Қарым- қатынас амандасудан басталады. Ойын интерактивті тақта арқылы жүргізіледі. Қатысушымен қарама-қарсы тұрамыз. Исатай тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір- бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе- қолымызды қысып амандасамыз, күн бейналансе- жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жемістер». Сабақта жемістермен нақты танысу үшін жемістер бағына барып жемістер теріп, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Сен менімен бірге барасың ба?
Иә, барамын
Бақта қандай жемістер өседі?
ІІ. Сөйлеу тілін дамыту
Жемістерді атымен атап сипаттама беру
-Жарайсың, ендеше баққа барып қандай жемістер өсетінін көрейік.
- Мына ағашта қандай жеміс өсіп тұр?
- Алма
- Тәтті ме, ащы ма?
- Түсі қандай?
- Алма жемісі бізге пайдалы ма?
- Жарайсың.
ІІІ.Ірі-ұсақ моторикасын дамыту
Ермексазбен алманы бейнелеу.
Жарайсың. Тапсырманы жақсы орындағаның үшін саған жұлдызша берем.
ІҮ. Қарапайым математикалық қабілетін дамыту
Алина алманы ермексазбен бейнелегенде қандай түстерді пайдаландың?
Қызыл, жасыл, қоңыр
Неше түс пайдаландың?
2 немесе 3
Алманың пішіні қандай?
Жарайсың. Тапсырманы жақсы орындағаның үшін саған тағы жұлдызша берем
Алина алмаларды тергенде бір алманың артында сан болады, сол сандарды атап сұрақтарға жауап беруің керек. Ендеше терейік, қандай сан бар екенін айтуға ұмытпа.
2 - сан
1-тапсырма:
-Суретте неше кірпі суреттелген?
-1
- Жарайсың кірпі не істеп жатыр?
- Азығын тасып жатыр.
- Кірпінің азығы не екен?
- Алма
- Неше алма алып бара жатыр?
- Жарайсың. Тапсырманы жақсы орындағаның үшін саған тағы бір жұлдызша берем.
2- тапсырма.
Өткен сандарды атау және таңбасын жазу (1,2,3 ...)
Жемістерді түспен сәйкестір
- Жарайсың. Тапсырманы жақсы орындағаның үшін саған тағы жұлдызша беремін. Сен шаршаған боларсың біз қызықты ойын ойнаймыз.
Ү. Ойын әрекетін дамыту
«Сиқырлы қап» ойыны
Ойын шарты: Қаптың ішінен бір жемісті сипап сезу арқылы қолымен алып оның атын, дәмін, түсін, пішінін айту керек.
Жарайсың ойын ұнады ма?
Жақсы баққа барғың келе ме?
Иә
Ендеше тағы қандай жеміс бар екенін көрейік.
Мына ағашта не өсіп тұр?
Банан
Түсі қандай?
Пішіні қандай?
Жарайсың , Исатай. Ендеше терейік, қандай сан бар екенін айтуды ұмытпа?
3 саны
3 – тапсырма.
Бір жеміс тауралы өлең айту керек (Алма)
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін тәттісін.
Анамызға сыйлайық.
Жемістерді ағаштарға орналастыр. Жемістер бір түсте, бір пішінді, сандары да бірдей болу керек.
Жарайсың, Алина сен бұл тапсырманы да жақсы орындағаның үшін саған жұлдызша.
ҮІ. Қорытынды.
Алина, саған баққа барып жемістер терген ұнады ма?
Қандай жемістер тердің?
Біз бүгін бақтан алма, банан, алмұрт тердік, ал сен тағы қандай жемістерді білсің, аташы?
ҮІІ. Бағалау.
Сен бүгін сабаққа өте жақсы қатысып көп жұлдызша жинадың. Жарайсың. Сабақ аяқталды. Сау бол!