V. Ой толғаныс . «Ой толғаныс»арқылы білім жалпылама жүйеленеді.(Ойлау үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау). Яғни, оқушыларды ойлауға тұрақты түрде үйрету.
1. y = sin x және y = cos x функцияларының ең үлкен және ең кіші мәндері қандай?
а) y =cos x + 1; ә) . y =sin x – 2 ; б) y = 5cos x; в) y = 1- 2sin x;
VІ. Оқушы білімін бағалау.Алған жұлдызшаларының санына қарай және сабаққа қатысуына қарай өз білімдерін, бірін-бірі бағалайды. Жұлдызшаларды көп жинаған топ 1-орынға ие болады.
VІІ. Үйге тапсырма §18 оқуға, №№ 291,292,294.
VІІІ. Рефлексия
Көкалажар орта мектебі
Тақырыбы :
«Тригонометриялық фукциялардың қасиеттері»
Онлайн жүйесінде облыс мұғалімдеріне көрсетілген сабақ
Дайындаған : математика және физика
пәндерінің мұғалімі
Аяшева Бакыт Тукашевна
2012- 2013 оқу жылы
9 «А» сыныбында «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері» тақырыбына онлайн жүйесінде өткізілген сабақтың өзіндік талдауы
Мұғалімі : Аяшева Б.Т.
Сабақтың негізгі мақсаты - тригонометриялық функциялардың қасиеттері туралы білімді бекіту және оқушылардың өз бетінше ой қорыта білу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақ жоспары жалпы білім беру стандартына сай жасалған.Бұл сабақты «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының элементтерін қолданып өткіздім. Сабақты түрлі әдіс-тәсілдерді, көрнекіліктерді қолданып өткізу оқушыларды қызықтырады. Сондықтан мен сабағымда интерактивті тақтаны қолдандым. Сабақтың барысында мұғалім де, оқушылар да үнемі интерактивті тақтамен жұмыс жасады. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар екі топқа бөлініп, сабақтың мақсаты түсіндірілді. Қызығушылықты ояту кезеңінде мұғалім оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне сүйенді. Бұл кезеңге оқушылар белсене қатысты, өткен сабақтармен байланыс болды және өз білімдерін көрсете алды. Үй тапсырмасын тексеру интерактивті тақтаның көмегімен жүзеге асты, уақытты үнемдедік. Келесі мағынаны тану кезеңінде оқушылар тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қолданып тапсырмаларды орындады. Топ басшылары өз тобымен жұмыс жасай білді және оқушылардың арасында өзара көмек көрсету қабілеттері бар екенін байқадым. Тапсырмалар жеңілден күрделіге ауысып отырды. Келесі ой толғаныс кезеңінде оқушылар өз бетінше ой қорыта білу және есептерді шығару кезінде өзіндік шешімдерін таба білетіндіктерін көрсетті. Бұл кезең әр оқушыдан шығармашылық ізденісті талап етті. Оқушылардың білімін бағалау жинаған жұлдызшалар санына қарай және өзара бірін-бірі бағалау түрінде болды. Әр оқушы өзінің әділ бағасын алды деп ойлаймын. Жұлдызшаларды көп жинаған топ 1-орынға ие болады. Осыдан кейін үй тапсырмасы және оны орындауға нұсқау берілді. Сабақ соңында жазбаша түрде рефлексия болды.
Мұғалім сабақты құрған жоспар бойынша өткізді, мақсатына жетті. Әр балаға көңіл бөлінді, білімі бағаланды. Оқушылардың пікірі бойынша: сабақ қызықты өтті. Тригонометриялық функциялардың радианмен берілген есебі жаңалық болды . Интерактивті тақтамен жұмыс істеу қызықтырды. Алдағы уақытта осындай жақсы ұйымдасқан ашық сабақтар өткізуге тілек білдірді.