Просмотр содержимого документа
«Тілінде кемістігі бар балаларды о?ытуда ойынны? ма?ызы. »
Тілінде кемістігі бар балаларды оқытуда ойынның маңызы.
Тілінің шамалы жетілмеуі дыбыстаудағы бұзылушылықта, сөз байлығының жұтаңдығына және логикалық-грамматикалық конструкцияларды игеру қиындығында көрініс беруі мүмкін.
Аталмыш санаттағы балалар үшін : жады жетімсіздігі, гиперактивтілік, жады нашарлауы, ойлау қызметінің баяулығы, мінез-құлқын реттеудегі қиыншылықтар, жұмысқа қабілеттілік төмендігі ортақ болып табылады
Коррекциялық оқыту сыныптарында жұмыс жүйесі мектепке дейінгі даму жеткіліксіздігін толтыруға, алдыңғы оқытудағы жіберілген кемшіліктерін жоюға, эмоционалдық-жекетұлғалық негативтік ерекшеліктерін жеңе білуге, оқушылардың оқу қызметін қалыпқа келтіруге және жетілдіруге, олардың жұмыс істеу қабілетін көтеруге, танымдық қызметінің белсенділігін арттыруға бағытталған.[4;М-07]
Жаңа әдістемелер мен әдістемелік тәсілдермен танысу, сабақтағы жаңа жұмыс формаларын дайындау, қызықты дидактикалық материал қолдану және мұның барлығын практикада қолдану педагогқа оқу үрдісін қызығырақ және өнімдірек етуге мүмкіндік береді.
Мұғалімге әр сабақта жұмыс түрлерін түрлендіріп отыру және түрлі бағыттағы сергіту сәттерін өткізіп отыру, денсаулық сақтау технологияларын қолдану, ойын элементтерін және т.б. қолданып отыру қажет,міндетті түрде әр сабақта ойын түрінде екі рет әр түрлі сергіту сәттерөткізу қажет (хормен айту,кейбір гимнастика жаттығуларын жасау,музыкамен сүйемелдеу,ән \айту );көзге арналған гимнастика (берілген суреттерді көзбен салу мысалы: гүлдің суреті, 8 санының суреті, әдемі көбелектің суреті т.б.)
Коррекциялық сыныпта оқитын балаларға ерекше көңіл қойып, жеке индивидуалдық талаптарды ұстану қажет етеді. Олармен жұмыс қарқыны баяу, орындайтын тапсырма көлемі аздау болуы керек.
Мұндай балалар барлық жаңа нәрсені өте төмен қарқында, бірнеше мәрте қайталағаннан кейін ғана игереді. Қабылдағанды тез ұмытып қалады, ең бастысы - алған білімін практикада үнемі қолдана алмайды. Алайда сабақтағы тілді дамытуға бағытталған жүйелі, мақсатты жұмыс, шамалы болсын, бірақ нәтиже береді.
Бұл бағытта табысты жұмыс істеу үшін жаттығулар, ойындар, мәтіндік және суретті материалдар енетін толыққанды жүйе керек. Мұндай жүйелі жұмыс оқушылардыжалықтырмайды , балаларды белсендікке, шығармашылыққа баулиды.[6;№ 1,95г]
Жас ерекшеліктеріне байланысты, мұндай балалар үшін ең қызықты жұмыс түрі ойын болып табылады. Көптеген ұлағатты ұстаздар ойынның үлкен әлеуеттік мүмкіндігі бар екендігін біліктілікпен атап өткен. Ойынның көмегімен сөзді жақсы айта білу дағдылары қалыптасады, лексикалық және грамматикалық материалдың белсенділігі арттырылады, аудиолық, ауызекі тіл дағдылары дамиды. Ойын үстінде баланың шығармашылық, ойлау қабілеті дамиды. Ойында қандай шешім қабылдау, не айту керектігі, қалай ұтымды жұмыс істеу керектігі болжанады.Ойын қазақ тілін оқыту үрдісін қызықты және тартымды етуге көмектеседі. Оқушының өзін тең дәрежеде сезінуі, оны қызықтыра білу балаларға ұялшақтық, қысылушылық сияқтарды қасиеттерді жеңе білуге, тілдік кедергілерді жоюға, шаршағандығын басуға көмектеседі. Сабақ барысында кез кедген кезеңде ойын элементін енгізуге болады өйткені ойын элементтері сабақтың ұтымды болуына ықпал етеді .
Ойын тіл игерудің қуатты ынталандырушысы болып табылады. Атақты психолог Д.Б.Эльконин : «ойын адам үшін маңызды төрт функцияны атқарады,- деп бөліп көрсетеді. Бұл функцияларды ол мотивацияныдамыту құралы, таным құралы, ой әрекетін дамыту құралы және еркін мінезді дамыту құралы деп бөледі.
Ойын оқушылардың ойлау қабілетін ширақтырады. Ойын үстінде балалар қоғамдық функцияларды, мінез-құлық нормаларын меңгереді. Ойынның дамытушылық мәні оның табиғатында болады, себебі ойын дегенімізэмоцияға негізделіп құрылады, ал эмоция жүрген жерде белсенділік, зейін, қиял және ойлау бірге жүреді.Сонымен, ойын дегеніміз – бұл: а) іс-әрекет; ә) мотивация; б) жеке тұлғаға құрылған іс-әрекет; в) ұжымда оқыту және тәрбиелеу; г) психикалық функциялар мен қабілеттерді дамыту; д) «қызықтыру арқылы оқыту».[2;с.7]
Сабақтарда ойынды қолданудың алты негізгі мақсатын атап көрсетуге болады:
1. Белгілі бір дағдылардың қалыптасуы.
2.Сөйлеу дағдыларын дамыту, мысалы «Біздіңүй», «Пәтер»ойындары, «Сыныптастарымызға жаңа үйдегі немесе пәтердегі жиһазды орналастыруға көмектесейік» тақырыбында сөйлемдер және әңгіме құрастыру.
3.Мысалы : «Амандасу және қоштасу»; «Ең сыпайы сұхбаттасушы» байқауларын өткізу арқылы қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыру
4. Қажетті қабілеттер мен психикалық функцияларды дамыту, мысалы «Сензейіндісің бе?» ойыны. Асанға қант, нан, сүт сатып алып келуін тапсырды. Ол май, нан, сүт сатып алды;«Қар түйірі» ойыны: мен мектепке жиналып жатырмын және портфеліме кітап, дәптер, қарындаш, ... саламын. Балалар «қар түйірін» тіпті де үлкейтіп, өсіре беруге тырысады.
5. Елтану және тіл саласындағы таным. Бұл мақсатта викториналар, сайыстар, сөзжұмбақтар қолданылады.
6. Сөйлеу материалын есте сақтау: а) «Әрі оқу, әрі ойын», ә) жаңылтпаштармен жұмыс, б) берілген сөздерді мимикамен көрсету.
Коррекциялық сыныптарда оқитын балалардың оқыған материалды қайталауда қиындықтар болады. Бұл жағдайда мұғалім тарапынан оқушыны ынталандыра білу қажет етіледі: бағыт беретін сұрақтар қоюы керек, тірек схемалар, кестелер, картиналар қолданылуы керек. Өз сабақтарымда байқағыштықты, зейінді дамытуға бағытталған ойындар ойнатамын. Мысалы, «Сандар» ойыны, оқушылар шеңбер құрып тұрады да, 1-ден 50-ге дейін санай бастайды. 3 цифрі бар сандарды айтуға болмайды;«Әліпбиді сөйлет» ойыны, мұнда оқушылар топтарға бөлінеді, әр топқа әріптер жазылған парақтар таратылады, бұл әріптер белгілі бір сөз құрайды. Топ мүшелері әріптерімен сөз құрайтын етіп, сап түзуі керек; «Сөзді тап» ойыны, мұнда ішіне сөз жасырылған әріптер тізбегі көрсетіледі. Оқушылар мұндай жасырынған сөзді тауып, астын сызуы керек,мысалы:ҚҰҰҒАСАҒАТМРҒІӘНПРОҮКВУЛОДТІЛДОЖЗСЫНЫПРОҚУШЫМБұл ойынды топпен ойнатуға болады.
Ойланбай, шапшаң жауап беруге бейім балалар үшін арнайы дидактикалық ойындар ойнату пайдалы. Мысалы, «Кім? Не?» ойыныжанды және жансыз заттарды анықтай білуге, сонымен қатар өз жауабын толық сезінгенше дейін реакциясын тежей білу машығын қалыптастыруға көмектеседі.
Ойын баланың білімін жетілдіріп қана қоймай , сонымен бірге жаңа білім алуғамүмкіндік береді, себебі баланың ұтуға деген ұмтылысы өтілген материалды еске түсіруге және жаңа материалды есте сақтауға ықпал етеді. Ойынның тағы бір оң жағы – оның балаларға қолжетімділігінде. Ойын балалардың бір-бірімен араласуының белсенділігін арттырады, сөйлеу әріптестігінде теңдік жағдайын қалыптастырады, мұғалім мен оқушы арасындағы дәстүрлі кедергілерді жояды. Сонымен қатар мұғалімніңоқушыларды ойынға тарта білуі, қызықтыра білуі де маңызды. Бұған қол жеткізу үшін мұғалімнің де қызығушылығы болғаны абзал.
Ойындық оқытудың басқа педагогикалық технологиялардан айырмашылығы келесі:
1) ойын жалпы танымал,ұнамды оқу түрі болып саналады;
2) қатысушыларды ойындық іс-әрекетке тартатын, олардың бойына жоғары эмоционалдық және физикалық шиеленісті оята отыра белсенділігін арттыратын тиімді құралдардың бірі. Ойын үстінде қиындықтар, кедергілер, психологиялық бөгеттерді жеңіл жеңіп шығуға болады;
3) танымдық қызмет бойынша ойын оған қатысушылардан тұрақтылықты, белсенділікті, шығармашылықпен жұмыс істеуді, қиялды, мақсатқа жетуге тырысушылықты талап етеді, және де осы қасиеттерді оятады;
4) білім, білік дағды қасиеттерін беру мәселесін шешуге мүмкіндік береді; балаларға тәрбиелік әсер етуге мүмкіндік береді; қызықтыруға, сендіруге, ал кейбір жағдайда емдеуге демүмкіндік береді;
5) көпфункционалды болып келеді, оның оқушыға жасайтын әсерін белгілі бір аспектімен ғана шектеп қоюға ғана болмайды, оның барлық мүмкін болатын әсері бір мезгілде актуальданады;
6) ойын формасы басым жағдайда ұжымдық, топтық іс-әрекет формасы болып табылады, оның негізінде жарысушылық аспект жатады. Бұл жерде бәсекелес ретінде басқа оқушы ғана емес, сонымен бірге туындаған жағдай да (өзін-өзі, өз нәтижесін жеңе білуі және т.б.) болуы мүмкін;
7) түп нәтиженің маңыздылығы. Ойын барысында оған қатысушыны қандай да болмасын сый – материалдық болмасын, моральдік болмасын (марапаттау,мадақтау, нәтижесін хабарлау), психологиялық болмасын (өзін-өзі көрсете білуі, өз бағасын бекітуі) және т.б. сый қанағаттандырады. Топтық жұмыс жағдайында нәтиже топтың, команданың жеке табысын көрсете отыра ортақ табыс арқылы қабылданады;
8) ал оқытуда бұл нақты қойылатын мақсаттың болуы мен оған сәйкес нәтиженің болуымен ерекшеленеді.[7;М-81]
Күнделікті сабақ барысында танымдық ойындар жүргізгенде оқушылар сөйлеуге үйренеді, оның логикалық ойлауы, креативтік пайымдауы, сауатты жазуы қалыптасады, сөздік қоры молаяды. Ойындар әр түрлі, соның ішінде грамматикалық, лексикалық,жағдаяттық, фонетикалық және көрініс түрінде болуы мүмкін.Мысалы, «Фонетика» тақырыбы бойынша қазақ тіліне тән дыбыстарды білуі бойынша «Кім тез» ойынын ойнатамын. Бұл ойында белгілі бір дыбысқа арналған сөзді көп айтқан оқушы ұтады;«Бұл қай сөз?» ойынында белгілі бір әріптер мен дыбыстар саны беріледі. Кім сөзді тезірек тапса (мысалы бес әріп, бес дыбыс), сол жеңеді. Сонымен қатар түрлі ребустар,жасырылған сөздерді, криптограммаларды шешу ойындарын қолданамын. «Сиқырлы сөздер» ойыны өте қызықты өтеді. Мысалы «Қ» дыбысына басталып, сол дыбысқа аяқталатын сөздерді неғұрлым көбірек атау керек – қырық, қорық, құдық, қасық, қалпақ, қонақ, қызық, қаймақ, құлақ т.б.; келесі ойын – оңнан солға және керісінше бірдей оқылатын сөздерді көбірек атау керек – ара, көк, нан, аға, іні, ала, ана, шеш т.б.; кері оқығанда басқа атау беретін сөздерді табу ойынымысалы, таза-азат, кесе-есек, сан-нас, мысық-қысым, сүт-түс, апта-атпа т.б.; «Тізбектен шықпа» ойыны – айтылатын келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы буынынан басталады, мысалы, кітап-тапсырма-маса-сабақ-бақша-шапан-пана-нан; белгілі бір буыннанбасталатын сөздерді неғұрлым көп атау,мысалы, «қар» буынға басталатын сөздер – қар, қарға, қарбыз, қармақ, қарлығаш, қарсақ т.б.;берілген бір сөзденбасқа сөздер құрау,мысалы «Салқындатқыш» - қышқыл, ата, салқын, алтын, ақыл, ақын т.б.; «Қане, жинайық» - шашылған дыбыстарды, буындарды сөз етіп жинау; «Артық сөз», мысалы – алма, анар, қарбыз, пияз, алмұрт, артық сөз – пияз, т.б. ойластырылмаған үзілістерді толтырып, балалардың зейінін аударуға «Кім тез санайды», «Күн, түн» ойындары жақсы көмектеседі.
Бастауыш буындағы оқушылармен сабақтарда ойындық технологияны қолдану оқу мотивациясын, мектеп пен пәнге қызығушылығын арттырады, балалардың бойына өзінің қадір-қасиетін сақтауға тәрбиелейді, ал ең бастысы балалардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынасына қуаныш, шуақ, шығармашылық көңіл-күй әкеледі.