kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

3 сыныпқа арналған "Есепке машықтандыру" үйірме жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 сыныпқа арналған математика пәнінің ажырамас бөлігі "Есепке машықтандыру " үйірме жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«3 сыныпқа арналған "Есепке машықтандыру" үйірме жоспары»


«Есептеуге машықтандыру» факультатив бағдарламасын жасаған Джилкибаева Гулжан Хасановна


Бағдарлама әдістеме бірлестігінің отырысында қаралды



Хаттама №1 2018 жыл



Бағдарлама лицейдің педагогикалық кеңесінде келісілген




Педкеңестің төрайымы Г.Ж.Ерубаева

Хатшысы: Д.Л.Бостанова










Факультатив жетекшісі туралы мәлімет

Мұғалім аты-жөні

Білімі

Мамандығы

Еңбек өтілі

Санаты


1


Джилкибаева Гулжан Хасановна


Жоғары ЖМУ


Бастауыш сынып мұғалімі


17

жыл


Жоғары








Факультатив кестесі


Сыныбы

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

3 Е














Есептеуге машықтандыру

Аптасына 1 сағат, жыл бойы 34 сағат.

Түсінік хат

Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру.

   Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау емес,осы материалды шығармашылықпен қолдау шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке тұлға қасиеттері қалыптасады.Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, дамытуға болады. 
Факультатив сабақтар дегеніміз – оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету,олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақтар. Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп,адамгершілікке,ізгілікке, имандылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі.Белгілі бір пән саласына икемдеу дегеніміз не?
Бұл оқушының жекелеген пәнді игерудегі жетістіктерін одан әрі тереңдетіп,сол пәнге деген танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырып қана қоймай,олардың дүниетанымын кеңейтуге,есте сақтау қабілетін нығайтуға,тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына,ойлау үрдісінің дамуына да септігін тигізеді.Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті(дарынды) оқушылармен жұмысты жандандыруға болады.Өз тәжірибемде түрлі тақырыптарда «Жас математик», «Жүзден жүйрік…», «Бастауыш көшбасшысы», «Жұлдызды сәт», «Миллион кімге бұйырады?» білім сайыстарынмен Математикалық олимпиадаға,Мемлекеттік аралық бақылауға дайындық есептерін жиі өткіземіз. Сонымен қатар дидактикалық ойындар,(ұлттық ойындар)математикалық ребустарды,математикалық фокус,жаңылтпаштар,мақал-мәтел, сөзжұмбақтарды шешу,қызықты әзіл есептерді шығару,математикалық ертегілер,логикалық жаттығуларды орындау оқушының ақыл –ойын, қиялын, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.
Қорыта айтқанда,факультативтік сабақтарды ұйымдастыру барысында келесідей нәтижелерге қол жеткіземіз,олар:
Оқушының ой-өрісі дамиды, ойлау іскерлігі қалыптасады, ақыл- ойы жетіледі, есте сақтау қабілеті артады,қызығушылық қабілеті оянады, тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады, оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады. Аталған факультатив бағдарламасы И.А. Бакка, Т.М. Драшко, Б.Б. Сейткужина- Көкшетау «Келешек-2030»-2016 жыл ISBN 978-601-231-635-3 «Есептеу машықтарын бекітуге арналған жаттығу дәптері» негізге алына отырып құралды.




Есептеуге машықтандыру

Аптасына 1 сағат , жыл бойы 34 сағат


Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Көбейту кестесі. Көбейту кестесін жаттау бойынша кеңестер

1



2

Қосу мен азайту (разрядттан аттамай)

1



3

Қосу мен азайту (разрядтан бір рет аттап өту жағдайында)

1



4

Қосу мен азайту (разрядтан екі рет аттап өту жағдайында)

1



5

323+677 және 1000-323 түріндегі қосу мен азайту

1



6

Амалдардың ретін анықта және есепте «Жүзден жүйрік» сайысы.

1



7

Амалдардың ретін анықта және есепте

1



8

Кестелік көбейтуде ондықтар бойынша кездесетін нәтижелер

1



9

Тез есептеп шығар

1



10

Тез есептеп үйрен «Жұлдызды сәт» математикалық сайыс

1



11

Тиісті санды тап

1



12

Тиісті санды тап

1



13

Салыстыр артық, кем, тең таңбаларын жаз

1



14

Амалдардың ретін анықта және есепте

1



15

10-ға және 100-ге көбейту және бөлу

1



16

Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту мен бөлу

1



17

Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту мен бөлу

1



18

36х2 ,360х2, 36х20 түрінде көбейту

1



19

48:2, 480: 2, 480:20 түріндегі бөлу

1



20

Мысалдарды шығар

1



21

Шамаларды түрлендіру

1



22

70:2, 58:2, 700:2, 580:2, 700:20, 580:20 түріндегі бөлуді орында

1



23

Бөлуді орында

1



24

Көбейтіндіні санның квадратымен немесе кубымен алмастыр және есепте

1



25

Қалдықпен бөлу

1



26

204х2, 408:2, 242х2, 484:2 түріндегі көбейту және бөлу

1



27

Көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілі

1



28

Разрядтан атттап өту жағдайында жазбаша көбейту және бөлу

1



29

120х3, 360:3, 103х3, 309:3, 103х6, 618:6 түріндегі көбейтінді мен бөлінді

1



30

Разрядтан аттап өту жағдайында жазбаша көбейту және бөлу « Миллион кімге бұйырады?» математикалық сайыс.

1



31

Қалдықпен жазбаша бөлуді орындау

1



32

Қалдықпен жазбаша бөлуді орындау

1



33

Қорытынды бақылау

1



34

Қорытынды сабақ «Бастауыш көшбасшысы» математикалық сайыс

1




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
3 сыныпқа арналған "Есепке машықтандыру" үйірме жоспары

Автор: Джилкибаева Гулжан Хасановна

Дата: 19.11.2018

Номер свидетельства: 486500


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства