Іс-әрекет кезеңдері | Мұғалім-логопедтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | - Ертеде бір Дауысты дыбыс деген үлкен кісі болыпты. Сол кісі бізге келді деседі. Қане, балалар, сол кісіні шақыру үшін біз мына екі қорапты ашып көрейік. А, о, ұ, ы ә, ү, и, і -Енді балалар, бұл дыбыстардың айтылуына мән беріп, дауыстап айтайық. Сонда не байқадың? | Балалар дауыстап айтады. Дауысты дыбыс: Жуан Жіңішке |
1 Ұйымдастыру | Оқушылардың зейінін шоғырландыру, назарын сабаққа аудару. Оқушылардың тілдерін жаттықтыру мақсатында жаңылтпашты қайталап айту ұсынылады. Баланың бәрі бала, Ішінде бар қара бала. Ішінде бар сары бала, Сол баланың бәрі бала. | Оқушылар жаңылтпашты айтады, жаңылтпашта кездескен сөздерді талдай отырып, жуан және жіңішке дауыстыларды ажыратады. Жуан дауыстылар: а, о, ы. Жіңішке дауыстылар: ә, і |
2. Жаңа сабақ | «Алтын астық» өлеңі Көктемде егін егетін, Күзде жиып беретін, Біздің дала – бай дала, Алтын астық айнала. Ел егінді жинайды, Қырманға дән сыймайды. Өлең не туралы? Жуан дауысты дыбыстардың астын сызамыз. | Оқушылар оқиды, сұрақ-тапсырмаларға жауап береді, дәптерге орындайды, жуан дауысты дыбыстардың астын сызады. |
3. Суретпен жұмыс | Табиғатқа байланысты сурет көрсетіледі. Не бейнеленген? Сөйлем құрау. | Суретте көрсетілген табиғат құбылыстарына байланысты сөйлем құрайды. |
4. Артикуляциялық жаттығулар | « Тісті тазалау », « Сағат», « Ине», « Күрекше», «Жымию», «Алтыбақан» | Оқушылар айнамен жаттығуларды жасайды. |
5. Тыныс алу жаттығуы | «Мұрынмен тыныс алу» - толық демімізді алып, оң жақ мұрнымызды саусақпен жауып тұрамыз, сол жақ мұрынмен тыныс аламыз. | Тыныс алу жаттығуын жасайды. |
6. Сәйкестендіру тесті | Мына берілген сөздерге тиісті дауысты дыбыстарды сәйкестендір. Кіт...п Ой...ншық ...шіргіш т.б. | Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіріп, жуан дауысты дыбыстарды талдайды. |
7. Тіл ұстарту. | Жаңылтпашты жаңылмай айтайық. Тақпақ айт, тақпақ айтсаң түгел жаттап, сөзін нақтап, мәнін сақтап, баптап айт. Оюға ою өрнектеп, Үйрет өстіп қолды ептеп. | Оқушылар мәнерлеп айтады. |
8. Сергіту жаттығуы | Қанатымды жазамын, Жоғары-төмен қағамын. Биік көкте айналып, Жұлдыздай жылдам ағамын. | Оқушылар қолын екі жаққа жазып, өрге-төмен сілтейді. Ары-бері жүгіріп, ағып-ағып алады. Сергіту жаттығуын жасайды. |
9. Шығармашылық диктант. | Жақшаның ішіндегі сөздерді пайдаланып сөйлем құра. Білім, бұлақ, оқу. (Оқу – білім бұлағы.) Қазына, кітап, алтын. (Кітап – алтын қазына) | Жақшаның ішіндегі сөздерді пайдаланып сөйлем құрайды, дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен астарын сызады, жуан, жіңішке дауыстыларды ажыратады. |
10. Қорытынды | Балалардың іс- әрекетін бағалау. Оларды мақтау, мадақтау. | |