Қ: (4;6) Б: (2,4,6,5,9) №1054 А: (1,2,4,5,10,20) В: (1,2,5,10,25,50) №1057 А: (м, а, р, с) В: (у, р, а, н) Б: (м, а, р, с, у, н) | Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!, «Керемет!» деген мақтау сөздерімен бағалайды. | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттер бейнеленген қима қағаздар топтамасы |
Жаңа сабаққа кіріспе 10 мин | Леонар Эйлер: «Біздің ойлануымызды жеңілдету үшін, дөңгелектерді пайдалану өте қолайлы». Ал енді дөңгелектер біздің ойлануымызды қалай жеңілдететінін қарастырайық. Мұғалім оқушылар арасында сауалнама жүргізеді: Сіздерге қандай түс ұнайды? А) ақ б) қара в) ақ және қара Жүргізілген сауалнама бойынша Эйлер дөңгелектерін салады. Оқушылармен жүргізілген сауалнама бойынша сұхбат жүргізіледі. Мысалы, сыныпта 22 оқушы бар. Олардың 8-і ақ түсті, ал 9-ы ақ пен қараны, қалғандары қараны таңдады. Венн диаграммасының көмегімен жиындармен орындалатын амалдарды бейнелеуге болады. 1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттер бейнеленген қима қағаздар топтамасы |
Сабақтың ортасы Топтық жұмыс 10 мин | «Жиындардың қиылысуын табу» Сыныпта 17 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады. Сыныптағы неше ұл бала бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнатады? | Дискрептор: Есептің шартын белгілеуімен жазады; Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы өрнектейді. Есептің дұрыс шешімін табады. Ф – 14 Ш – 9 17 Ф+Ш -? Шешуі: 14 +9 = 23 23 – 17 = 6 Жауабы: 6 ұл бала | Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды. | |
Топтық жұмыс | «Жиындардың бірігуін табу» Бір топтағы туристердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топта барлығы неше турист бар? 7 3 5 | Дискрептор: Есептің шартын белгілеуімен жазады; Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы өрнектейді. Есептің дұрыс шешімін табады. Қазақ – 10 Орыс – 8 Қазақ+орыс – 3 Шешуі: 10 – 3 =7 8 – 3 = 5 7 + 3 + 5 = 15 Жауабы: 15 турист бар. | Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды. | 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Жұптық жұмыс | «Көршіңмен кеңес» әдісі Әр оқушы көршісімен кеңесе отырып, тапсырмаларын орындайды. 1) Суреттегі сызбалардағы сұрақтарға жауап бер. 2)Қай суретте жиындардың қиылысуы берілгенін анықта n(A) = 33 n(B) = ? 29 ? 1 4 | ? n(A) = 33 n(B) = 36 17 ? | n(A) = 33 n(B) = 36 17 ? 20 n (A) n (B) = ? | n(A) = ? n(B) = 36 26 15 ? | | Үздік жұп анықталады | Таратпа материал |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 5 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Үйге тапсырма: №1071, 1074 есеп | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |