Просмотр содержимого документа
«З дыбысы (Ыс?ыры? дыбыстарды ?ою ж?не автоматтандыру)»
Сабақтың тақырыбы: З дыбысы. (Ысқырық дыбыстарды қою және
автоматтандыру)
Сабақтың мақсаты: З дыбысының артикуляциялық кескінін түсіндіре отырып, дұрыс айтып, сөз ішінде ажырата білуге үйрету.
Түзетулік мақсаты: түрлі дидактикалық тапсырмалар мен ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ойлауын, есте сақтауын, зейінін, көру, есту, қабылдау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: айна, кеспе әріптер, суреттер, З фонемасының артикуляциялық кескіні, тілге арналған артикуляциялық жаттығулардың суреті, ойыншықтар т.б.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
Саусақ жаттығуы
Бас бармағым алғашқы,
Балаң үйрек жалғасы,
Ортан терек ағасы,
Шылдыр шүмек нағашы,
Кішкене бөбек балапан,
Бәріне ортақ алақан.
2. Артикуляциялық жаттығулар:
«Тәтті тосап», «Ат шауып келеді», «Әдемі күлкі».
3. Тыныс алу жаттығулары.
Дыбыспен жұмыс.
Өткен сабақта қонақта болған жәндікті еске түсіру (ара). Оқушылармен бірге араның дыбысын салып, ара болып ызыңдап ұшып жүру.
З дыбысын еске түсіру. З дыбысының артикуляциялық сипаттамасы, дыбыс ішінде ажырату.
Л, м, н, з, а, т, и, ж, з;
Буын ішінде ажырату:
Ды, те, са, за, ле, ба, жы, зе
Буын тізбегін қайталау: за-за-за-таза,
Зы-зы-зы-қозы, зі-зі-зі-жүзім, үз-үз-үз-жүз,
Зу-зу-зу-жазу.
Суретпен жұмыс.
Көрсетілген суреттердің атын атау, буынға бөлу, «з» дыбысы қай буында екенін анықтау. Жұлдыз, қазан, қоңыз, зырылдауық.
4. Сергіту сәті.
Иіп беліңді, Жүгіріп, шынығып,
Созып қолыңды. Өсір бойыңды.
5. Әріппен жұмыс.
З әріпін кесте әріптен табу. Көрші әріптерді атау. Баспа, жазба түрлерін ажырату. Шашылган әріптер арасынан З әріпін тауып, бояу. Текшелерден сөз құрау.
6. «Жалғасын табу» ойыны.
Пияз, сәбіз, қарбыз, қызанақ – көкөністер.
7. «Дүкен» ойыны.
Дүкенде жемістер мен көкөністер болады. Оқушылар тек З дыбысы бар көкөністерді ғана сатып алады.
Жазу жұмысы.
З дыбысы сөз басында, сөз ортасында, сөз аяғында кездескен сөздерді жазып, астын сызу.