Просмотр содержимого документа
«Т?ты?у диагнозы бойынша с?йлеу тілін дамыту.»
Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің логопеді Денизбаева Алма Едресовна
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылы
Тақырыбы: Тұтығу диагнозы бойынша сөйлеу тілін дамыту. Коррекциялық мақсаты: Диафрагмалды дұрыс жасауын қадағалау. Сөйлеу ережелерін ескере отырып, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Сөйлеу тілінің құрысуын жою. Есте сақтау қабілетін дамыту. Сөз қорын молайту. Көрнекілігі: жеміс, көкөністердің суреттері, интерактивті тақта, бау-бақшаның суреттері, жаңылтпаш.
Сабақ барысы:1. Аутогенді жаттығу «Мен бақытты баламын». Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, гүл бағына саяхатқа барайық. «Қарашы, гүл бағында гүлдер қандай көп! Гүлдерге қарап күн күлімдейді. Тыңдашы,бақтағы сайраған құстың дауысын, Сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетіңе жел лебі еседі. Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан өзіңе ұнаған гүлдерді теріп алып,ең жақын, ең жақсы досыңа сыйла»
2.Тыныс алу жаттығулары. –Вилунас жаттығуы. –Стрельникованың жаттығуы «Кіші маятник», «Мысық». –Диафрагмалды дұрыс жасау. С-С-С Ш-Ш-Ш Ф-Ф-Ф .
3. Аяқ, қол, бас, дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар – «Автокөлік», «Басын ұстай алмайтын қуыршақ».
4. Сөйлеу ережелері: - сөйлегенде асығыстық жасама - әрдайым деміңді шығарып сөйле - әрбір сөйлем соңынан үзіліс жаса
5. Үй тапсырмасын тексеру. Жұмбақ шешу. Жер астында басы, Жер үстінде шашы. (Сәбіз)
Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. (Алма) 6. Суреттермен жұмыс. Бау-бақша. Сурет бойынша әңгіме жасау. –Балалар алма жинап жатыр.Алма бауда піседі. – Балалар картоп,қызанақ,сәбіз,қияр жинап жатыр. Олар бақшада піседі. 7. Суреттермен жұмыс (сөйлеу тілінің құрысуын жою). Жеміс,көкөністерді ата. –Сөздердегі бірінші дауысты дыбысқа екпін тастап айту. - Оң қолдың саусақтарымен пайдаланып сөздерді буынға бөліп айту. – Әр үш сөзді атап,дем ал. – Бір тыныста жеміс,көкөністерді санап шығу. – Бір тыныста жеміс,көкөністерді санап шығу. – Бір тыныста бірнеше сөз айтып шығу. 8.Жеміс, көкөністерді ажырату. Бір ыдыстағы араласқан жеміс, көкөністерді екі ыдысқа бөлу. Бір ыдыста – алма, алмұрт, банан, жүзім, апельсин, лимон. Екінші ыдыста- картоп, қызанақ, қияр, қызылша, пияз. 9.Сөз тіркестерін құрау. Сипаттама беру. – Бұл не? - Бұл алма. – Алма қандай? - Алма тәтті. (Оң қолдың саусақтарымен жұмыс) –Бұл не? – Бұл картоп. –Картоп қандай? –Картоп қандай? - Картоп қоңыр. – Бұл не? - Бұл қарбыз. – Қарбыз қандай? - Қарбыз жасыл. 10. Жеміс-көкөністерді салыстыру. Сөйлем құрау. – Алманың дәмін көрейік. Пияздың дәмін көрейік. Алма тәтті, ал пияз ащы. – Қарбыз бен қауынның пішіні қандай? Қарбыз дөңгелек, ал қауын сопақ. (Оң қолдың саусақтарымен жұмыс) - Қызанақ пен өрістің түсі қандай? Қызанақ қызыл, ал өрік сары. 11. Саусақтарға арналған жаттығу. «Алақанды қыздыру». Қаламсапты алайық, Алақанға салайық. Домалата ойнайық, Шынығып біз алайық. 12. Сөйлеу тілінің ұсақ моторикамен бірге жүруі. Графо-моториканы дамыту. 13. Жаңылтпашты оқыту: Піскен алма топ-топ түсті, Топ-топ түсіп, көптеп түсті. Үйге тапсырма: жаңылтпашты жатта.