Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Л – Ль дыбысы автоматизациясы»
Сабақтың тақырыбы: Л – Ль дыбысы автоматизациясы
Сабақтың мақсаты:
Л-Ль – дыбыстарын дұрыс және анық айтуға дағдыландыру
Міндеттері: 1.Л – ль дыбысының дұрыс айтуға машықтандыру
2. Сөздік қорын молайту
3. Ұқыптылық пен ұғымдылыққа тәрбиелеу
Жабдықталуы: айна, суреттер,үлестірмелер ,АКТ
I.Сөздің бастапқы дыбыстарын белгілеу – лақ, лама – л.
Бірінші қандай дыбыс естіледі?
Л – Л дыбысы, дұрыс.
Лимон – ль
Бұл сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?
Жіңішке дыбыс Ль – ль
II.Л –дыбысын дыбыстағанда тілдің ұшы жоғарғы тістердің етіне тиеді, ортаңғы бөлігі сәл көтеріледі, тіл қатаяды. Бұл біз жіңішке Л дыбысын дыбыстағанда. Л – дыбысы тілдің ұшы жоғарғы тістерге тиеді.
Қане барлығымыз дыбыстайық Л – Л – Л
Жарайсыңдар!
Енді жіңішке Ль – Ль – Ль
III.Артикуляциялық гимнастика.
Айнаны алып жаттығуларды бастаймыз.
1.Ерінді жиып, езу тарту (сол қалпында ұстау).
2.Тілдің ұшын жоғары көтеріп, жоғарғы ерінді тазалау (сырт жағынан және іші жағынан).
3.Тілмен қозғалыс: жоғарғы ерінді жалау.
4. «Тоқылдақ» - ауыздың жоғарғы жағын тілдің ұшымен ұрғылау.
Жарайсыңдар! Аяқталды.
IV.Л – ль дыбысын буындарда дыбыстау.
Менен кейін:
Ла – ал ля – ял
Ло – ол лю – юл
Лу – ул ли – ил
Ло-ло-ло-лом
Ла-ла-ла-лама
Лу-лу-лу-лупа
Тілдің орналасуын бақылап, балалар дұрыстап дыбыстайды.
V.Логоритмика
Бір, екі, үш
Бір, екі, үш
Құс болып ұш
Қалықтап жерге түс.
/М.Қ.Ысқақова/.
VI. «Керісінше» ойыны
Балалар, мен қатаң л айтамын, ал сендер жіңішкелеп айтасыңдар
Ла – ля
Ло – ле
Лу – лю
Енді, керісінше
Ля – ла
Ле – ло
Лю – лу
Жарайсыңдар!
VII.Назарларын дамыту.
Сендердің үстелдеріңде суреттер жатыр ,сол суреттерден л дыбысымен дыбысталған сөздерді табасыңдар. Айналаға қарап, айтыңдаршы л дыбысымен қандай сөздер бар: гүл, қалам,альбом , айналар, мұғалім. Жарайсыңдар!
VIII.Логоритмика. Кішкене серігіп алайық:
Біз білімді баламыз
Өсіп алға басамыз
Ақылдымыз, күштіміз
Біз білімді боламыз.
IX.Әртүрлі доптың суретін салайықшы. Балалар тыныш сурет салады.
Барлығы салып болды, доптар әдемі, дөңгелек болып шықты./Баяу музыка аясында/ Жарайсыңдар! Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. Барлығың жақсы жұмыс жасадыңдар!