Ма?саты: ?лтты? д?ст?ріміз бойынша ?тетін Наурыз мерекесіні? ерекшелігін,таби?ат пен адамны? байланысын, салт-д?ст?рін, ?з ?лтына деген с?йіспеншіліктерін арттыру.?аза?ты? ?дет- ??рпын, тіліміз бен дінімізді ??рметтеуге, имандылы??а т?рбиелеу.
Ж?ректен т?гіп жа?а жыр-дей отырып б?гінгі «?лыс о? болсын атты» атты наурыз тойымыз?а ?ош келді?іздер!
ІІ. Кіріспе с?з
Наурыз-жа?а к?н деген с?з, я?ни б?л к?ні-бізді? ата-бабаларымыз, ар?ы тегіміз мы?да?ан жылдардан бері мерекелеп келе жат?ан жыл басы.
?лысты? ?лы к?ні ел елжірей ?уанып, есік ашып, дастархан жайып, бірін-бірі ??ша?тап,??тты?тайды.Б?л к?ні еш?андай реніш болмауы керек.?рбір адам иманж?зділік к?рсетіп, ?уанышын білдіріп, к?лімдей с?йініп бар жа?сылы?ын жайып, жадыра ж?руге тырысу керек.
?лысты? ?лы к?ні жа?а к?н бол?анды?тан, к?п жа?алы?,к?п ?уаныш, игілік осы к?ннен басталу?а тиіс.
Наурыз тойыны? ?зіне т?н ?лкен ырым асы-Наурыз к?же.Наурыз к?же жеті т?рлі д?мді асты? ??рамынан жасалады.Оны? м?ні жа?а жылда тойымшылы?, молшылы?, м?нді де д?мді, татымды ?мір болсын деген ырымды, тілекті паш ету.Наурыз тойында?ы та?амдарда, к?бінесе а? жа?ы басым болады.?йткені б?л кезде т?рт т?лік мал т?лдеп, а? молай?ан кез. Сонды?тан да тойшылар бір –біріне: «а? мол болсын», «сауар к?бейсін» деп тілек айтады.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "?лыс о? болсын!" »
Тақырыбы: «Ұлыс оң болсын!»
Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін,табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Қазақтың әдет- ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық тағамдары,ұлттық киімдері,шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, кітаптар.
І. Жүргізуші
Уа жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар
Наурыз думан басталды
Бір сәт зейін салайық
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар, сан ғұрып
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып
Уа ағайын,ағайын
Жырламай қалай қалайын
Осынау күнді үмітпен
Зарыға күттің талайың
Шаттанып бүгін жаңа жыл
Халқына шашып жаңа нұр
Келеді Қыдыр атамыз
Жүректен төгіп жаңа жыр-дей отырып бүгінгі «Ұлыс оң болсын атты» атты наурыз тойымызға қош келдіңіздер!
ІІ. Кіріспе сөз
Наурыз-жаңа күн деген сөз, яғни бұл күні-біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы.
Ұлыстың Ұлы күні ел елжірей қуанып, есік ашып, дастархан жайып, бірін-бірі құшақтап,құттықтайды.Бүл күні ешқандай реніш болмауы керек.Әрбір адам иманжүзділік көрсетіп, қуанышын білдіріп, күлімдей сүйініп бар жақсылығын жайып, жадыра жүруге тырысу керек.
Ұлыстың Ұлы күні жаңа күн болғандықтан, көп жаңалық,көп қуаныш, игілік осы күннен басталуға тиіс.
Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы-Наурыз көже.Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады.Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету.Наурыз тойындағы тағамдарда, көбінесе ақ жағы басым болады.Өйткені бұл кезде төрт түлік мал төлдеп, ақ молайған кез. Сондықтан да тойшылар бір –біріне: «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деп тілек айтады.
1-оқушы Мұрадым
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Наурыз тойы-елдің тойы,
Көктем тойы-төлдің тойы
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
2-оқушы Фарида
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге салайық
Наурызбенен құттықтап
Алыс-жақын қауышты
Көктемдегі жарқын сәт
Көңілдерге ауысты
3-оқушы Арайлым
Анам менің қымбатты
Анам менің сымбатты
Бізге деген ісімен
Таң ағарып, күн батты
4-оқушы Жансая
Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші-келші ақ мамам
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме
Байлық,бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне
5-оқушы
Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы- жаңаша
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса
Наурыз тойы- салтанат
Наурыз тойы-мархабат
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап
6-оқушы Шұғыла
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
7-оқушы
Мұхамедали
Наурыз- бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін
Сыныптастарының концерттік бағдарламалары
6 кластың қыз балаларының орындауындағы би: «Адай»
5 класс оқушылырының орындауындағы Наурыз туралы тақпақтары