Математика | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы | Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер 2-сағат |
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
Сабақтың жабдығы | суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. |
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | А)Жылдамдық, уақыт, қашықтық байланысына сәйкес бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығаруға уйрету. Б)Оқушылардың шамаларды байланыстыра есептей білуге, бөлу және көбейту амалдарын орындауға, теңдеу шешу, фигураларды салыстырудағы білім дағдыларын дамыту. В)Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, өнерге тәрбиелеу. Сабақ түрі: дәстүрлі Сабақ әдісі: ұжымдық Көрнекілігі: интерактивті тақта, геометриялық фигуралар. |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Бағалау парақшасымен таныстыру |
Топқа бөлу | Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. | Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. |
Ынтымақтастық атмосферасы | Психологиялық даярлық Жеті бірдей өренбіз, Жеті түрлі шумақпыз, Жеті бірдей әуенбіз, Жеті түрлі бояумыз. Кең пейілді жүрекпен, Ақ пейілді ниетпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
Үй тапсырмасын пысықтау | Көбейту кестесін еске түсіру | Оқушылар ауызша орындайды |
Жаңа сабақ | Жылдамдық, уақыт, қашықтық. U=S: t S=Uх t t=S: U Суреттермен жұмыс. 1-топ А) 630 км жолды жылдамдықтары 70км/сағ және 90 км/сағ екі машинаның қайсысы бұрын жүріп өтеді ? Межелі жерге қайсысы қанша уақыт бұрын жетеді ? S=630 км 630:70=9(сағ) U =70км/сағ 630:90=7(сағ) U=90км/сағ 9-7=2(сағ) t-? 2-топ Ә)Алмат пен Мирас атпен жарысты. Алматтың атының жылдамдығы 20 м/сек, ал Мирастың атының жылдамдығы 18 м/сек. 10 секундтан кейін аттардың арақашықтығы неше метр болды? 10 минуттан кейін ше ? 1 сағаттан кейін ше? U=20м/с U=18м/с t-10с-10мин-1сағ- S-? (20м/с-18м/с)х10с=20м 3-топ Б) Бір айлақтан екі кеме бір мезгілде шығып, бір бағытта жол тартты. 4 сағаттан соң бірінші кеме айлақтан 120 км, ал екіншісі 140 км қашықтықта болды. Әр кеменің жылдамдығын тап. Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындату. Дәптермен жұмыс. |
Сергіту сәті | «Зейінді бол»
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/. Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады. |
Ой толғаныс | 1-топ Амалдарды орында: 14085:15+2205:45 = 939+49=988 50004:18+1000:25 = 2778+40=2818 8041х51-5022х54 = 410091-271188=138903 4005х81+7001х52 = 324405+364052=688457 2-топ Шығармашылық есеп: 2х5 3х4 2345 3х6 4х5 3456 4х7 5х6 4567 |
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? | Саған қайсы тапсырма қиын болды? |
Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. | Бағалау парақшасын толтырады |
Кері байланыс |