Ма?саты: ?ш та?балы сандарды? ??рылу т?сілдерін ?орытындылау; оларды салыстыру; алды??ы, келесі т?сініктерін пайдалана отырып, натурал сандар ?атарында?ы сандарды табу да?дыларын жетілдіру.
Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптар?а арнал?ан саба? жоспары »
Математика
4 сынып
№1. Тақырыбы: Сандардың нумерациясы.
Мақсаты: үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру .
Түрі: жаңа сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Оқулықпен танысу: 4 класс «Математика» оқулығын Ә.Б. Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Бурова – деген авторлар құрастырып жазған. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған. Алматы қаласынан «Алматыкітап» баспасынан 2011 жылы шыққан. 3. Кітапта шартты белгілер бар, сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған. 4.Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің. Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.
ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Көркем жазу сәтіне 1, 2, 3 цифрларының көмегімен үш таңбалы сандар жазу ұсынылады. (123, 132, 213, 231, 312, 321)
Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды; ең үлкен санды; 1 ондығы бар санды; 1 бірлігі бар санды; 3 ондығы бар санды ата. 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.
Оқулықпен жұмыс. № 1 ауызша есептеу. Жасырын сандарды ата.
Алдыңғы сан
689
99
998
408
666
Сан
690
100
999
409
667
Кейінгі сан
691
101
1000
410
668
Сандар туралы білімдерін қайталауға арналған жұмыс.
№ 2. Өздік жұмыс. Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.
Разрядтар
жүздіктер
ондықтар
бірліктер
9
7
0
5
9
6
5
0
0
4
8
9
2
0
9
4
3
№ 3. Салыстыр. Жұптық жұмыс. Есептемей – ақ салыстыру.
699 – 90 808 – 80
400 + 80 400 + 8 550 + 50 550 + 5
998 – 900
№ 4. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. (Үш қатардан 3 оқушы, жарысу).
Ү.Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік? Үйге тапсырма: № 8. 5 бет. Бағалау.
№ 2. Тақырыбы: Арифметикалық амалдар.
Мақсаты: арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілін қорытындылау.
Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) 2. Сандарды жылдам оқу: 425, 325, 654, 963, 852, 147, 1000, 254, 369, 635, 245 , 123, 456, 789 т.с.с.
Карамель - ? , 150г артық 1000г 250 + 400 = 650 (г) карамель мен ирис
Шоколад - ? 1000 – 650 =350(г) шоколад.
Жауабы: 350 г шоколад
№ 6. Кесте бойынша есеп құрастыру. Тақтада түсіндіріп шығару.
Ш: 25 3 + 19 4 = 75 + 76 = 151 Ж: барлық бала саны 151 бала.
Өздік жұмыс. № 6. Салыстыр.
1000 – 250 630 + 30 + 200 90 + 110 80 + 120
ҮІ. Бекіту. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.